Жаңа ғасырдағы білім беру технологиялары және оны оқу тәрбие үрдісіне енгізу 2020 К



Дата18.06.2020
өлшемі62,29 Kb.
#73975
Байланысты:
Жаңа ғасырдағы білім беру технологиялары және оны оқу тәрбие үрдісіне енгізу




Жаңа ғасырдағы білім беру технологиялары және оны оқу тәрбие үрдісіне енгізу

2020

Кіріспе

ХХІ ғасыр ғылым мен білім қарыштап дамыған, технологиялардың сәт санап жаңарып, даму тынымсыз жүріліп жатқан уақытта жаһандану үдерісінің шаңына көміліп қалудан құтқаратын күш – білім.

2018 жылдың 10 қаңтарында жариялаған Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын жолдауында: «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.

Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.» деп болашақ ұрпағымызды тәрбиелеу мен білім беруде жаңа серпін керек екенін баса айтты.

Қазақстандықтарға елімізді жаңа белеске алып шығу үшін он міндетті баса көрсетіп берді. Сол он басым міндеттің жетіншісі «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталады.

Жолдауда: «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек.

"Рухани жаңғырудың" мән-маңызы да нақ осында.

Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.» деген жолдардан-ақ біздерге, ұстаздар қауымына жүктелген міндеттің салмағын бағамдауға болады.

Елбасының алға қойған ұлы мақсаттарына жету үшін білім саласы жаңалықтарға толы өзгерістерге жол ашты. Соның бірегейі – оқытудың жаңартылған мазмұнға көшуі.

Елбасы жолдауында: «Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары.

Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.» деп бұл реформаның жаңашылдығы мен қажеттілігін де атап көрсетіп кетті.

Бүгін де әр ұстаз оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибесіне енгізудің соны жолдарын іздестіруде. Мен де сіздермен өз тәжірибемді бөлісуді жөн деп көрдім.

Негізгі бөлім.

Жаңа ғасырдағы білім беру технологиялары және

оны оқу тәрбие үрдісіне енгізу

Заман талабына сәйкес біз, Қазақстандық ұстаздар қауымы оқытудың жаңа формасына біртіндеп көшудеміз. Бұрынғы біржақты, таптаурын технологиядан бас тартып, оқытудың жаңа технологиялары мен жолдарын іздестірудеміз.

Оқыту – көп қырлы, сан салалы үдеріс. Оқыту технологияларын ізгілендіру кезінде онымен қатар алып жүретін бір өзекті нәрсе бағалау технологиялары. Оқу үрдісінің бөлінбес бір бөлігі – бағалау. Біз оқыту технологиялары туралы сөз еткенде бағалау технологиялары одан қалыс қалмауы керек. Екеуі құстың қос қанатындай егіз ұғым болуы ләзім.

Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі – білім беру жүйесіндегі көкейкесті, өте өзекті мәселелердің бірі. Бұрынғы оқытуда оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді, білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері болмады, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс қалыптаспады, «оқушы үні» естілмеді. Төрт баллдық жүйеге негізделген бағалау мұғалімнің толық билігіндегі құралы болып табылып, білім беруде авторитарлық әдіс қолданылды. Бес баллдық бағалау шкаласы – басқа да дәлдігі жетіспейтін нормативтік бағалау құралы, бүгінгі күні сабақтағы бағалау үрдісіне қзгеріс енгізу – мұғалімнің міндеті.

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен алынған, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайындағы өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

Бағалау үрдісі оқушылар жетістігі үшін негізгі элемент болады: пәннің мазмұнын түсіну, білім алу, дағдыларын жетілдіру, жауапкершілік пен оқыту қызметіндегі тәсілдерді қалыптастыру.

Мұғалім мен оқушылар арасында тиімді қарым-қатынас, өзара түсінушілік бола отырып формативті бағалауды сабақта қолданса,табыс критерийлерін оқушылармен бірлесе отырып құрса, оқушының да пәнег деген қызығушылығы артар еді. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіледі, оқушы қатесін түзеуге мүмкіншілік беріледі.

Оқу және үйренуді бағалаудың 4 принципі бар (қағидаты) бар.



  • Оқушы қай деңгейде содан басталады (жеткен жетістіктерін анықтау;

  • Оқушылар өздері үйренеді, олар үшін ешкім оқымайды, өздігінен үйренеді;

  • Оқушы не үйреніп жатқаны туралы сөйлей алады;

  • Оқушылар қалай үйрену керек екендігін үйренеді.

Бағалаудың 4 аспектісі бар (ағылшын ғалымдарының зерттеуі Б.Уилямс):

  • Тиімді түрде сұрақ қою;

  • Оқушыларға критерийді жеткізу;

  • Өзара және өзін-өзі бағалау;

  • Кері байланыс.

Оқу үшін бағалау оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады және оқушының қандай бағытта даму керектігін анықтау үшін қажет.

Бағалау арқылы оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететін бес қарапайым фактор бар:



  1. Оқушылармен тиімді керібайланыс орнату.

  2. Оқушыларды өздерінің оқу үдерісіне қызу араластыру.

  3. Оқыту мен бағалау нәтижелері арасында байланыс орнату.

  4. Оқу табыстылығының негізгі факторлары болып табылатын оқушылардың ынтасы мен өз қадір-қасиеттерін сезінуді дамытудағы бағалаудың мәнін түсіну.

  5. Өз жұмысын өзі бағалау және өзін өзі жетілдіру жолдарын түсіне білуді дамыту.

Бағалаудағы мұғалімнің тиімді рөлі тәлімгер ретінде «Кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету».

Сабақта мұғалім әрбір тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалауды кіріктіріп отырса, Джон Кетти зерреулеріне сәйкес оқушының оқуына әсер етуде жазбашаға қарағанда ауызша кері байланыс неғұрлым тиімдірек еекенін ескеріп, үнемі кері байланыс жасалса оқыту нәтижелі болады. Оқушылар да құрбыларын бағалауда бір-біріне құнды кері байланыс ұсына алады және бір-бірінен үйренеді, бір-бірін қолдайды.

Сонымен, біз қазірде бағалаудың 3 түрін кеңінен пайдалана бастадық. Оқу үшін бағалау немесе қалыптастырушы бағалау, оқуды бағалау немесе жиынтық бағалау, сосын аралық бағалау.

Қалыптастырушы бағалау (формативті бағалау) /оқыту үшін бағалау – сезім, символ арқылы беріледі, ынталандырушы жетелеуші, қалыптастырушы критерий айқындау арқылы және баға қойылмайды, сөзбен беріледі немесе жазбаша.

Жиынтық бағалау (суммативті бағалау) оқу үшін бағалау – оқуды бағалау, жиынтық бағалау, санмен қойылады және мониторинг (сараптама) жүргізіледі. Ұқсастығы: бағалау, мақсат айқындалады және нәтиже шығарылады. Аралық бағалау – дербес үшінші тарап тарапынан жүргізіледі.

Қорытынды



Сөзімізді қорытындыласақ, уақытпен үндесіп, заман талабына сай сабақ өткізу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, тәжірибесіне енгізу әр мұғалімнің парызы. Сонда ғана жас буынды сапалы біліммен қаруландырып, қоғамымыздың талабын қанағаттандыра алатын жеке тұлға тәрбиелеп шығара аламыз. Осы жолға жету үшін Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей өмір бойы оқу ұстаз қауымға жүктелген салмақты жүк. Ерінбей ізденіп, талмай еңбектенген әріптестеріміздің жоғары жетістіктерге жетіп жүргенін уақыт көрсетіп жатыр. Әлем педагогтарының сын тезінен өткен жаңаша оқыту технологияларының элементтерін сабағына енгізу де уақыт талабы. Берері мол, жаңа сүрлеуде соны із табу үшін еңбектенуді өзіме мақсат етіп қойып, ізденудемін. Барлықтарыңызға табыс, шығармашылық жетістік тілеймін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет