Үй тапсырмасын тексеру Аустралия климатына қандай факторлар әсер етеді?



Дата17.02.2017
өлшемі21,94 Kb.
#9771
  • 900igr.net
  • Үй тапсырмасын тексеру
  • Аустралия климатына қандай факторлар әсер етеді?
  • Африканың оңтүстік бөлігінің климатын Африкамен салыстырып, қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар екенін анықтаңдар.
  • Неге Аустралия жерінде өзен торы сирек?
  • Крик дегеніміз не, олар материктің қай бөлігінде таралған?
  • Үй тапсырмасын қорытындылау
  • Материкте беткі сулар тапшы болғанымен, жер асты суларының қоры мол. Аустралияда 33 артезиан алабы бар екендігі анықталған. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан.
  • Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.
  • Сергіту.
  • Оралған қағаздағы тәттіні үрлеп ашып, бір-біріне жақсы тілек айтады.
  • Жаңа сабақ жоспары:
  • 1. Табиғат зоналарының орналасуы. 
  • 2. Өсімдігінің ерекшелігі. 
  • 3. Жануарлар дүниесінің ерекшеліктері,
  • оның өзгеше болуының себептері.
  • 4. Аустралия материгінен қызықты
  • жайттарды тамашалау.
  • Аустралия материгінде басқа ешбір материкте кездеспейтін
  • эндемик өсімдіктер – эвкалипт, казуарина, жануарлар – кенгуру, үйректұмсық, эхидна тіршілік етеді.
  • Материктегі өсімдіктердің - 75%-ы,
  • жануарлардың - 90%-ы тек қана Аустралия материгіне тән. Сонымен қатар Гондваналық материктердің арасында байланыс болғанын дәлелдейтін кейбір ортақ түрлер – бөтелке ағашы, саяхатшылар ағашы, араукария, ағаш тәрізді папортник, акацияның кейбір түрлері бар.

  • Эндемикті
  • 450 түрі
  • Өсімдіктің
  • 12000 түрі
  • Эндемикті
  • 9000 түрі – 75 %
  • Қалталылардың
  • 162 түрі
  • Эндемикті
  • 90 %
  • Құстың
  • 670 түрі
  • Материктің басым көпшілігін тропиктік шөл және шөлейт зонасы
  • алып жатыр.
  • Бұл зонаның барлық бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 200-250
  • мм-ден кем емес, бірақ ұдайы ыстық болғандықтан булану мөлшері
  • жоғары болады. Африкадағы тәрізді мұнда да шөлдердің бірнеше түрі
  • кездеседі. Кристалды жыныстардан құралған қалдық тауларды
  • тасты шөлдер, ойпаттар мен көлдердің айналасын сазды шөлдер,
  • қалған бөлікті құмды шөлдер алып жатыр. Астық тұқымдастардан-
  • флиндерс, митчелл шөптері, ксерофиттер өседі.
  • Солтүстік шығысында бөтелке ағашы өседі. 1841 ж саяхатшы Джон Эйр
  • оңтүстік жағалаудағы шөлді Налларбор деп аталады. Латын тілінен
  • аударғанда «ағашсыз» дегенді білдіреді. «Көгілдір бұталар» -
  • құрғақшылыққа төзімді, ылғалды бойына жинайтын – суккулентті
  • өсімдіктер. Материктің ОБ-да діңі ауыр, термиттердің әрекетіне
  • төзімді – маргината эвкалиптерінен тұратын қатты жапырақты ормандар – «Аустралияның өлі жүрегі» деп аталады. Эйр көлінің
  • айналасында 100 мм- дейін төмендейді, бірнеше жыл бойы мүлде
  • жаумайды.
  • Мұнда «вилли-вилли» деп аталатын шаңды дауылдар мен құйындар
  • жиі болып тұрады.
  • Солтүстікке және шығысқа қарай ылғал мөлшерінің артуына
  • байланысты саванналар мен сирек ормандар таралған.
  • Солтүстіктегі субэкваторлық климаттық белдеудің ылғал көп түсетін
  • бөліктерінде қызыл-қоңыр топырақты ылғалды саваннасы
  • таралған. Мұнда эвкалипт ағаштары басым өседі, оңтүстікке қарай
  • олардың орнын акациялар алмастырады.
  • Үлкен Суайрық жотасына қарай шөптесін өсімдіктер басым.
  • Ормандар материктің шығысындағы Үлкен Суайрық жотасының
  • шығыс беткейін алып жатыр. Бірнеше климаттық белдеуді кесіп
  • өтуіне байланысты ормандар солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасып
  • отырады. Күлгіндеген қызыл топырақтағы ылғалды тропиктік
  • ормандар 20º о.е. дейінгі бөлікте таралған.
  • Оңтүстікке қарай қызғылт-сары ферралитті топырақтағы ылғалды
  • субторпиктік ормандарға ауысады.
  • Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін ылғалды тропиктік
  • ормандар мен ылғалды субторпиктік ормандар алып жатыр.
  • Үйректұмсық –үлкен жалпақ тұмсығы бар жұмыртқа салатын
  • сүтқоректі. Тамағын судан аулайды. Аяқтары бес саусақпен
  • аяқталған, қалық қоңыр-сұр жүні бар. Ұзындығы 2,5 см-ге жететін
  • соқыр әрі жалаңаш ұрпағын дүниеге әкеледі. Құрттармен,
  • шаяндармен, жұмыртқамен қоректенеді. Түнде өмір сүретін жануарлар.
  • Кенгуру –шөпқоректі, қалталы жануар. Гигант кенгуруінің- биіктігі -2м,
  • салмағы – 90 кг, жылдамдығы- 20 -80 км/сағат.
  • Ергежейлі кенгурудің – биіктігі 30 см , салмағы- 20 кг. Аналығы бір ғана ұрпақ
  • дүниеге әкеледі. Салмағы – 1г, ұзындығы – 2 см , 6 ай бойы анасының
  • қалтасында өмір сүреді. Кенгуру 16 жылға дейін өмір сүреді.
  • Бөтелке ағашы – кәдімгі бөтелкеге ұқсас, діңіне көп мөлшерде ылғал жинап алады
  • да құрғақшылық кезінде де өлмей тіршілігін жалғастыра береді. Биіктігі 15 м,
  • қалың өскен жапырақтары жіңішке болып келеді.
  • Австралияда эвкалиптердің 500 түрі өзеннің құрғақ аңғарларында
  • өседі. Биіктігі 100 м, ал тамыры 30 м тереңдікке дейін жетеді,
  • сондықтан оларды «тірі насос» деп атайды.
  • Эму – Австралия елтаңбасындағы екінші құс.
  • Эмудың биіктігі – адамның бойының биіктігімен бірдей,
  • аттармен бірдей жүгіреді. Тепкендегі тепкісі аттардың
  • тепкісімен бірдей.

  • Ехидна –10 цент тиынында
      • Үйректұмсық – 20 цент тиынында
  • Қызықты жайттары

Страус эму және кенгуру – мемлекеттік елтаңбасында бейнеленген

  • Страус эму және кенгуру – мемлекеттік елтаңбасында бейнеленген
  • Қызықты жайттары

Дүние жүзіндегі ең биік және тез өсетін ағаш – эвкалипт

  • Дүние жүзіндегі ең биік және тез өсетін ағаш – эвкалипт
  • Қызықты жайттары

Қара аққу

  • Қара аққу
  • Қызықты жайттары
  • Ең улы жылан – тайпан
  • Қызықты жайттары
  • Дене температурасының ең төмені +220 – ехиднада
  • Қызыықты жайттары
  • Лироқұйрық . Құйрығының ұзындығы 70 см және ол ертедегі музыкалық аспап – лираға ұқсайды.
  • Қызықты жайттар
  • Ең үлкен попугай, қауырсындарының түстері әртүрлі, өмір бойы бірге жұп құрып өмір сүреді. 100 жасқа дейін өмір сүреді. Адамның сөйлеген сөздерін қайталайды.

Коала

  • Коала
  • Ағаштың бастарында өмір сүреді.
  • Эвкалипт ағашының жапырақтары мен жас бұтақтарымен қоректенеді.
  • Түнде тіршілік етеді.
  • Қызықты жайттар
  • Жай, баяу қозғалады.
  • Жалқау.
  • Терісі бағалы.
  • Сөздікпен жұмыс:
  • Эндемик өсімдіктер Аустралия материгінен басқа ешбір табиғат
  • зонасында кездеспейтін өсімдіктерден– эвкалипт, казуарина,
  • жануарлардан – кенгуру, үйректұмсық, эхидна тіршілік етеді. Материктегі өсімдіктердің - 75%-ы, жануарлардың - 90%-ы тек қана
  • Аустралия материгіне тән.
  • Ксерофиттер – суы аз, ауасы құрғақ жерлерде астық тұқымдастардан
  • – флиндерс, митчелл шөптері өседі.
  • Скрэб дегеніміз – тікенекті акация мен аласа эвкалипттен құралған ну
  • бұта.
  • Налларбор – латын тілінен аударғанда «ағашсыз» дегенді білдіреді.
  • Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында бейнеленген – эму
  • түйеқұсы мен кенгуру.
  • Аустралияның күміс ақшасында – ехидна, үйректұмсық, лирақұйрық
  • бейнеленген.
  • 1841 ж - саяхатшы Джон Эйр оңтүстік жағалаудағы шөлді Налларбор деп аталады.
  • Шаңды дауылдар мен құйындар «вилли-вилли» деп аталады.
  • Эвкалипт ағашының жапырағында тез тұтанатын эфир майы көп болады.
  •  

  • 1.Аустралия материгіне қандай табиғат зоналары тән?
  • 2.Аустралия материгіне ғана тән қандай өсімдіктерді және жануарларды
  • білесіңдер?
  • 3. Аустралияның мемлекеттік елтаңбасында қандай құстар бейнеленген?
  • 4. Скрэб дегеніміз не? Ол қай табиғат зонасына тән болады?
  • 5.Материк табиғатына кері әсерін тигізетін қандай жағдайларды білесіңдер?
  • Бекіту:
  • Табиғат зонасының аты
  • Жауын-шашын мөлшері
  • мм
  • Топырақ жамылғысы
  • Өсімдіктер дүниесі
  • Жануарлар
  • дүниесі
  • Саванналар мен сирек ормандар
  • Ауыспалы ылғалды ормандар
  • Шөл және шөлейт
  • Жалпақ жапырақты ормандар
  • Кестені толтыр
  • Қорытынды:
  • Қазіргі кезде материк табиғатын мүмкіндігінше сақтау
  • барысында көптеген жұмыстар жүргізілуде.
  • Аустралия Одағының мемлекеттік ел таңбасында эму
  • түйеқұсы мен кенгуру бейнелеген, ал ехидна, үйректұмсық,
  • лирақұйрық күміс ақшаларында таңбаланған. Аустралиядағы қорғауға алынған кешендердің саны мыңнан
  • асады. Материктегі Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду
  • тәрізді ұлттық парктер дүние жүзіне әйгілі.
  • Өз бетімен жұмыс:
  • 1.Кескін картаға Аустралия материгінің
  • табиғат зоналарын түсіру.
  • 2.Карта б/ша, Африканың табиғат зонасын
  • Аустралияның табиғат зонасымен салыстыр.
  • 3.Материк табиғатына кері әсерін тигізетін қандай
  • жағдайларды білесің?
  • Қосымшадағы №6-кестемен «Жер шарындағы ірі
  • шөлдермен» танысу.
  • Үйге тапсырма:
  • §55. 204-207 бет оқу.
  • Қосымша материалдар жинау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет