31
Кітап оқудағы мақсатын анықтап алған адам
үшін оқыған кітаптарының
оған берері мол
болмақ. Кітап тарту ететін ең басты сый,
ол – жаңа ой, жаңа идея болып табылады.
Сол арқылы әрбір кітап адамның жан дү-
ниесін байытып, оған рухани азық болады.
Әрбір жаңа түйілген ой – оның ішкі әлемін
шуақтандыратын сәуле,
жарқырататын нұр
іспетті. Осындай жарық, зиялы адамның ау-
зынан маржандай тізілген көркем сөз шыға-
ды. Ол сөздер іске асып, өз жемісін береді.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, ісіне
береке кіреді. Сөзі
оңалғаннан кейін ісі де
алға басады. Терең ойдың түбінен сүзіліп
шыққан бұл ой іске асып, жемісін берген-
нен кейін адамның әдетіне айналады. Уақыт
өте келе қалыптасқан дағды – оның мінезіне
айналады. Ал
қалыптасқан дағды мен мінез
оның өмірлік бағыт-бағдарын белгілейді. Са-
парының бағдарын айқындайды. Ғұмырлық
өлшемдерінің картасын сызады.
Байыппен назар салып қарасақ,
осы про-
цестің басталуына түрткі болған негізгі фак-
тордың кітап оқу екенін аңғарамыз. Бұл про-
цесс үнемі жалғасын табу үшін аз да болса
күнделікті кітап оқып отырудың маңызы зор.
Өйткені күнделікті бір жаңа ойдың жанға
азық болуы – адамның тұрақты жетіліп оты-
руына септігін тигізеді.
32
Кітап оқудың тағы мынадай бір маңыздылығы
бар: Кітап оқыған
кезде адам миының екі
жағы да толық жұмыс жасайды. Ондағы жа-
зылған жайттарды оқуға, одан мағына шыға-
руға, оны түсінуге, қорытындылап анализ жа-
сауға ми нейрондары жұмылдырылады. Ми
осылай толық жұмыс істегеннен кейін, келіп
түскен ақпарат адам жадында ұзақ сақталады.
Оңайлықпен ұмытыла қоймайды.
Тағы бір маңызды жайт – кітап оқу адамның
сөздік қорын байытумен қатар, оның қи-
ял-фантазиясын дамытады.
Қазіргі уақытта
электронды кітаптар қол жетімділігімен ерек-
шеленгенімен, қағаз кітаптың орны ерекше.
Қорытындылай келе, кітап оқудың адам ба-
ласына берері мол екенін естен шығармау қа-
жет.