«Натюрморт» – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымдыды білдіреді. Оған тұрмыста күнде кездесіп жүретін заттарды, жемістерді, гүлдерді немесе балықтан, түз құстарынан дайындалған алуан түрлі тағамдарды бейнелейтін картиналар жатады.
Натюрморт алғаш рет ХҮІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Ол голландтардың испан басқыншыларымен ұзақ жылғы күресінің нәтижесінде жаңа ғана азаттық алған кез еді. Енді олар жер жүзінің көп теңіздерінде емін - еркін жүзуге мүмкіндік алды. Голландия Европадағы ең бай елдердің біріне айналды. Көп жылға созылған шайқастардан соң адамдар өзін қоршаған ортаны, табиғат сұлулығын бұрынғыдан гөрі зейін салып бақылай бастады. Олар өздерін қоршаған заттарға сүйсіне қарайтын болды. Бұл голланд өнерінің, әсіресе, натюрморттың ерекше көркейген кезі еді.
Елеусіз нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық таба білу голланд суретшілерінің төл мінезі болып алды. Олар өз полотналарында ыдыс - аяқтарды, маталарды, жеміс – жидектерді, шыны бокалдарды күн нұрымен жымыңдасқан қан күрең шарапты ерекше бір сүйіспеншілікпен бейнелейді.
Сөздік
Табиғат – природа
Ұғымды – понятие
Тұрмыста – в быту
Басқыншылар – завоеватели
Қоршаған орта – окружаещая среда
Бақылау – наблюдать
Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:
Натюрморт кімдердің сөзі?
Натюрморт қандай ұғымды білдіреді?
Натюрмортқа қандай картиналар жатады?
Натюрморт қай елде пайда болды?
Адамдар неден соң табиғат сұлулығын зейін салып бақылай бастады?
Голланд суретшілерінің төл мінезі болып не саналады?
Зат есім
Заттың, нәрсенің атын білдіретін атау сөздер зат есім деп аталады. Зат есімдер кім ? не ? деген сұрақтарға жауап береді.
Қазақ тілінде кім ? деген сұрақ тек қана адамдарға қойылады.
Құрамына қарай
|
Дара
|
сала
|
Күрделі
|
жеміс - жидектер
|
Тұлғасына қарай
|
Негізгі
|
жұмыс
|
Туынды
|
жұмысшы
|
Мағынасына қарай
|
Жалпы
|
сәулетші
|
Жалқы
|
Қанат
|
Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2. Берілген сұрақтарды пайдалана отырып, тақырып бойынша өзара әңгімелесіңіздер.
3. Мәтіннен зат есімдерді тауып, құрамына қарай ажыратыңыз.
4. Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз:
құстар, сүйсіне, азаттық, жаппай, дағдылы, тәсіл, басқыншы, табиғат,сүйіспеншілік.
5. Қазақ тіліне аударыңыз:
Натюрморт – изображение так называемой мёртвой природы. Наиболее точным определением для такого жанра как натюрморт, является - застывшая жизнь.Многообразие этого жанра проявляется в различных формах и интерпретациях в изображении предметных композиций. Темы для натюрмортов поражают любителей живописи своим многообразием.
И варьируются от традиционных натюрмортов с цветами, фруктами, дичью, предметами быта, посуды, до аллегорических, тематических и исторических натюрмортов несущих в себе особый философский смысл. Существует особый жанр натюрморта, так называемые натюрморты обманки, в которых предметы изображаются настолько реально, что создаётся иллюзия настоящей жизни. Натюрморт на протяжении многих веков является неотьемлимой частью интерьера.
6. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауын қойыңыз:
Натюрморт жанры бізді қоршаған орта ... кездесетін заттар ... , гүлдер ... , жемістер ... бейнелейді. Пейзаж, натюрморт, сәндік эскиз, интерьер жасағанда да әр бөлікті ой елегі... сан қайтара өткізіп, жөндеп, түзетумен ғана табыс... қол жеткізуге болады. Салып отырған заты... өзіне қарап, салыстырып, ұқсамаған жерлер... түзетіп, қайта жөндеу... суретші өзінің шығарма... аяқтайды.
7. Жұмбақтардың шешуін тап.
а) Сарғайып отсыз піседі,
Үзіліп жерге түседі. (ө... )
б) Ортасында қазығы
Бұтағында азығы. (а... )
в)Үстіне тігіп көк шатыр
Астында үлкен дәу жатыр. (қ..... )
8. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.
10-тәжірибелік сабақ
Ғажайып құбылысқа қарап тұрып және ол туралы тыңдап жүріп адам дами түседі... Сұлу бейнелерден біз сұлу, яғни жақсы ойларға берілеміз. Ал сұлу өмірден — абсолюттік сұлулыққа көшеміз.
Платон
Интерьер
Сәулетші өзі салатын үйдің тек сыртқы ажарына ғана емес, ішкі көркіне де көп көңіл бөледі. Үйдің ішін безендіру өнерін «интерьер» деп атайды. Ол француздың «ішкі» деген сөзінен шыққан.
Бұл сөздің басқа да мағынасы бар. Бөлменің ішіндегі бүкіл жиһазымен тұтас көрінісін де интерьер дейді.
Интерьер де өз алдына бір жанр. Онымен тек ХҮІІ ғасырдағы голланд суретшісі ғана емес, басқа елдердің, басқа дәуірлердің шеберлері де әуестенген. Пейзаж, натюрморт, сәндік эскиз, интерьер жасағанда да әр бөлікті ой елегінен сан қайтара өткізіп, жөндеп, түзетумен ғана табысқа қол жеткізуге болады. Салып отырған затының өзіне қарап, салыстырып, ұқсамаған жерлерін түзетіп, қайта жөндеумен суретші өзінің шығармасын аяқтайды.
Сөздік
Сәулетші – архитектор
Ажары – облик
Безендіру – оформлять, украшать
Ішкі көркі – внутренний вид
Жиһаз – мебель
Тұтас көрініс – сплошной вид
Әуестенген – увлекались
Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:
Интерьер дегеніміз не?
Ол қай елдің сөзінен шыққан?
Интерьер сөзінің қандай мағынасы бар?
Онымен кімдер әуестенген?
Интерьермен ХҮІІ ғасырда кімдер әуестенген?
Назар аударыңыз!
Сын есім
Заттың сынын, сапасын, сипатын, түрін, көлемін, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдер қандай ?, қай ? деген сұрақтарға жауап береді.
Құрамына қарай
|
Дара
|
құрғақ
|
Күрделі
|
ұлғаймалы ұдайы
|
Тұлғасына қарай
|
Негізгі
|
кең
|
Туынды
|
жасанды
|
Мағынасына қарай
|
Сапалық
|
биік
|
Қатыстық
|
сапалы
|
Тапсырмалар
1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2. Берілген сұрақтарды пайдалана отырып, тақырып бойынша өзара әңгімелесіңіздер.
3. Сөздіктің көмегімен мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
4. Берілген сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріңіз:
Биік, ақ, табиғи, жасанды, ұлғаймалы, материалдық, жақсы, белсенді, күшті, құрғақ, ұнтақ тәрізді, қамыр тәрізді.
5. Берілген зат есімдерден сын есімдер жасаңыз:
Бейне, шығарма, өнер, көңіл, материал, қолдан, технология, табиғат, кешен, ақыл.
6. Оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз:
– Суретші не істейді?
– Суретші бейнелейді,орналастырады, суретке жан бітіреді, өз ойын ақ қағазға түсіреді.
– Суретші қандай жанрда сурет салады?
– Суретші тарихи, батальдық, тұрмыстық, анимастикалық, портреттік жанрда сурет салады.
– Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?
– Бейнелеу өнерінің түрлері – мүсін өнері, ,кескіндеме өнері, графика өнері, дизайн өнері, сәулет өнері.
7. Берілген сын есімдерден асырмалы сын есімдер мен салыстырмалы сын есімдер жасаңыз:
Жалпақ, биік, жарық, ақ, қараңғы, жуас, табиғи, жасанды, түзу, қисық, белсенді, күшті, құрғақ, ақылды.
8. Берілген сапалық, қатыстық сын есімдерді екі бағанға бөліп жазыңыз.
Көркемдік, қызықты, қара, домалақ, қысқа, тұрмыстық, анимастикалық, жомарт, қымбат,терең, қоғамдық,мәдениетті, талантты, қатты, жұқа, көңілді, тұзды, мақтаншақ, бақытты, белгілі, беделді.
9. Қазақ тіліне аударыңыз:
В наше время у многих людей появилась возможность строить дома и приобретать новые квартиры. Самим или с помощью дизайнеров и художников создавать индивидуальные интерьеры. Неотьемлимой частью современного интерьера являются росписи стен и потолков, декоративных панелей. Особый шарм, неповторимость и изысканность придаёт интерьеру расписная мебель. Возвращение к традициям украшения интерьеров расписной мебелью, открывает возможность выполнения самых, необыкновенных идей. Расписная мебель является ярким акцентом в интерьере, придавая дому изысканность и теплоту. Натюрморт на протяжении многих веков является неотьемлимой частью интерьера.
10. Көп нүктенің орнына салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын қойыңыз:
Сурет салу кезеңінде жіберілген қателіктерді түзеу үшін, гуашпен жұмыс істеу ыңғайлы ... болып келеді. Гуашпен ашық түсті бояуды қара ... бояумен жабуға болады.Гуашпен салынған кепкен сурет, жаңа ғана салынған суреттен ашық ... болады. Сондықтан,бояу түрін таңдап алу қиын ...қа соғады. Егер бояу тым қалың ... жағылса, суретте кішкентай ... жарықшақтар пайда болады.
11. Оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз, сын есімдерді белгілеңіз:
Жұмыс сапасына түстерді сауатты түрде қолдана білгенде ғана әдемі суретке қол жекткізе аламыз. Ол үшін түстік спектр шеңберіне тоқталып қасиеттерін білуіміз керек. Олар: негізгі , қосынды, ахроматикалық, хроматикалық, салқын, жылы, қосымша, контраст (қарама-қарсы) болып бөлінеді.
Негізгі түстерге - қызыл, сары, көк түстер жатады. Бұл түстер бояу қосындыларынан алынбайды. Қосынды түстер деп негізгі түстерді бір-біріне қосу арқылы алынатын түстерді айтамыз. Мысалы: сары мен көк түстерден жасыл, қызыл мен сары түстерден қызғылт сары түсті, көк пен қызыл түстерден сия көк түсті алуға болады.
Ахроматикалық түстерге түссіз түстер: ақ ,сұр, қара түстерінің реңдері жатады Хроматикалық түстерге - түрлі түстердің бәрі жатады. Контраст түстер яғни қарама-қарсы түстер. Мысалы: қара-ақ; қара-сары; қара-қызыл; көк-ақ; көк-сары т.б.
Салқын түстер деп мұз, қар, су, аспан түстерін яғни көгілдір, көк, күлгін , көкшіл жасыл түстерін айтамыз. Жылы түстер деп күннің, оттың, қызған темірдің түстерін яғни сары, қызғылт - сары, сарғыш - жасыл, қоңыр түстерін жатқызамыз.
11-тәжірибелік сабақ
Көркем өнердің міндеті табиғатқа еліктеу емес, оның сырын ашу.
Көркем өнер біздің ішкі дүниеміз бен жан-жүйемізге әсер етіп,
адамдық қалпымызды тәрбиелейді.
М.Әуезов
Пейзаж.
Пейзаж – француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж өнері әр алуан.Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез – құлқын айнытпай беруге тырысады. ХVII ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. Мұндай жанрды голланд суретшілері ойлап тапты. Голландия - Солтүстік теңізінің жағасындағы мұхит деңгейінен төмен жазыққа орналасқан ел . Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен бейнеленетін көріністің шегін анықтап алу керек. Әдетте көкжиек төмен деңгейде болғанда суреттің төменгі шегін мүмкіндігінше жоғарырақ жылжытуға ұмтылады. Көкжиек жоғары болған кезде төменгі шекті мүмкіндігінше төменірек алуға тілек пайда болады.
Кез – келген пейзаждың басты элементтері жер, аспан, су, ағаштар болып табылады. Пейзажды жақсы сала білу үшін ең алдымен, осы элементтерді, әсіресе, ағаштарды сала білуге үйрену керек. Әйтпесе, пейзаждың суреті өңсіз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады, барлық ағаштар бірдей болып шығады, жер мен судың көлбеулігі сезілмейтін болады, таулар мен бұлттар өзіне тән формаларын жоғалтады.
Пейзажда көз ұшына кетіп жатқан кеңістік сезілуге тиіс, ал әрбір ағаш өзіне тән белгілерімен көрінуі керек. Бейне бір ағаштың жеке дара портретін – діңгегін, бұтақтарын, ағаштардың ұшар басының, жапырақтардың және жапырақ топтарының сипатын беру керек. Қазақстан суретшілері Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, С.Мәмбеев, О.Таңсықбаев, Ұ.Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А.Черкасский «Көктем», Ә.Қастеев «Шәлкөде жайлауы» Ү.Әжиев «Асы жайлауы», Ә. Ысмайылов «Хан тәңірі». Ж.Шарденов «Қыс», т.б. шығармалар Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етеді.
Сөздік
Табиғаттың мінез –құлқын – характер природы
Теңiз – море
Өзен – река
Суретшi – художник
Қиял – фантазия
Отанның портретi – портрет родины
Өрiс – поле
Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:
Пейзаж нені бейнелейді?
Қай ғасырда бірыңғай пейзажды ойлап тапты?
Пейзажды кімдер ойлап тапты?
Голландия қай жерде орналасқан?
Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен нені анықтап алу керек?
Табиғаттың мінез-құлқын не көрсетеді?
Пейзаждың суретін салған кезде нені анықтап алу керек?
Пейзаж жанрында шығармаларын ұсынған суретшілерді ата.
Назар аударыңыз!
Етістік
Заттың қимылын, ісін білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Етістік не істеді ?, қайтты ? деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: ойнады, бейнеледі, сурет салды, орындады.
Түрлері
|
Мысалдар
|
Құрамына қарай
|
Дара
|
жаз
|
Күрделі
|
жазып отыр
|
Тұлғасына қарай
|
Негізгі
|
ал
|
Туынды
|
ойла
|
Объектіге қатынасына қарай
|
Сабақты
|
аш
|
Салт
|
келді
|
Іс-әрекеттің орындалуына қарай
|
Болымды
|
бар
|
Болымсыз
|
барма
|
Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
3. Мәтіннен етістіктерді тауып, құрамына қарай талдаңыз.
4. Берілген етістіктерден боымсыз етістік жасаңыздар:
жаса, бол, атқар, қондыр, қамтамасыз ет, қолдан, қал, дайында.
5. «Қамтамасыз ету» етістігін жіктеңіз.
6. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз:
Пейзаж является одним из самых распространенных жанров живописи. Пейзаж – это изображение природы, городов, архитектурных комплексов, моря . Пейзаж – это жанр изобразительного искуства, представляющей окружающую природу, виды городов, сел. Пейзаж Саврасова «Грачи прилетели»- выдающееся произведение второй половины XIX века- изображает раннюю весну. В одних пейзажах изображают реально существующие места, в других- воображаемые виды местности, рожденные фантазией художника. Искусство пейзажа очень разнообразно. Если одни художники изображают на холстах существующие виды, то другие подключают к этому свою фантазию. Художники через любое своё произведение передают характер природы.
7. Мына тақпақ бойынша салынған сурет қай жанрға жатады?
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
(А.Құнанбаев)
8. Сөйлемдердегі етістіктерді күрделі етістік формасына қойыңыз.
Теңіз бейнелеудің асқан шебері И.Айвазовский өзінің «Одессадағы айлы түн» атты шығармасында портты қаланың түнгі тыныс – тіршілігін аса нанымды түрде көрсетеді. Ай сәулесімен шағылысқан аспан мен су бетін бейнелеген қызғылт сары бояу түсі адамға айрықша әсер етеді. Түн самалымен тербелген су толқындары жалт – жұлт етіп жатыр. Су бетінде жүзген кеме, қайықтар көрінісі мұндағы тынымсыз тіршілікті паш етіп тұрғандай. Пейзаж өнері өте әр алуан. Кейбір пейзаждар өмірде бар нақты өлкелердің көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың қай - қайсысын да суретшілер табиғаттың мінез - құлқын айнытпай беруге тырысады.
9. Сөйлемдердегі етістіктерді теріп алып, болымсыз етістік формасына қойыңыз.
Халқымыз табиғатты аялап,одан қамқорлығын еш уақытта аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша,тал қалсын» деген оның айғағы.Адам өзіне қажетті тамақ өнімдерін табиғаттан алады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді – сәндік және қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді мүсін архитектура кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.
Өлеңді қазақшаға аудар, шешуін тап.
Если видишь: на картине
Нарисована река,
Или снег и белый иней,
Или сад и облака,
Или снежная равнина,
Или поле и шалаш,
Объзательно картина
Называется ... .
11. Эпиграфта берілген М.Әуезовтың сөздерін түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |