Ж:Менингококкты назофарингит
42.Әйел адам 38 жаста, Оңтүстік-Қазақстан обылысының Созақ ауданының тұрғыны. 4 күн бойы дене қызуының жоғарылаған, әлсіздік, бас ауыруы, дененің сынып ауыруы мазалаған. Бүгін мұрнына қан кеткен. Сегодня было носовое кровотечение. Объективті: дене қызуы 39,00С. беті мен мойыны қазарған. Склера қан тамырлары инъекцияланған. Ауыз-жұтқыншақта: шырышты қабаты қызарған, жұмсақ таңдайында қан құйылулар байқалады. Денесі мен қолдарында геморрагиялық бөртпе бар. Іші жұмсақ, ауыру сезімі жоқ, бауыры +1,0 см-ге ұлғайған
Қандай дәрі сипатталған аурудың этиотропты емінде қолданылады?
Ж:Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, емі: рибавирин
43.Ер адам, 50 лет. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, сол жақ балтырының кернеп ауыруы, қызарып, ісінуі. 5 жыл бұрын бет амағындағы тілмемен ауырған. Осы ауруының суықтанумен байланыстарады.
Объективті: жағдайы ауыр. Дене қызуы - 39,0°С. Status localis: сол жақ балтырының аймағында шеттері анық, төмпешікпен шектелген айқын гиперемия ошағы мен серозды сұйықтыққа толған көпіршіктер бар. Жергілікті гипертермия анықталады.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
Ж:Қайталамалы тілме, эритематозды-булезді формасы
44.Ер адам, 40 жаста, ауруының 2-ші күні ауруханаға түскен. Жедел ауырып бастаған. Анамнезде: жиі асқынып тұратын созылмалы тонзиллиті бар. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, бас ауыруы, оң жақ санындағы кернеген ауыру сезімі мен күйдіру сезімі. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы – 38,50С. Терісінің түсі қалыпты. Status localis: оң санының аймағында нақты шекарасы мен перифериялық төмпешігі (валик) бар, «жалын тілдері» тәрізді айқын гиперемия ошағы мен жергілікті гипертермия анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульс – 100 рет/мин.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
Ж:Тілме, эритематозды түрі
45.Ер адам, 40 жаста, геолог. Жедел ауырып бастаған. Шағымдары: қалтырау, жоғары қызба, бас ауыруы, әлсіздік, шап аймағындағы ауыру сезімі. Объективті: жағдайы ауыр, улану симптомдары айқын. Төсектегі қалыпы – мәжбүрлі (шап аймағындағы айқын ауыру сезіміне байланысты). Терісі бозғылт. Status localis: сол жақ шап аймағында қатты ауыратын, қоршаған тіндермен жабысқан, өлшемдері 2,0 х 3,0 см, бубон анықталады. Бубонның үстіндегі терісі қызарған. Аяқтарында бүгенің шаққан орындары мен тырнақ іздері байқалады.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
Достарыңызбен бөлісу: |