23
ӨМІРЛІК МАҚСАТТАРҒА
ЖЕТУДІҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ
«...Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға...»
(Абай Құнанбайұлы)
Адам баласының үнемі жетіліп отыруы, алға
жылжуы өте құптарлық іс. Алдына үлкен
мақсат қойып, оған талпынуы адам өмірін
баянды етеді. Асқақ арманмен өмір сүру ғұ-
мырдың мәнін арттырады. Адамның діттеген
мақсаты биік болған сайын аянбай тер төгіп,
тынбай еңбек етуді қажет етеді. Аңсаған ар-
маны алыс
болған сайын сондай ерік-жігер,
күш-қайрат керек. Адамның шынайы құны
оның арман-мақсаттарымен анықталады.
Бірақ ұлы мақсаттарға ешкім қас қағым сәтте
қол жеткізе салмайды. Кейде ондай мақсат-
тарға жетпес бұрын адамның дәм-тұзы тау-
сылып кететін жағдайлар да аз емес. Алайда
адам үлкен мақсаттардың артынан жүрген-
діктен үлкен істер атқарады. Арманына толық
қол жеткізбесе де, сол арман оны талай беле-
24
стерді бағындыруға жетелейді. Биік шыңдарға
көз тіккен адам жоғарыға өрмелейді, биіктер-
ден көрінеді.
Биік шың демекші, тауларда
жүріп жан тапсырған альпинисттердің көбі
шыңды бағындыру барысында емес,
бағын-
дырып болғаннан кейін қайтар жолда жан
тәсілім етеді екен. Мұның себебі мыңдаған
метр шыңды бағындырар алдында оның мақ-
сатқа жетуге деген ұмтылысы оның аяқта тік
тұруына, әрбір қадамын мұқият аңдап басуы-
на, ерік-жігерін шыңдауға, жанын шүберекке
тас түйіп, күш-қуатын бойында сақтауына
ынталандыру беретін ерекше құдірет екен.
Тура сол сияқты алдына биік мақсат қойған
жанға асыл
армандары таптырмас энергия
көзі. Мұңайып, көңіліне қаяу түскен сәттерін-
де жанына шуақ сыйлайтын, суық күндерде
жылу беретін – адамның өмірлік мұраты.
Ал енді «осы мақсаттарға қалай жетеміз?»
деген заңды сұрақ туындайды. Мақсатқа же-
тудегі басты қағида – оны іске асыру үшін
нақты қадам жасап, жолға шығу. Ол жолда
жүруді тоқтатпау. Аз-аздан болса да күнделік-
ті қашықтықты жақындата беру. Бірден бәрі-
не бір күнде жетем деп өзін шаршатса, басқа
күндері жүрісін
жалғастыруға шамасы кел-
мей қалуы мүмкін. Одан да сорақысы, ол іске
деген қызығушылығы сөніп, сапарын тоқта-
25
туы ықтимал. Хакім Абайдың:
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға», – деген өлең жолдары
қалай дөп басып айтылған десеңізші.
Жүз тал шиді қолмен бір мезетте сындыру
қиын. Тіпті мүмкін емес те шығар. Бірақ жүз
шиді біртіндеп сындырса, бағанағы мүмкін
емес істің қалай
оңайлағанын байқауға бо-
лады. Бір тілді әп-сәтте үйрене қою қиын.
Алайда күніне бірнеше сөз үйреніп немесе
күнделікті аз-аздан практика жасап отырса,
жаңа тілдің де ордасын көп ұзамай бұзуға бо-
лады. Немесе уақыт мүмкіндігіне қарай, апта-
лық немесе айлық жоспарлар құруға болады.
Мысалы бір аптада немесе бір айда алфавит
үйренем, келесі кезеңде санап үйренем, одан
кейін оқу мен жазуға көшем деп үлкен жұмы-
сты кішкентай бөліктерге бөлуге болады.
Тағы бір басты назарға алынуы тиіс жайт –
ол адамның өз шамасын нақты анықтауы.
Жүрісті де бәсеңдетпейтін,
өзін де шаршат-
пайтын орта жолды табу маңызды. Себебі өз
шамасынан аз әрекет ету межелеген жерді
алыстатып, адамды қажытып жібереді. Жету
мүмкін емес секілді көрінгендіктен, құштар-
лығы қалмай, межеден үмітін үзеді. Ал ша-
26
масы келмейтін мөлшерде тырысу – адамның
сағын сындырып, зорықтырып жіберуі мүм-
кін.
Қорыта келе, алға қойған мақсаттарымызға
жету үшін аз да болса үнемі жалғасын тапқан
істің оңға басатынын айтқымыз келеді.
Достарыңызбен бөлісу: