Тұлғаның әрекеті ретінде ойын құрылымына:
мақсаткерлік;
жоспарлау;
мақсатты іске асыру;
тұлға өзін субъект ретінде толық көрсететін нәтижелерді талдау сияқты кезеңдер жатады.
Ойын әрекетінің түрткісі оның еріктілігімен, таңдау мүмкіндігі, элементтері болуымен қамтамасыз етіледі.
Үрдіс ретінде ойын құрылымын:
Ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері;
Сол рөлдерді іске асыру ретіндегі ойын элементтері;
Заттардың ойындық қолданылуы, яғни шынайы нәрселердің шартты түрде не ойын түріне ауыстырылуы:
Ойнаушылар арасындағы шынайы қарым-қатынастар;
Сюжет (мазмұн) – ойын барысында шартты түрде алынатын шындық саласы құрайды.
С.А. Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:
- тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркі дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);
- елеулі мөлшерде суырып салмалық, щығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты (шығармашылық аясы);
- әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәскелестік, жарыс (эмоцияналдық қуат);
- ойын мазмұнынын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.
Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтер атқарады:
Достарыңызбен бөлісу: |