Жаңа дәуір философиясы



бет5/15
Дата07.03.2022
өлшемі49,07 Kb.
#134514
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
annotation11176

Исаак Ньютон (1642-1727 жж.) жаңа уақытта классикалық физиканы жасауды аяқтады. Оның шығармасы «Шыншыл философияның математикалық бастамасы» (1687 ж.). Ал үшінші кітабының басында Ньютон «философиялық пайымдаудың төрті ережесін» тұжырымдайды. Бұл ғылыми зерттеулерге бағынатын әдіснамалық заңдар. Ньютонның ойы бойынша, «табиғат қарапайым және дүние-мүліктің себебінен асып-таспайды», ол біркелкі. Демек, сезімнің негізінде ұзақтылық, қаттылық, тұңғиықтық, қозғалыс секілді дененің негізгі табиғи сипаттарын тағайындауға болады. Барлық осы сипаттарды сезімдерден индуктивті әдісті (меншіктіден – ортаққа; жайдан – күрделіге) пайдаланып шығаруға болады. Физик және математик секілді ойласақ, Ньютон индукция бірден-бір пәрменді рәсіммен ғылыми пікірдің құралымы болып табылады деп қарастырады. Ол «жалпы индукция жолымен шығарылған экспериментальды философиялық ойларды қарама-қайшы гипотезаға қарамастан, шындық немесе шындыққа өте жақын деп қарастыру керек» деп тұжырым жасайды.
Ньютон физикасы шындықты зерттейді, ал атқаратын қызметінде ол тартылыстың мәнін қазбаламайды. Ол аспан және жер денелерінің қозғалысын түсіндіреді.
Томас Гоббс (1588-1679 жж.) Ф. Бэконның сенсуализмін және Декарт рационализмін бөледі. Өзінің «алғашқы» философиялық пайымдауларында қозғалыс, сабырлық, түс акциденцияларымен сипатталатын материяның алғашқылығын мойындайды. Бірақ, ол бірінші орында онтологиялық емес, «Азамат туралы», «Левиафан» еңбектерінде мазмұндалған әлеуметтік-саяси мәселелерді көтерген. Гоббстың қоғамдық құрылым және мемлекетке деген көзқарасы «адамдардың табиғи күйінен», яғни зиян келтіруші, атаққұмар немесе ашкөз деген кемелдіктен алыс қасиеттерінен келіп шыққан.
«Адам туралы» шығармасында Гоббс: «адам адамға – қасқыр», оның табиғаты сондай» деп капитализм заманының тезисін құрды. Адамның осы күйін «барлығының барлық нәрсеге құқығы бар» деп сипаттайды. Ол билік бір немесе бірнеше адамның қолында болатын қоғам құру арқылы осы мәселенің шешімін табуға болады деп санайды. Билікке өз құқықтарының бір бөлігін бере отырып, азамат оның әрекеттеріне жауапкершілік алуы тиіс. Бұл жауапкершілік қоғамдық келісімшартпен бекітіледі. «Адамдардың арасында қоғамдық келісімшарттың бекітілуі, оларға жаппай соғыс жағдайынан құтылуға мүмкіндік береді» деп үміттенді Гоббс. Бұған мемлекет мүмкіндік жасауы қажет. Мемлекет адамдар арасындағы қоғамдық заңдарға қатысты, азаматтың табиғи құқықтарын шектейтін табиғат заңдарын орнына қоюға міндетті. Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселелерді қарастыра отырып, Т.Гоббс «Ұлы Левиафан» немесе мәңгі емес Құдай, бірнеше адамдар келісімінің салдарынан, «олардың татулығы немесе ортақ қорғаны үшін» пайда болған деп мәлімдейді. Гоббсша, мемлекеттік заң және мемлекеттік билікке сөзсіз бағыну қажет, биліктің пішіні – абсолютизм (монархия), аристократия немесе демократия болса да.
Сонымен, Гоббс – біртұтас, орталықтандырылған мемлекеттің жақтаушысы, яғни, «адамның басты құқыктары»: өмірге деген құқығы, меншік және еркіндікке деген құқығын жақтаушы болды.
Еркіндік және ұйымшылдық өзара үйлесімді, сонымен қатар, олар бір-бірін толықтырады, өйткені Құдайдың еркі солай деп бекітті Гоббс. Еркіндік туралы пікір айта келе, ол тек қана табиғи еркіндікке (Құдаймен көрсетілген) назар аударды. Еркіндік дегенде ол сыртқы кедергілердің болмауын түсінеді. Осы мәселенің шешімін философиялық тұрғыдан емес, біржақты, прагматик немесе тәжірибелі азамат ретінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет