Ағылшындық лорд-канцлер Бэкон Фрэнсис (1561-1626 жж.) еуропалық философияның эмпирикалық (тәжірибелі) таным әдісінің қалаушысы. Ол үшін философия – алдымен тәжірибелі танымға сүйенетін шынайы әлем туралы ғылым. Маркс және Энгельс бойынша, Бэкон «ағылшын материализмі және барлық қазіргі эксперименттік» ғылым атасы болып табылады. Бэкон танымда бірінші орында тәжірибелі, табиғи ғылым болуы тиіс деп ойлаған. Ақылдың міндеттеріне осы деректерді өңдеу, жүйеге келтіру және мәселелердің көрінісін табу жатады.
Ол «Ғылымның Ұлы қалпына келуі», «Жаңа Органон» трактатында, «Жаңа Атлантида» жобасында, өзінің философиялық тұжырымдамасының мәнін тәжірибе және танымның индуктивті таным тәжірибесіне негіздеген. Бірақ тиянақты білім алу үшін, осы тәсілді кең көлемде пайдалану жеткіліксіз. Осыған керісінше рационалды тәсілді қолдану да жеткіліксіз. Ақиқат ортасында болады. Барлығына түсінікті мысалды қолданып, Бэкон мынандай айқындамасын анықтайды: эмпириктер құмырсқаларға ұқсас, олар тек қана жинап, жинағанын қолданады; рационалистер өрмекшілерге ұқсас, өз-өзінен мата жасаушылар. Ортаңғы тәсіл араларға ұқсас: ол өзі жабдықтарды шығарады, бірақ өз қалауымен өзгертеді. «Осы айтылғандардан философия негізі ажыратылмайды» деп тұжырымдайды. Ол өзін осы араға жатқызады, екі әдісті де түсініп, жақсы қолданады, яғни «Ғылым-күш» деген.
Өзінің басты еңбегі – «Ғылымды ұлы қалпына келтіру» жобасында барлық өмірінің ісі – философияны шынайы әлем ғылымы сияқты анықтайды. Зерттеу мәселесі «объективті шынайы сезім болуы тиіс». Сезімнің танымы тәжірибе мен эксперимент, ол ойластырған бастапқы пункт «жаңа индуктивті тәсіл». Оның негізінде қадағалау, анализ, салыстыру және тәжірибе жатыр. Бұл – «шынайы индукция, интерпретацияға жол ашады».
Бэконның айтуы бойынша, Түсінген адам бөгеттермен кездеседі. Бұл – ескі теориялар және идолдар (елестер). Идолдар туралы ілімде Бэкон жалған пікірлердің төрт түрін атап өткен: