Жаңа білім
Сабақтың тақырыбы: ПРОЦЕССАРАЛЫҚ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУДІҢ МЕХАНИЗМДЕРІ
Қазіргі операциялық жүйелер процесаралық өзара əрекеттесулердің мынадай жеті негізгі механизмдерін іске асырады.
Үзілістер. Бастапқыда үзілістер механизмі операциялық жүйелерде хабарлау үшін қолданылды. Нақты уақыттарда аппаратты құрылғылар кейбір жағдайлардың болуын хабарлайды (əрекеттерге дайынды, істен шығуы, ақпараттар блогының жіберілімінің аяқталуы). Мұндай жағдайлардың нұсқалары саны жеткілікті көп болуы мүмкін жəне олардың барлығы операциялық жүйелермен бөлінуі қажет. Дайын болғандығы туралы осындай хабарлаулар үзілістер деген атауға ие болды, себебі үзілісті қабылдау кезінде, операциялық жүйе ағымдағы міндеттердің орындалуының тоқтатуы жəне келіп түскен үзілістерге орай əрекет етуі керек.
Үзілістерге орай əрекет ету, əдетте, операциялық жүйеге бағытталған, жадыда орналасқан бағдарламалық кодтың орындалуымен тұжырымдалады. Операциялық жүйе жадының арнайы аумағын (үзілістер кестесі) сүйемелдейді, мұнда əр үзілістерге (əдетте, сəйкестендірілген нөмірі бойынша) бағдарламалық код (үзілістер өңдеушісі) орналасқан жады бағытының сəйкестігі қойылады. Жүйе сүйемелдейтін үзілістер саны белгіленген. Операциялық жүйе əдетте 16-дан 256 үзілістерге дейін сүйемелдейді.
Үзілістердің өңдеушісі орындалатын процестерге тəуелді емес, дегенмен бағдарламалық код процестердің бірімен қайта анықталады. Осылайша үзілістер өңдеушісінің пайдаланушысы орнатылады. Өңдеуші орындалғаннан кейін операциялық жүйе басқаруды қайтарады немесе үзілістердің келіп түсуіне дейін белсенді болған бір немесе бірнеше міндеттердің орындалуын аяқтайды.
Құрылғыдан келіп түсетін аппаратты үзілістерден басқа, кез келген процеспен басталатын бағдарламалық үзілістер бар. Осылайша, процесс операциялық жүйеге, оның орындалуы барысында қандай да бір оқиғаның орын алғанын хабарлайды.
ОЖ жүйелік шақыруының əрінде дəл осылай үзілістер белсенді болады. Мысалы, сəйкес келуші үзілістер, мəтінді терминалдың экранына шығару кезінде белсенді етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |