2.3 Қатты және сұйық өнеркәсіп қалдықтары химиялық процестерін зертханалық зерттеу нәтижелері
Кезекті реакциялармен бірлесіп жүргізілетін – полимерлердің химиялық түрлендіруімен (полимераналогиялық түрлендірулер, молекула аралық реакциялар, деструкциялар) тұрмыстық қалдықтардың (қағаз, полиэтилен қапшықтары, мата және т.т.) полимерлік негізін түрлендіруге болады, реакция барысында қойыртпақтың физикалық-химиялық қасиеттеріне ие жаңа полимер материалы пайда болады.
Осы реакцияларды жүзеге асыру үшін эмульгатор ретінде сабын және ұнтақ қалдықтарын, ерітінділер ретінде мұнай өнімдерін: бензин, керосин және т.б. қолдануға болады.
Миксердегі химиялық реакция араластырғыштың (миксердегі) қысымын реттеу мүмкіндігіне ие пештегі газ шығаруды реттеу есебінен көтеріңкі температура мен қысым кезінде газ (метан, пропан, азот және басқ.) бөле отырып жүреді.
Температура араластырғыштың сыртқы тұрқысына салқын су берумен реттеледі.
Араластырғышта ұнтақталған қатты тұрмыстық және сұйық химиялық қалдықтардан химиялық қоспа дайындалады, ол үшін хлорлы калий, натрий, темір тотығы, хлорлы темір, хром тотығы, полимерлер және басқ. тәрізді химиялық қоспа түріндегі арнайы байланыстырушы материалдар дайындалады.
Қатты тұрмыстық және сұйық химиялық қалдықтарды байланыстырған соң олар қойыртпақ түрінде келесі кезеңге дайындалады: экструдирлеу, престеу және форма түзу.
Осы процестердің өтуі үшін байланыстырушы элементтердің, мысалы, құмның, батпақтың, күлдің, құрылыстың ұнтақталған қалдықтары мен басқа да бояғыштардың құрамын анықтау қажет. Қалдықтарды кәдеге жарату процестерінің қауіпсіздігі мақсатында арнайы қауіпті, радиобелсенді, медициналық, жарылғыш, заттарды, жанғыш сұйықтықтар мен топырақты, өздігінен жанатын заттарды, жанғыш газдарды, жануар өлекселерін, өнеркәсіп ағындары мен жуудан қалған су және басқ. пайдалануға рұқсат берілмейді.
Экструдирлеу, престеу және форма түзу процестері шығарылатын өнімге, бұйымға, материалдарға қарай химиялық қоспа мен байланыстырушы элементтердің арасалмағын анықтауға қажет қазіргі технологиялық жабдық базасында жүргізіледі. Мысалы, экструдирлеу жолымен темір жолдың қар ұстайтын шарбақтарының тақтайлары мен бағандарын шығару үшін қажет: химиялық қоспалар – қойыртпақ қалдықтары– 45%, құрылыс қалдықтары– 20%, асфальт қалдықтары – 20%, металлургиялық – 10%, бояғыштар – 5%.
Достарыңызбен бөлісу: |