1 БАРЛЫҚ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМДАҒЫ ҚАТТЫ-ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҰНТАҚТАУ МЕН ҰСАҚТАУ ПРОЦЕСТЕРІ ҮШІН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТАҢДАУ
1.1 ТМ елдері мен шет мемлекеттерде қатты-тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу және кәдеге жаратудың жай-күйін шолу және талдау
Қазіргі уақытта Алматы, Астана, Қарағанды және Қазақстан Республикасының басқа да қалаларында тұрмыстық-қатты қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) түзетін барлық құрам қалалық қоқыс шығару орнында сұрыпталмастан және өңдеусіз шығарылады және көміледі [8, 27].
Қоршаған ортаны қорғау облыстық басқармасының деректері бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарында қоқысқа 4,4 мың тонна ҚТҚ көміліп, ал 2004 жылы шамамен 900 мың тонна шығару жоспарланған.
Қоқыстың мұнша көлемі облыста санитарияға қарсы, экологиялық қауіпті жағдайдың қалыптасуына ықпал етпекші. Сондықтан да қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату мүмкіндігімен қоқыс өңдеу зауытын жобалау және салу қажеттілігі туындап отыр.
Морфологиялық құрамды талдау (1.1-кесте) бір куб метр ҚТҚ келесі құрамында болатынын көрсетіп отыр: 36% қағаз,14% тамақ қалдықтары, 6% тоқыма бұйымдары, 4% металл, 4% шыны, 9% пластмасс және құрамында полимері бар қалдықтар. Мұндағы полимерлік қалдықтардың үлесі жалпы массада өсіп келеді.
1.1-кесте – ҚТҚ 01.01.2010ж. морфологиялық құрамы
ҚТҚ сыныптамасы
|
ҚТҚ барлық көлемінің %
|
Еуропа
|
ТМД
|
АҚШ
|
ҚР
|
Қарағанды қ.
|
Қағаз
|
24,7
|
20-36
|
38,0
|
36,0
|
36,0
|
Тамақ қалдықтары
|
37,8
|
20-38
|
25,0
|
13,0
|
14,0
|
Ағаш
|
-
|
1-4
|
-
|
4,0
|
3,0
|
Тоқыма
|
7,8
|
3-6
|
-
|
6,0
|
6,0
|
Сүйек
|
-
|
2,5
|
-
|
4,0
|
4,0
|
Металл сынықтары
|
2,8
|
2-4
|
8,0
|
4,0
|
4,0
|
Шыны
|
2,8
|
5-7
|
7,0
|
4,0
|
4,0
|
Пластик
|
8,0
|
8,9
|
8,0
|
9,0
|
9,0
|
Басқалары (ауқымды емес заттар, химиялық және құрылыс қалдықтары, резеңке, шина және т.б.)
|
16,1
|
10-35,5
|
15,0
|
24,0
|
20,0
|
Жиыны
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Қазақстан Республикасының халқы мен халық шаруашылығына келтірілген қоқыс үйінділерінің, сол сияқты коммуналдық желі құбырларының (жылыту, су және кәрізбен жабдықтау) тоттануы салдарынан тазалыққа қарсы нұқсаны жылына миллиард теңгеге жетіп отыр. Коммуналдық желілердің (жылыту, сумен жабдықтау және кәріз құбыржолдарының) тоттануы су мен жылудың асыра шығынына, су мен жер асты суы құбыры бойынша берілетін қарсы ластануға, құбыржолдарын сыртқы жағынан бұзатын топырақ ортасын химиялық белсендіруге алып келеді. Өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтардың байланысы нәтижесінде ластанған ағынды және жер асты сулары топырақтың химиялық құрамына және онда орналастырылған инженерлік желілер, ғимараттар мен үймереттердің құрылымдарына теріс әсер етеді. Әртүрлі мақсаттағы ыдыстар мен сыйымдылықтарды, тұрмыстық, күнделікті заттар мен техникалық бөлшектер түрінде шығарылатын бастапқы полимерлер мен олардың композицияларынан бұйымдар шығару өсті. Қарағанды коммуналдық көлік басқармасының деректері бойынша ай сайын жалпы қалалық қоқысқа табиғи ортаны ластайтын, ыдырау мерзімі 200 жылдан асатын 180 тоннадан астам полимер, пластмасса, өнеркәсіптік-тұрмыстық қалдықтар түседі. Зертханалық тәжірибелер полиэтилендерді қайталама өңдеудің механикалық қасиетті кеміту жағына қарай 17-21% өзгертетінін көрсетті (2, 3-кестелер), қалған қасиеттері өзгеріссіз қалады. ҚТҚ пластмасасын жоғары механикалық жүктемені талап етпейтін бұйымдар: есік және терезе жақтауларын, қораптар, плиталар, панельдер, автомобиль бөлшектерін (бамперлер, тұтқалар), сондай-ақ темір жол көлігі үшін қар тежейтін шарбақтар, жер асты суларымен тоттанудан қорғау мақсатында металл құбырлар үшін сыртқы қаптама алу, жылыту су құбыржолдары мен кәріз құбырларын іштей футерлеу үшін қолдануға болады [26].
Теориялық және тәжірибелік зерттеулер қалдықтарды сұрыптау, тазалау, бөлу және өңдеу технологиялық процестерінің электростатикалық өрістегі механикалық, гидростатикалық бөлу операцияларымен және құрамы қалдықтардың әсіресе полимерлік қалдықтардың биологиялық ластануын бейтараптандыратын парамагниттік сұйықтықта гидростатикалық бөлу операцияларымен қамтамасыз етіледі.
ТМД елдерінде (Ресей, Украина, Беларуссия және басқ.), алыс шет елдерде (АҚШ, Жапония, Германия және басқ.) қайталама полимерлік бұйымдар мен жабындар алу үшін қайтадан қолдану үшін ҚТҚ полимерлік компоненттерін алу мақсатында ҚТҚ кешенді өңдеумен айналыспайды. Бұл елдерде жылу және электр энергиясын алу мақсатында ҚТҚ жағу үдерісі басым келеді.
1.2-кесте – Экструдирлеу кезінде полиэтилен қалдықтарының негізгі режимді параметрлерінің мағынасы
Параметрлері
|
МЕМСТ 18599-83
|
ПНП
|
ПВП
|
Қыздурышының температурасы Тн, 0С
|
200+10
|
230+10
|
Дайындама кесіктерін балқыту кезіндегі қысым Рпр, МПа
|
0,03-0,05
|
0,06-0,08
|
Құбыр материалын балқыту тереңдігі, мм
|
1-2
|
1-0
|
Қабырғаның қалыңдығы кезінде tн балқыту ұзындығы, мм 4-ке дейін
5-10
10-15
16 және одан жоғары
|
35
50-85
85-160
160
|
50
70-110
110-200
200
|
Технологиялық кідіріс ұзақтығы, с
|
3
|
2
|
Тұнбаның қысымы Рос, МПа
|
0,1
|
0,2
|
Дайындама қалыңдығы 4 мм дейін болған кезде тұндырманың қысыммен tос ұстау ұзақтығы
5-10
10-15
16 және одан жоғары
|
180
240-480
480-720
900
|
240
300-540
540-720
900
|
1.3-кесте – Экструдирлеуге дейін және одан кейін полиэтиленнің негізгі физикалық-механикалық қасиеттері МЕМСТ 18599-83
Көрсеткіштері
|
ПВП
|
ПНП
|
Тығыздығы, г/см3
|
0,945-0,965
0,756-0,787
|
0,918-0,933
0,886-0,897
|
Созу кезіндегі аққыштық шегі, МПа, кем емес
|
20,0/18,9
|
9,5/7,2
|
Ажырау кезіндегі салыстырмалы ұзарту, %, кем емес
|
200/186
|
210/197
|
Иілу кезіндегі серпімділік модулі, МПа, кем емес
|
800/735
|
200/189
|
Балқу аралығы, 0С
|
127-135
120-128
|
105-112
101-106
|
Орта температурасы, 0С
|
-30 бастап +60 дейін
|
-30 бастап +60 дейін
|
Кеңейтілген құюдың жылу коэфициенті, 1/ 0С
|
2*10-4
|
2*10-4
|
Жылу өткізгіштік, вт/(м 0С)
|
0,42
|
0,34
|
Өзіндік жылу өткізгіштік, к Дж
|
2,5
2,3
|
2,5
2,3
|
Бриннель бойынша қаттылық, Н/мм2
|
45-54
38-46
|
14-25
12-23
|
Вике бойынша жұмсарту температурасы, 0С
|
30
|
60
|
Өзіндік беткі электр кедергісі, Ом*м
|
1,2*1014
|
5*1013
|
Өзіндік көлемдік беткі электр кедергісі, Ом*м
|
8,2*1014
|
7,8*1014
|
Ескерту: алымы – полиэтилендердің бастапқы қасиеттері кезінде; бөлімі – қайталама экструдирлеу кезінде.
1.4-кесте – Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша балама шешімдерді салыстырмалы талдау
р/с
|
Көрсеткіштер атауы
|
Көрсеткіштер мағынасы АҚШ долларында
|
Ұсынылатын үлгі (СПҚТҚ зауыты)
|
Әлемдік тәжірибедегі үздігі
|
USA NSL
HYNDROMEX
|
ASTAnlagen Berlin GBH
1-нұсқа 2-нұсқа
|
1.
|
Құрылыс жұмыстары
|
1200000
|
2391000
|
2704500
|
2000500
|
2.
|
Жабдық
|
2300000
|
22200000
|
5041000
|
4551700
|
3.
|
Қаптау, көлік, сақтандыру
|
25000
|
796400
|
282100
|
348800
|
4.
|
Шеф монтаждау, іске қосу-реттеу жұмыстары және оқыту
|
400000
|
1600000
|
1122400
|
949500
|
5.
|
Жиыны
|
3925500
|
27000000
|
9250000
|
7850500
|
6.
|
Өнімділігі жылына
|
210000
|
300000
|
60000
|
60000
|
7.
|
Өнім шығарудың жылдық көлемі$ USA
|
6800000
|
8700000
|
1600000
|
1160000
|
Қалдықтардың әртүрлі компоненттерін (полимерлік, картон, қағаз, тоқыма, резеңке, шыны және басқ.) экструдирлеу жолымен келесі темір жол тұрпаттарын және ҚР №ЦП-751/1, 2001ж. темір жолдарда қармен күрес жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тұрақты қар ұстағыш шарбақ құрылымдарын алуға болады.
Қалдықтарды сұрыптау, тазалау, бөлу және өңдеу технологиялық процестерінің электростатикалық өрістегі және бейтараптандыратын парамагниттік сұйықтықта гидростатикалық бөлуге теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізілді, оны магниттік өріс кернеуі бойынша реттелетін әсерге ұшыратады, бұл ретте бөлінген компоненттерді қатерсіздендіру жүреді.
Полимерлік-пластмасса қалдықтарын өңдеу жолымен:
- темір жол бұйымдары мен белгілерін;
- тозған құбыржолдардың сыртқы және ішкі жабындарын;
- автожол бұйымдары мен белгілерін;
- терезе және есік блоктарын;
- аграрлық-ауыл шаруашылық бұйымдары мен құрылыс материалдарын;
- жиһаз материалдарын (плиталар, панельдер, фурнитуралар);
- машина-құрылыс полимер материалдарын өндіруге болады.
Мұндай өнімдердің негізгі тұтынушыларына автомобиль, құрылыс, ағаш өңдеу, тоқыма зауыты, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары жатады. Аталған жобаның негізгі міндеті – тұрмыстық қалалық қоқысты қалдықсыз өңдеу технологиясын ұйымдастыру. Қара және түсті металдар металлургиялық комбинаттармен жеткізіледі.
2002 жылдан бастап «Магистральды темір жолдар» ЖАҚ қар ұстайтын шарбақтарды, сондай-ақ қалқандар, қоршаулар, темір жол белгілері мен полимерлік қалдықтардан жасалатын рельс жолдары үшін карточкалар дайындау және енгізу жөніндегі тұтынушы – тапсырыс беруші болып табылады. Жоғарыда аталған бұйымдарды сатып алудың жыл сайынғы көлемі 495 млн. теңгеден жоғары болып келеді.
Полимер қалдықтары қайта өңдеуге жатады, ал қағаз және шүберек қатты қағаз немесе темір жол үшін бұйымдар компоненттерін өндіру шикізаты бола алады. Жоғарыда аталған бұйымдардан өзге темір жол үшін экструдирлеу жолымен мыналарды алуға болады:
- тасымалданатын торлы қалқандар;
- темір және автомобиль жолдары үшін өту жолдарының тану белгілері.
Өнім өндіруге арналған бастапқы шикізатқа қоқысты құрастырушы: полиэтилен бұйымдары, қағаз, ескі киім, пластмасса қалдықтары жатады.
Қоқыс сұрыпталатын болады, одан кейін өңдеуге жіберіледі. Қолдануда болған металл құбырлардың жабыны үшін негізгі компонент өндірістік-тұрмыстық қалдықтар массасынан алынған қайталама полиэтилен болып табылады.
Өндіру әдісі құбыр оқшаулануы бетінің сипатымен, олардың диаметрі мен ұзындығымен сипатталады.
Қаптамасы бар құбыр үшін ішкі беті мен сыртқы беті бойынша құбырдың ішкі және сыртқы бетіне материал қабатын біруақытта түсіруге мүмкіндік беретін құрылғы пайдаланылады.
Қолдануда болған және соққыға төзімді термопластикті жабын үшін қажет металл құбырлар қоқыстан, сондай-ақ мүдделі тұлғалардан, ықтимал сатып алушылардан түсетін болады. Келіп түскен құбырлар қажет болған жағдайда тегістеледі. Қалған бөлігін кесікті өңдей отырып, жабын процесіне дайындайды.
Беткі жағы термопластикпен жабылған құбыр бұйымы өндірісі топтамасы:
1. Бөтен материалдардан (лай, тоттанудың қалың қабаты) механикалық тазартудан, одан әрі токарлық өңдеуден;
2. Полимерлік таспа түсіретін тегістейтін құрылғылары бар арнайы стаканды қолдану арқылы түсіретін материалға жоғары адгезиялық қасиет беру үшін беткі жағын өңдеуден;
3. Оқшаулағыш таспаны түсіру үшін жабын аймағына металл құбырды енгізу;
4. Жабын аймағынан дайын өнімді жою;
5. Тұтынуларға жөнелту үшін дайын өнімдерді дайындаудан немесе дайын өнімді қоймаға тиеуден тұрады.
Жеңіл автомобильдердің бамперлерін, әуе кескіштері, терезе жақтаулары мен есік блоктарының өндірісі үшін негізгі шикізатқа қайталама полиэтилен жатады. Қайталама полиэтиленнен сұйық масса алынған соң арнайы құрылғыларға одан кейін арнайы нысандарға массаны құю жүзеге асырылатын болады. Өнім салқындаған соң қоймаға түседі.
Пайдалануда болған, беткі жағының жекелеген кемшіліктері бар металл құбырлар және ұсынылған талаптар бойынша термопластикпен жабылған, аталған пайдалану жағдайларында (қатты қыздырудан өзге) қайталап пайдалану мүмкіндігіне ие, өйткені олардың беткі жақтары қаптайтын термопластиктің (полиэтиленнің) сілті қышқылына, ерітіндіге, ылғалды атмосфералық ауаға көтеріңкі инерттілігіне қарай пайдалану кезінде ортаның агрессияшыл қасиеттеріне барынша тұрақты болып келеді. Ішкі металл қаңқасы жұқа пластик қабаттың механикалық жүктемесіне қатысты тұрақтылығын арттырады. Пайдалануда болған металл құбырлардың бетінде термопластикалық материалдан жасалған қабаттың болуы жөндеуден өткізбей пайдалану уақытын 3-5 есе арттырады. Ол құбырдың тоттануына байланысты туындауы мүмкін апаттардың санын қысқартуға алып келеді.
Өнеркәсіптік-тұрмыстық қалдықтар жинағы арнайы жабдықталған контейнерлерде арнайы машиналарда жүзеге асырылатын болады. Ол қала мен облыстың санитарлық ахуалын жақсарту мүмкіндігін бере отырып, сол арқылы экологиялық ахуалға оң әсер етеді.
Аталған тәжірибе оң іске асырылған жағдайда өндірісті ұйымдастыру тәжірибесі Қазақстанның басқа да облыстарында қолданылатын болады, сондай-ақ өңірлерде өнімді жаппай шығаруды жолға қояды.
Полимер қалдықтарынан жасалатын қар ұстайтын шарбақтар мен басқа да бұйымдар ағаш және темір бетонмен салыстырғанда екі есе арзан, сондай-ақ олардың қызмет ету мерзімі 50 жылға жетеді.
Қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтар мен сұйық өнеркәсіп қалдықтарының (неорганикалық және органикалық заттардың ерітінділері, май, ерітінді және басқ. түріндегі органикалық сұйықтықтар) барынша қарқынды жинақталуы жүріп жатыр, олар дұрыс емес және уақтылы жойылмаған және зарарсыздандырылмаған жағдайда қоршаған табиғи ортаны байыпты ластануға алып келуі мүмкін.
Әлемдегі елдерді өңірлік, климаттық, геологиялық, экономикалық және саяси жағдайларға негізделген ҚТҚ басқару саясатына қарай бірнеше топтарға бөлуге болады.
Мысалы, Жапонияда қоқыстың 70% және одан жоғары бөлігі қала өкіметімен жағылады. Швейцария, Дания, Люксембург тәрізді елдерде халық тығыздылығының жоғарылығына, ЖІӨ жоғары деңгейі мен аумақтарының шектелушілігіне байланысты қоқысты (жалпы көлемінің шамамен 70%) жағу тәжірибесі қолданылады.
Ал АҚШ, Канада, Испания, Норвегия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Португалия және Финляндияда қалдықтардың 60-90% тікелей ҚТҚ полигондарына шығарылады. Испания, Португалия және Финляндия қалалық ҚТҚ шамамен 10-20% компостық өңдеу зауіттарына жібереді. АҚШ, Канада және Германияда ҚТҚ 10% және одан жоғары бөлігін қалдықтан құнды материал алу мақсатында аралық станцияларда сұрыптайды.
Франция, Бельгия және Голландияда қалалық қалдықтардың жартысынан көбі полигонға жіберіледі, қалған ҚТҚ 25-40 % жағылады, ал қалғаны компастау немесе пайдалы материалдар алу үшін тазартылады.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың басым бөлігі компоненттерге бөлместен (сұрыпталмастан) ашық қоқыстарға, қалалық көму полигондарына шығарылады және қоймаланады, олардың 97% ҚР табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сәйкес емес. Көптеген қалаларда орналастыру мен жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсер етуді бағалаусыз жүзеге асырылды. ҚР қатты тұрмыстық қалдықтардың 5% ғана кәдеге жарату немесе жағуға ұшырытылады.
Әлемде бірнеше аралық тазалау технологиясы бар: жағу, жылуды регенерациялай отырып жағу (соның ішінде, электр энергиясын өндіре отырып), күл тозаңын балқыта отырып жағу, қатты материалдарды балқыта отырып газдандыру, отын қалдықтарын регенерациялау, компостирлеу, ұнтақтау және сұрыптау.
Шетелдік инвесторлар «Вторма-экология» ЖШС, «Имабеиберика» АҚ (Испания), АSТА Anlagen (Берлин, Германия), «Алтын алмас» АҚ (Қазақстандағы Испания серіктесі), «Ювента-ДВ» (Германия) және басқ., қаржылық қаражаттарын аямастан, қалаларда (Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе және басқ.) ҚТҚ көму, сұрыптау және жағу жөніндегі ескі технологияны енгізуге тырысуда.
Қатты тұрмыстық қалдықтар мен сұйық өнеркәсіп қалдықтарын (ҚТСҚӨТТ) өңдеу технологиясының басты артықшылығы ҚТҚ сұрыптау жұмыстарынан және шаруашылық қалдықтардың қалалық көму полигондарынан бас тарту [27-41].
Соңғы жылдары Астана қаласы бойынша көмуге келіп түскен қалдықтардың көлемі 2006-2009 жылдардағы есеп деректері бойынша құрайды (1.5-кесте):
1.5-кесте – Астана қаласы бойынша 2006-2009 жылдар аралығындағы деректер бойынша көмуге келіп түскен қалдықтардың көлемі
№
|
Көму полигонына келіп түскен қалдықтар
|
2006 ж.(м3)
|
2007 ж.(м3)
|
2008 ж.(м3)
|
2009 ж.(м3)
|
1
|
Барлық келіп түскені
|
553289,9
|
601449,0
|
678940,3
|
974962
|
2
|
Көмілген ҚТҚ
|
5211253,6
|
574034,6
|
616050,3
|
906795,5
|
3
|
Өндірістік сұйық және мед. қалдықтар
|
32036,3
|
27414,5
|
62290
|
68166,5
|
Астана қаласын дамыту барысында жинақтау көлемі артып, сондай-ақ тұрғын үй, өнеркәсіптік ғимараттар, денсаулық сақтау, бизнес және өндіріс мекемелері өндіретін қалдықтар құрамы өзгерді.
Санитарлық норма және қоршаған ортаны қорғау позициясы тұрғысынан Астана қ. қалдықтарды басқарудың қазіргі жүйесі қоршаған әсерін төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында дамитын болады.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың басым бөлігі компоненттерге бөлместен (сұрыпталмастан) ашық қоқыстарға, қалалық көму полигондарына шығарылады және қоймаланады, олардың 97% Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау және санитарлық заңнама талаптарына сәйкес емес. Оларды орналастыру мен жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсер етуді бағалаусыз жүзеге асырылды. ҚР қатты тұрмыстық қалдықтардың 5% ғана кәдеге жарату немесе жағуға ұшырытылады.
ҚТҚ өңдеудің балама шешімін таңдау мақсатында 1.6, 1.7, 1.8-кестелерінде Қоқыс өңдеу және сұрыптау зауыттарын құндық, технологиялық және экологиялық-пайдаланушылық көрсеткіштер бойынша пайдалану нұсқаларының әлемдік тәжірибесі талдауы берілген.
1.6 -кесте – Техникалық және құндық сипаттамалардың балама шешімдерінің салыстырмалы талдауы
№
|
Көрсеткіштер атауы
|
Көрсеткіштер мағынасы АҚШ долларында
|
СПҚТҚ
(Қазақстан)
|
Әлемдік тәжірибедегі ең үздігі
|
NSL НYNDROMЕХ (АҚШ)
|
ASTА Anlagen
Berlin (Германия)
|
Ак-
Алтын-алмас
(Испания)
|
Вторма-
Экология ЖШС
(Испания)
|
1
|
2
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1
|
Құрылыс жұмыстары
|
1500000
|
2391000
|
2704500
|
2000500
|
9800000
|
7430667
|
2
|
Жабдық
|
3000000
|
2220000
|
5041000
|
4551700
|
22600000
|
19466666
|
3
|
Қаптау және көлік
|
25000
|
796400
|
282100
|
348800
|
3200000
|
644835
|
4
|
Шефмонтаждық,
іске қосу-реттеу жұмыстары
|
4000000
|
1600000
|
1122400
|
949500
|
5300001
|
2250169
|
5
|
Жиыны АҚШ доллары
|
5 000 000
|
27000000
|
9250000
|
7 850500
|
32300000
|
27272422
|
6
|
Өнімділігі жылына (тонн)
|
210000 (800 т
тәулік)
|
300000
|
60000
|
60000
|
200000
|
420000
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
7
|
Өнімді шығарудың жылдық көлемі
|
6 800000
|
8 700000
|
1600000
|
1 160000
|
1 472000
|
1 000000
|
8
|
Өтелімпаздық мерзімі
|
1,5
|
8
|
6
|
4
|
5,3
|
7
|
9
|
Құрылыстың мерзімі (айлар
|
11
|
28
|
14
|
16
|
1,4
|
1,2
|
10
|
Технология және
жабдық
|
Отандық
|
АҚШ
|
Герма-
ния
|
Герма-
ния
|
Испания
Германия
|
Испания
Германия
|
11
|
Зауытты орналастыруға арналған аудан, г
|
4,2
|
6,8
|
5,6
|
5,2
|
5
|
5
|
12
|
Жинақтаушы жабдықты жеткізу
|
Отандық жабдық
|
Импорттық жабдық
|
Импорттық жабдық
|
Импорттық жабдық
|
Импорттық жабдық
|
Импорттық жабдық
|
Қала маңдарында жаппай туындап жатқан нашар ұйымдастырылған және қарапайым апаттық қоқыстар жер беті мен жер асты суларын күрделі ластанушылар болып табылады. Аумақтағы көші-қон нәтижесінде қолданыстағы және ҚТҚ сүзгісінде кездесетін химиялық заттар рекультацияланған полигондарда (қоқыстар), жер беті мен жер асты суларында топырақ пен су көздерінің ластануы жүріп жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |