Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Талдықорған политехникалық колледжі
Жас мамандар мектебі
Тақырыбы: «Кәсіпкерлік саласындағы ойын технологиясы»
Баяндамашы: Кукшибаева М.Л.
Талдықорған 2019 ж.
Ойын элементтерін экономикалық пәндерді оқытуда пайдалану
Оқушыларды білім көкжиегіне жеткізетін тәсіл – ойын.
<<Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты>>,-деп В.Ф.Сухомлинский айтқандай ойын ақылды,ойды,тапқыр алғырлықты дамытады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын білімге қарай ұмтылуыда жаңа ғана ашылған құпияға толы қазына іспеттес.
Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін танымдық белсенділігін арттырады, теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады.
М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының сөйлесу бөлімінде қолданылатын оқыта үйрету ойындары жеке, топтық және ұйымдық жұмыс ретінде оқушының қисынды ойлауын, жадын, шығармашылығын дамытуды мақсат етеді. Сондықтан сөйлесу бөлімінде қолданылатын оқыта үйрету ойындар – топта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да оқушыларды жаңа тақырыпты меңгертуге ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |