Өндірістік ойындар
Өндірістік ойындар практикалық проблемаларды өмірлік ситуацияларға жақындастырып шешуге, кәсіби тұрғыдан нақты әрекеттерді орындау дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.
Өндірістік ойындар әдетте білім алушы топтың өзара келісімге келіп, бірлескен ізденіс әрекеттері (ой-толғаныс, талқылау, пікірлесу, идея жинау арқылы) түрінде өтеді. Ал мұндай әрекет топ мүшелерінің барлығын да жұмысқа, қарым-қатынас үрдісіне жұмылдырады. Бұл әдіс коммуникацияның ерекше түріне жатады.
Бұл ойынды «Банк ісі» пәнінде «Несие туралы шарт, оның мазмұны және құрылымы» тақырыбында қолдандым, яғни бұл ойын тәжірбиелік сабақ кезінде қолданылды, бұл сабақтың мақсаты несие берудің жаңа шарттарын талқылап, оларға өзгертулер енгізу болып табылады. Білім алушының сабақ кезінде келісім-шарттар толтырып, несие алушы немесе несие берушінің рөлдерінде ойнау арқылы өзін еркін ұстап, маман ретінде сезіне білді, құжаттар толтыруда жоғары жауапкершілікпен қарау туралы түсінік қалыптасты. Білім алушылар кәсіби проблемаларын өздігінше қарастырып, оларды шешуге теориялық білімдері мен кәсіби тәжірибелерін қолданды, кәсіби проблеманы шешудің әртүрлі балама ұстаныстарын келтірді, ішінен ең тиімдісін таңдай білді, оларды жекелей және бірлесе отырып өзіндік тұрғыдын шешті.
Достарыңызбен бөлісу: |