Жас мамандар мектебі Тақырыбы: «Кәсіпкерлік саласындағы ойын технологиясы»



бет2/9
Дата11.01.2022
өлшемі62,42 Kb.
#111208
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ойын элементтері сабақта
Сабақ жоспары 6 сынып VI – IX ғғ. Қазақстан Түркі әлемі қалыптасуының басталуы 2-сабақ, 3 Кузенбердиева, Күзенбердиева Айгүл, . Маркетинг жүйесіндегі тауар
А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - дейді.
Н.К.Крупская ойынның байқағыштыққа, ептілікке және басқа мінездерге тәрбиелейтін атап айтқан.

Ал біздің халық даналығы: «Ойлы бала, ойыннан өседі» - дейді.
Ол адамның дербестігін, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытады. Оқытудың түпкі мақсаты – оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оның танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейдеге көтеру.
Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін- өзі басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады.
Ойын- бала қызығуының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық кеңістігі. К. Д. Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: «Ойын- балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс- әрекет көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық, өмірге қарағанда терең қаланады.» Балалар ойын кезінде өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Дұрыс орындалған ойында жақсы қатысқан оқушылардың атттары аталып отыруы керек. Ойын түрі белгіленген уақыт ішінде өтеді.. Ойын арқылы баланың бойында адамгершілік қасиеттер қалыптасып, психологиялық қабілеттері жетіледі. Педагогикалық ойындар педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың құралы болып табылады. Педагогикалық ойынның айырмашылығы алдыға қойған мақсаты мен міндеті бар, оқу- танымдық бағыттылығымен сипатталатын құнды ерекшеліктерінің болуында.

А.Байтұрсынов «...баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйретуі керек» деген қағидасын басшылыққа алған жөн. Ойын – үйрету әдісінің ерекше түрі. Ол үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет