УДК 378.147
Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру
А.Ш. Шаймардан
(Теміртау қ., Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті)
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да жан–жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ тарауы, 18-ші бағытының 7-ші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ 17-ші бағыттың 3-ші тармақшасында «он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Сондықтан заман талабына сай оқыту үрдісін жетілдіре отырып, қоғам сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мәселесі бойынша студенттерге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта көптеп қолдану тиімділігі артып отыр.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Оқытушыларға қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ-ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.
Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Студенттің еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл - ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;
Жан - жақты ізденушілігін арттырады.
АКТ-ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ-ны пайдалану мен студенттердің құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ-ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану студенттің білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ-ны сабақта пайдалану кезінде студенттер бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп студенттерының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу студенттерды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында студенттердің өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.[3.32].
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.
Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан студенттерге жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, оқытушыларға осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Студенттердің ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.
«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.
Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын экономикалық пәндерді оқытуда пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:
электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция;
жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web
серверге жеке шығару;
ақпараттық каталогтар (Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) студенттер әрекетін ауыстырып отыру;
Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
Студенттің есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).
Оң мотивацияларды қалыптастыру – оқытушының кәсіби міндеті. Мотив студенттің танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Оқытушылардың тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру студенттердің сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер студенттердің жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады.
Бұл технологияның тиімділігі – студенттің құзіреттілігін арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар:
жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады;
студенттің өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады;
алған білімге сын көзбен қарауға, білімді сапалы түрде алуға дағдыланады;
мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады;
бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
ойларын дамытуға;
тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Күтілетін нәтиже:
жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім сапасын көтеру;
жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша студенттерды мамандығына баулу механизмін құру;
мультимедианы, интерактивті тақтаны, он-лайн жүйесін мұғалімдер мен студенттерды еркін пайдалануына жол ашу;
отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;
білім беруді басқару салаларының ақпараттық желісін құру жұмысын жүйелеу.
Қорыта айтқанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану - бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден – бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым – қатынастарға себепкер болады.
Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады, сондай- ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.
Әдебиеттер
ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Қазақстан жоғарғы мектебі.- 2004. - №1.
К.З.Халықова, Г.А.Абдулкаримова Педагогикалық информатика. Білім беруді ақпараттандыру: Оқулық. – Алматы: Абай ат.ҚазҰПУ, 2007.-274 бет.
Г. Сулейменова. Ақпараттық технологияны сабақта қолданудың тиімділігі. ЭР - http://collegy.ucoz.ru/publ/45-1-0-13565
Мұғалімге арналаған нұсқаулық, үшінші деңгей, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012
Есбосынова А. Қ. Оқу-тәрбие үдерісінде АКТ қолданудың тиімділігі. http://sc0005.celinograd.akmoedu.kz/article/view/65727a6225b4ed4c0042c13dd5bc6255/?p=
Достарыңызбен бөлісу: |