Ж. З. Оразбаев, Т. Е. Ермеков, М. В. Долгов


Химиялық әдіс кезінде қалдықтарды кәдеге жаратудың экологиялық және өндірістік қауіпсіз технологиясын қамтамасыз ету



бет10/40
Дата14.12.2021
өлшемі10,16 Mb.
#126249
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Байланысты:
tutynu-zhane-ondiris

2.4 Химиялық әдіс кезінде қалдықтарды кәдеге жаратудың экологиялық және өндірістік қауіпсіз технологиясын қамтамасыз ету
Салу ұсынылып отырған қатты тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын өңдейтін цех Los Angeles, Californian, USA тіркелген NSL International, Trading, Inc корпорациясының «NSL-HYDROMEX» қоқыс өңдеу зауыты негізінде, сондай-ақ № 1 қосымшада көрсетілген Қазақстандағы өнертабысты пайдалана отырып дайындалған.

Ұсынылып отырған қатты тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу технологиясына сәйкес шығарылатын өнімдер тұрмыста, сондай-ақ өндірісте пайдалану үшін қауіпсіз. Аталған технологияның үлкен артықшылығы стронций, сынап тәрізді және басқа да көптеген сұйық ортадан ауыр металдарды алу болып табылады.

Аталған технология қатты және сұйық қалдықтарды, химиялық заттарды, полимер бұйымдарынан жасалатын қаптама материалдарды (әртүрлі сұйықтықтарды, қаптар, тамақ және спирт өнімдері мен т.т.), ластанған топырақты, коммуналдық қалдықтарды, емхана, ауруханалардың қалдықтарын, тоқыма материалдарын, пластика, шина, бояу, ерітінділер, мерзімі аяқталған майлар және қоспада әртүрлі арасалмақтағы (темір жол және темір-бетонды қалдықтардан өзге) басқаларын өңдеу мақсатында жетілдірілген. Аталған технология бойынша цех шеңберінде химиялық жолмен өнімнің (бұйымның) келесі жаңа түрлерін алуға мүмкіндік беретін қатты және сұйық қалдықтарды өңдеу жүзеге асырылады:


  • темір жолдың қар ұстайтын шарбақтарының тақтайлары;

  • автомобиль және темір жолдардың белгілері, қалқандары, шпалдар, бағандар, бөлгіштер, жол жиектерінің тастары;

  • тұрақтар үшін шектеулер, шатыр жабыны және басқ.;

  • электр және жылу оқшаулау материалдары, таспа және басқ.;

  • құрылыс материалдары (жабынқыш, жаяужол плиталары және басқ.).

2.4.1 ҚТҚ және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын тазарту және кәдеге жарату технологиялық процестері


1. Сұрыптау және жіктеу:

  • барлық қатты қалдықтардың түрлері қабылданады;

  • алдын ала сұрыптау талап етілмейді.

2. Ұнтақтау:

  • ҚТҚ қоқыс орнынан арнайы шанаққа тиеу жүзеге асырылады;

  • темір жол және темірбетонды ауқымды емес заттарды алдын ала тазарту жүргізіледі;

  • өнеркәсіп қалдықтарын есепке ала отырып ҚТҚ бастапқы ұнтақтау жүргізіледі;

  • аралас қатты қалдықтарды ұнтақтау мен бункер-қоймаға конвейермен тасымалдау жүзеге асырылады.

3. Сұйық қалдықтарды араластыру:

  • сұйық қалдықтарды шанаққа тиеу жүзеге асырылады;

  • сұйық қалдықтар бейтараптандыру және детоксикациялау реакциясы мақсатында арнайы резервуарда араластырылады.

4. Қатты және сұйық қалдықтарды араластыру:

  • ұнтақталған, аралас қатты қалдықтар қатты және сұйық қалдықтар (ҚСҚ) миксеріне конвейермен тасымалданады;

  • алдын ала аралас сұйық қалдықтар қысыммен резервуардан миксерге құйылады (ҚСҚ);

  • сұйық және қатты қалдықтар миксерде араластырылады (ҚСҚ).

5. Полимерлеу және химияландыру:

  • ҚСҚ миксеріне қысыммен химиялық-полимерлік компоненттер (ХПК) құйылады;

  • сұйық және қатты қалдықтар миксерде араластырылады (ҚСҚ) және көтеріңкі температура кезінде ылғалды қойыртпақ экструдирлеу процесіне дайындалады.

6. Формалау:

  • Дымқыл қойыртпақ арнайы пресс формаға, экструдерге немесе кез-келген формалау құрылғысына келіп түседі:

  • Қысым механикалық түрде 100 тоннаға дейін артады;

  • Түпкілікті өнімнің тығыздығы г/см3 , 0,78-0,897;

  • Реакция кезінде полимерлер кеңейеді және жылу бөліп шығады, нәтижесінде температура С0, 200-230 жете алады;

  • Осы сатыда барлық химиялық реакциялар аяқталады.

7. Экологиялық және өндірістік қауіпсіз түпкілікті өнім:

  • Химиялық нәтижелер, жоғары қысым және көтеріңкі қысым нәтижесінде молекулярлық процестердің толық спектрі жүреді, оның кезінде қалдықтарда тіршілік ететін, бактерия, саңырауқұлақ тәрізді және басқа да барлық тірі микроағзалар толық өледі;

  • Түпкілікті өнім отқа төзімді және ылғалға тұрақты талап етілетін қасиеттермен стерилденген, ұзақ мерзімді, уытты емес болып келеді;

  • Түпкілікті өнім (аралас ҚСҚ) экструдирлеу мен форма түзу үшін сансыз көптеген құрылымдық материалдарына түрлендірілуі мүмкін.

8. Экологиялық таза өнім мен бұйымды қамтамасыз ететін эмиссияның жоқтығы:

  • Кәдеге жарату барысында түзілетін барлық газдар мен сұйықтықтар электр және жылу энергиясын алу мақсатында газ тазарту жүйесінде өңделеді;

  • Қоршаған ортаға қандай да болмасын зиянды заттар мен кәдеге жаратудың химиялық процестері көмуге арналған қандай да болмасын теріс өнім бермейді, өйткені барлық химиялық және технологиялық процестер (ұнтақтау, ұсақтау, жуу, кептіру) және ҚТҚ мен сұйық процестерді химияландыру технологиялық процестер мен кәдеге жарату операциясының тұйық тізбегінде жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет