Ж. З. Оразбаев, Т. Е. Ермеков, М. В. Долгов


Маңыздылығы және пайдалылығы



бет3/40
Дата14.12.2021
өлшемі10,16 Mb.
#126249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
tutynu-zhane-ondiris

Маңыздылығы және пайдалылығы:

Қоршаған ортаның қауіпсіздігі тұрақты даму жағдайында урбандалған аумақта дамудың міндетті шарты болып табылады. «Қоғам-адам-қоршаған орта» жүйесінің өзара бірлесіп әрекет ету процесін таусылмайтын көлемде қалдықтар өндірушілер ретінде, ал тұтыну қалдықтарын мәңгілік ретінде қарастырған дұрыс болады, өйткені жердегі шикізат қорлары аяқталуы мүмкін. Бұдан туындайтыны «Шикізат» қалдықтарымен қамтамасыз етілушіліктің адамның тіршілігімен байланыстылығын атап өткен дұрыс.

Шаруашылық тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын (қоқысты) кәдеге жарату әдісі жаңа ұрпақ зауытын жасау мүмкіндігін бермекші, ондағы барлық өндірістік процестер заманауи технологиялар базасында автоматтандырылады.

ТЖСҚКЖ заутының артықшылығы болып табылады [21-24]:

1. физикалық және қол еңбегіне жол берілмеген;

2. қатты, тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын өңдеуді химияландыру жүргізілетіндіктен, қалдықтарды көму үшін полигон талап етілмейді;

3. қалдықтарды химиялау кезінде түзілетін газдар жылу және электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылады;

4. қатты және сұйық қалдықтардың барлық түрлері (металл және темір бетоннан өзге) пайдалы, импорт алмастыратын бұйымдар мен электрмен жабдықтау өнімдеріне өңделеді, сондай-ақ ересектер мен балалардың аяқ киімдерінің өкшелері өндірісі үшін пайдаланылады;

5. жоғарыда аталған өңделген бұйымдар стерилді, инертті, ыдырамайтын, жанбайтын, ұзақ мерзімдік, қызмет көрсету мерзімі 50 жылдан асатын сенімді материалдар болып келеді.

Зерттеу тақырыбы бойынша мынадай жұмыстар жүргізілді:



  1. өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату және химиялау жолымен тұтыну инновациялық технологиясы әзірленді, сол арқылы 100 аса жаңа бұйым түрлері мен әртүрлі салалар үшін өнім алуға болады;

2. химиялау жолымен химиялық өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жарату мақсатында арнайы инновациялық технологиялық желі әзірленді;

3. химиялау жолымен жаңа материалдар алудың барлық операцияларымен технологиялық желінің экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы ұсыныстар әзірленді;

4.ТМД елдері мен шет елдерде өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату және тұтыну бойынша инвестициялық жобаларды тарту мақсатында халықаралық талаптарға жауап беретін арнайы нұсқаулық пен стандарт әзірленді;

5. АҚШ, Жапония, Франция, Германия, Италия, Ресей және басқ. мемлекеттерде кеңінен қолданылатын қаладағы көму полигондарының, қоқыс сұрыптау зауыттарының орнына химиялық әдіспен өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату және тұтыну жөніндегі инновациялық индустриалды жоба әзірленді;

6. қалдықтармен айналысу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру тұжырымдамасы жасалды;

7. қалдықтар бойынша глоссари әзірленді;

8. мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру тұжырымдамасы қамтамасыз етілді;

9. әртүрлі салалар үшін инновациялық материал алуға мүмкіндік беретін өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату және химиялық-физикалық әдіспен тұтынудың инновациялық әдісі әзірленді, сондай-ақ өндірілетін газ есебінен жылу және электр энергиясын алуды қамтамасыз етеді:

а) полиэтиленнен және полиэтиленді регенератордан термиялық престеу әдісі;

б) тозған метал құбырларын термопластикпен сырттай қаптау әдісі және оны жүзеге асыру құрылғысы;

в) тозған металл құбырлардың ішкі бетіне пластикалық жабын түсіру әдісі;

г) материалдарды әртүрлі жолмен алу, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жаратуды басқару кезінде гидроцилиндрдің жағдайын индикациялау;

д) тұтыну және өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратудың бейімдік-бағдарламалық басқару;

е) кәдеге жарату технологиялық желісі процестерін автоматты басқару;

ж) қалдықтарды 1-3 мм көлемге дейін ұнтақтау үшін құрылғы дайындау.

ҚР Президентінің Қазақстанның Әлемдегі ең бәсекелеске қабілетті 50 елінің қатарынау ену стратегиясы қоғамның инновациялық технологияны дайындауға тырысуын ынталандырады. Қазақстан органикалық ластағыштар бағаны бойынша Стокгольм конвенциясына қосылды, сондықтан да Қалдықтарды кәдеге жарату туралы заңды пысықтау қажет.

Республикада ғылымның дамуының негізгі басымдылықтарын анықтайтын Жоғары техникалық комисия (ЖТК) құрылды.

2010 жылдың 28 мамырында өткен «Парасат» Холдингі Астаналық инновациялық форумда «Қалалық көму полигондарының және қоқыс сұрыптау зауыттарының орнына қатты-тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату» инновациялық индустриалдық жоба қаралды, зертханалық жағдайда жаңа импорт алмастыратын материалдар алынған болатын.

«Астана қаласының Табиғи ресурстар және реттеу басқармасы» ММ 2010 жылғы 5 наурыздағы № 57-3 хатына сәйкес 2012 жылы ТЖСҚКЖ тәжірибелік цехын салу мүмкіндігі қарастырылған.

Әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет химиялық әдіспен қатты-тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын өңдеудің технологиялық процестеріне зерттеу жүргізіледі.

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңызы, сондай-ақ зерттеу міндеттері:


  • қатты тұрмыстық және сұйық өндірістік қалдықтар (ҚТЖСӨҚКЖ) процесі технологиясының басты артықшылығы ҚТҚ сұрыптау жұмыстарын алып тастау және қалалық көму полигонынан бас тарту;

  • ҚТЖСӨҚКЖ технологиялық процестерінің мәні шамалы технологиялық процестері кезінде кептіру, одан кейін ұнтақтау және ұсақтау арқылы барлық морфологиялық құрамдағы ҚТҚ кәдеге жаратудың технологиялық процестерінің беріктігін қамтамасыз ету болып табылады;

  • қатты және сұйық қалдықтарды химиялау жолымен ҚТҚ барлық компоненттерін ұнтақтау процесінің өнімділігі мен тиімділігін арттыру, ол үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды жүргізу қажет;

  • шығарылатын өнімнің экологиялық, өндірістік қауіпсіздігін, сондай-ақ экологиялық тазалығын есепке ала отырып, ҚТҚ мен сұйық өнеркәсіп қалдықтарының химиялау параметрлерін теориялық және тәжірибелік зерттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет