Қоғамдық пәндерді оқытуда интерактивті әдістерді пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру



Дата19.05.2017
өлшемі84,78 Kb.
#16472
Абуова Рахия
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агаралық

техникалық колледж жоғары санатты оқытушысы



Қоғамдық пәндерді оқытуда интерактивті әдістерді пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру
«Сабақ беру – үйреншікті жәй шеберлік емес, ол үнемі жаңаны жаңадан табатын өнер. Сондай-ақ мұғалімнің интелектілік байлығының өлшемі, ой-өрісінің көрсеткіші»

А.Байтұрсынов

Қойнауында күн сайын емес, сағат, тіптен минут сайын жаңалықтар тоғысып жатқан Тарих атаның ХХІ ғасыры - дарындылар мен білімділер ғасыры болып тұр. Ұлы тұлғаларымыздың бірі Шоқан Уалиханов бұдан біржарым ғасыр бұрын : «Халқымыздың кемеліне келіп, өркендеу үшін азаттық пен білім керек » - деген екен. Шоқан бабамыз айтқан азаттыққа қол жеткізіп, егемен ел атандық. Ендігі жерде осы егемен еліміздің ертеңі ұрпағының оқу-білімінің тереңдігімен өлшенеді. Жаһандану үрдісі басымдау болып тұрған мынау аласапыран әлемде «бәсекеге қабілетті елдің қатарынан лайықты орын алу » үшін алдымыздағы шәкірт сапалы білім, саналы тәрбие алу керек. ХХІ ғасыр ұстаздарының алдында тұрған ауқымды мақсат – білім өресі биік, рухани ойлау дәрежесі жоғары, парасатты, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақты оқытып тәрбиелеу және жаңа техника жетістіктерін толық игерту. Осы ауқымды мақсаттан ұстаздар алдындағы басты міндеттер айқындалады.

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады» деген сенімді сөздері жәй айтылған сөз емес.

Білім беру – тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Жаңа адамды, жаһандану үрдісіне жұтылып кетпейтін ел азаматтарын қалыптастыру талабы қазіргі оқу орындарының алдына ерекше міндеттер қоюда. Өйткені өмірдің өзі қаншалықты күрделі болса, жаңа адамды қалыптастыру соншалықты күрделі процесс екені баршаға аян.

Халық педагогикасында «Анаң болса да, оның жаман қылықтарына еліктеме, жауың болса да оның жақсы қылықтарына елікте» - деген қағидасы жас ұрпақты жаңа талап, жаңаша көқараспен оқытып, тәрбиелеуді негіздейді.

Адам баласының ғылыми дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыруда қоғамдық пәндер сабағының мәні зор. Дүниені, дүниедегі құбылысты, өзгерісті жан-жақты түсіну үшін өткен өмірімізді, тарих бетіндегі ерте кезеңдерді, ондағы оқиғаларды, процестерді білуіміз керек. Оқиғаларды , белгілі тақырыпты жазылған күйінде қабылдамай, ғылыми тұрғыдан дәлелденген түрде түсіну үшін әуелі ойлау, елестету, одан кейін фактілерді, оқиғаларды, ұғымдарды, жағдайларды ойша қорытындылау арқылы түсінік қалыптастырған жөн.

Бүгінгі студент – ертеңгі маман, ел азаматы. Сондықтан шәкірт бойында жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, оларды өмірге, еңбекке дайындауға оқытудың негізгі формасы – сабақтың, әрбір пәннің мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануымыз керек. Яғни өз пәніміз бойынша оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру барысында оқыту әдістерін жетілдіру арқылы шәкірттің дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруымыз керек.



Жалпы әдіс дегеніміз не?

Педагогикалық сөздіктен іздесек мынандай анықтама бар. Әдіс (метод) – білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ,ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға көмектестеін тәсіл.

Қазір дәстүрлі оқыту мен дамыта оқыту туралы, олардың айырмашылығы, ерекшелігі туралы көп айтып жүрміз. Қатып қалған көзқарасты өзгерте қою, оны әділдікпен, шыншылдықпен дәл тауып түсіндіру қиын болды. Менің өзімнің ұстаздық еткен уақытымның соңғы жылдарында дамыта оқыту әдістерін көбірек пайдаланып келемін. Себебі қазіргі алдымызда отырған шәкірттер ғылым мен техниканың дамыған кезеңінің ұрпақтары. Қазақтың кемел ойлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мұғалім нашар болса сыйлы мектепте отырып сабақ бере алмайды. Тәртіппен жасалған оқу құралдарымен оқытуға тәртіппен оқыта білетін мұғалім керек » - деген екен. Осыдан келе әрбір ұстаз оқытудың әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияны терең меңгерген, өз пәнін жетік білетін ерекше дарынды болуы шартты. Ізденімпаз, жаңашыл оқытушының шығармашылығындағы ерекше түр – оның сабақты түрлендіре өткізіп, шәкіртінің жүрегінен жол таба білуінде. Осыған орай ХХІ ғасыр оқытушысы заман талабына сай компьютерді меңгерген, мультимедиялық оқыту құралдарын біліп, интернетті пайдалана білуі керек. ХХІ ғасырдың «байланыс ғасыры» деп аталатынын ескерсек, ұстаздарға қойылатын талаптың жоғары болатыны анық.

Алдымызда отырған әрбір шәкіртті біз жеке тұлға деп қабылдауымз қажет. Бұл қазіргі оқытудың жаңа әдісі – интерактивті оқытудың да ең негізгі шарты.

Өз тәжірибемде мен дамыта оқытудың «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» және «Деңгейлеп, саралап оқыту» (қазір оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі деп аталып жүр) технологияларын көбірек қолданамын. Бұл педагогикалық технологиялардың әдістерін күнделікті сабақтарда, ашық сабақтарда, тәрбие сағаттарында қолданып жүрмін. Мультимедиялық және интерактивті тақтаны бұл әдістердің қай-қайсысында болса да пайдалануға болады. Нәтижесінде бұл әдістерді пайдаланған кезде шәкірттерім өз ойын анық айта алатын, өзін еркін ұстай алатын дәрежеге жетті. Ең бастысы еркіндікке, шығармашылыққа жол ашылды. Мен сабақ беретін «Саясаттану» пәні мемлекет, қоғам, билік, меншік, демократия, партия т.б.туралы оқытатын пән болғандықтан студент жаңа, біз келе жатқан ашық демократиялық қоғамға бейімделу керек. Бұл әдістерді пайдалану барысында шәкірт өзін жеке тұлға ретінде ұстап, жауап бере алады, өз ойын, тұжырымын ашық жеткізеді. Жасыратыны жоқ, оқытушы алдындағы үлкен проблеманың бірі – аудиторияның өтіліп отырған сабаққа белсене қатысуы, түгел тартылуы. Бұл қиындықты шешетін де, шешкен де осы дамыта оқыту әдістері. Дамыта оқыту мазмұнының әдістерінің шәкірттің даму заңдылықтарына сәйкестендірілген формасы екенін бәріміз білеміз.

Бұрынғының барлығын әрине жоққа шығара алмаймыз. Өткенмен байланыстырмай, одан сабақ алмай болашақты жарқын ете алмаймыз. Дегенмен бұрынғы оқытуда мынандай кемшіліктер болды:



  1. Шәкірт басқаруға қатыспайды, тек ұстазға тәуелді.

  2. Шәкірт білім қажеттігіне сенбейді, амалсыз айтқанды істейді.

  3. Даму жан-жақты емес, сыңаржақ бағытта жүргізіледі.

  4. Тапсырма жалпы беріледі, жеке ерекшеліктер ескерілмейді.

  5. Іс ұжымдасып атқарылмайды, тек біріккен әрекет бар.

  6. Өзара шынайы сұхбат жоқ. Тек мәлімет алмасу ғана бар.

  7. Басты мақсат адам тәрбиелеу емес, жоспар орындау ғана.

Ал енді осы ондаған жылдар бойы қалыптасқан ескі дәстүрді бұзып, оқытуды жаңаша ұйымдастыру қажет:

. Елдің ертеңгі болашағы – алдымыздағы шәкірттердің қоғамдағы жеке тұлға болып қалыптасуында мынандай сабақ және жұмыс түрлерін пайдалану өте тиімді: сайыс-сабақ, баспасөз, дебат, саяхат, ауызша журнал, сұхбат-сабақ, конференция – сабақ, ізденіс сабағы , салыстыру, зерттеу, деректермен жұмыс, шығармашылық жұмыстар, топпен және жекелей жұмыс.

Бұл технологиямен қазір көптеген әріптестеріміз жұмыс жасайды. Оқу мен жазу арқылы сын трұрғысынан ойлауды дамытудың сабақ өткізудегі үш кезеңінде өзім қолданатын стратегиялар:

І фаза

Қызығушылықты ояту

ІІ фаза

Мағынаны тану

ІІІ фаза

Ой-толғаныс

(рефлекция)

Көрнекілік

Топтастыру

Болжау

БҮҮ


Т.б

Көрнекілік

Семантикалық карта

Блумның сұрақ қою өлшемі

Пікірталас

Т.б


Топтастыру, көрнекілік

Синквейн


Венн диаграммасы

Еркін жазу

Галереяны аралау

Т.б


Сабақтарымда осы технологиын жүзеге асыру үшін оқулықтан тыс қосымша көркем әдебиеттер, естелік зерттеу еңбектерін тұрақты пайдалануға тура келеді. Әсіресе ұлт тарихындағы азаттық күрестер, нәубет жылдар оқиғасы, тарихи дара тұлғалар туралы жалаң сөз етпей, оқиғаны әсерлеп, сезіміне әсер ете отырып, білім бергенде олардың көп білуге деген ұмтылысы, пәнге деген қызығушылығы, сондай-ақ ұлы тұлғалардың ерлік істеріне деген мақтаныш сезімі кеудесін кернейді. СТО технологиясының І кезеңі бойынша сабақты түсіндіргеннен кейін жоғарыда аталған екі кезеңін технологияны шебер де еркін пайдалануға жол ашылады. Сабақ шынайы түрде оқушының ой-өрісін дамыта оытырып өткізіледі.

Бұл технологияны пайдалану барысында мен не ұттым, неге қол жеткіздім:



  1. Оқушыға еркіндік беріледі

  2. Оқушы оқыту процесіне қатысады

  3. Шығармашылыққа ұмтылады

Ең бастысы – бұл технологияның әдістерін қолданғанда кез-келген басқа технологиялардың әдістерін емін-еркін пайдалануға болады.

«Деңгейлеп, саралап оқыту» (қазір оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі деп аталып жүр) технологиясын пайдалану.

Мен бірнеше жыл қатарынан профессор Ж.А.Қараевтың Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясын да іс-тәжірибемде пайдаланып келемін.

Осы технология негізінде сабақ беретін топтарымда тарих пәні бойынша тақырып мазмұнын деңгейлік жүйемен жіктеп, әр деңгейдің талабына ыңғайлы тапсырмаларды саралап, іріктедім. Деңгейлік тапсырмалардың негізгі жүзеге асырылу шарты – қарапайымнан-күрделіге, аздан көпке қарай сатылап, динамикалық даму. Сол кезде ғана басы мен аяғы жинақталған біртұтас коплексті үйрету жүйесі қалыптастырылады. СДО технологиясының негізгі ерекшелігі тапсырмаларды орындау кезінде «деңгейлік» және «дербес» оқыту принциптерімен қатар «ізгілендіру» принципі сақталады. Оқушыларды «қабілетті» және «қабілетті» деп бөлмей, барлығына бірдей талап қойып, деңгейлік тапсырмаларды орындауда оқушыға мешқандай қысым көрсетілмейді, әр оқушы өз еңбегін өзі бағалап, бағалау мониторингін де өзі жасайды.

Бұл технологияның мен үшін тиімді болған жағы:


  1. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады

  2. Оқушының жеке қабілеті айқындалды

  3. Іштей бір-бірінен қалмауға тырысады

  4. Әр оқушы өзі алатын бағаны біліп отырады.

Ел ертеңі болып саналатын лдымыздағы отырған жас өркенді жеке тұлға етір шығару үшін мен мына үш қағида міндетті түрде орындалу керек деп есептеймін:

  1. Оқушыларды оқыту процесін басқаруға қатыстыру.

  2. Ұжымдық әрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету.

  3. Деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап, даралап оқыту.

Бұл міндеттерді орындап, нәтижеге қалай қол жеткізуге болады? Адам неғұрлым биікке шықса, көкжиегі кеңіп, төңірегін соғүрлым анығырақ шолатыны сияқты, ең алдымен ұстаздар қауымының әдістемелік дайындық деңгейін сапалық деңгейіне көтеру қажет. Өйткені тәрбиешінің өзі тәрбиелі болмаған жағдайда, тәрбиенің сапалы болуы қиын. Яғни шығармашыл, жеке түлға қалыптастыру үшін ұстаздың өзі шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға болуы тиіс.

Шәкірттер белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой-таласын туғызумен қатар, сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған ортаның өзгерісімен, қозғалысымен, шындығымен үнемі байланыстыру – оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.

1.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 1998.

2. А.Е.Әбілқасымова, Р.Омарова . Мұғалімнің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. А., - 2003 ж



3. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Алматы-2006
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет