ЖаңА Өмірге мотивация алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет10/39
Дата08.02.2022
өлшемі7,95 Mb.
#119673
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
Жаңа өмірге мотивация

БІЗ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
ЖАСТАРЫМЫЗ
«Тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қой-
маймын».
Әлихан Бөкейхан
Мен шықпасам жарқылдап, сен шықпасаң 
жарқылдап, кім шығады жарқылдап?!
Еліміз тәуелсіздігін жариялағалы міне, тура 
отыз жыл толып отыр. Тәуелсіздіктен кейін 
туылған жаңа бір ұрпақ та жетіліп үлгерді. 
Тарихымызды ұмытпай, болашағымызды 
бағдарлап, бүгінімізді саралап отыру әрқа-
шан керек-ақ. Пандемия, карантиннің әсері-
нен өміріміз сәл саябырсып, өзімізге бір есеп 
беруге мүмкіндік тудырғандай. 
Осы сәтте мынадай бір орынды сұрақтар 
туындайды: «Осы елдің перзенті ретінде 
оның болашағы мен дамуына қалай үлес қоса 
аламын?», тіпті кейбіреулер «Менің қолым-
нан не келеді ғой дейсің?» – деп, қолын бір 
сілтеп жатады. Алайда Қазақстанның әрбір 
азаматы мемлекеттің жарқын болашағына ат-
салыса алады. Ол үшін әрбір адам өзін тұлға 


44
ретінде қалыптастыруға, сан қырынан дамуға 
әрекет жасауы тиіс.
Елімізде адамның өзін дамытуы үшін барлық 
мүмкіндіктер бар. Тәуелсіздік туы желбіреген 
мына заман, әсіресе жас буын үшін емін-ер-
кін дамып, жетілетін кезең. Бар болғаны әр-
кімнің өзіне қажеті мен керектісін таба білуі 
керек. Қай жерде, қай елде болмасын, даму 
талпыныссыз болмайды. Тек алға ұмтылу қа-
жет. Биік мақсаттар қойып, соның жолында 
аянбай тер төгу керек. Адам өз болашағын 
қалай елестетсе, түбі ол соған жетеді. Бүгінгі 
қиял – ертеңгі шындық. Ертеңгі нәтиже бүгін-
гі ниетке байланысты. Сондықтан бүгінгі ни-
етімізді түзетіп, болашағымызды мәнді етіп 
елестету өте маңызды. Ниетсіз, мақсатсыз 
амал ету соқырлыққа ұқсайды. Қайда және не 
үшін кетіп бара жатқанын түсінбейді. Ал тек 
ниет етіп, әрекетке кіріспеу – ақсақтық неме-
се шолақтыққа ұқсайды. Ойлаған ойы мен 
діттеген межесі болса да, оған жетуі екіталай. 
Сондықтан адамның жеке дамуына шынайы 
ниет (мақсат) пен талпыныс қажет. Абайша 
айтқанда, «Бұлар – өз иждиһадiң бiрлән ниет 
халис бiрлән iзденсең ғана берiлетiн нәрсе-
лер, болмаса жоқ». 
Адамның өз болашағын анық елестетіп, оны 
іске асыру жолында мақсатты қарекет етуі – 
өзін дамытудың негізгі тетіктерінің бірі деп 


45
айтуға болады. Өз өмірін өзі қолға алуға ты-
рысқан адам ғана саналы түрде өзін жетіл-
діруге кіріседі. Ол адам үшін әрбір сәт маңы-
зды.
Тек өзімізді жетілдіріп қана қоймай, еліміз, 
отанымыздың дамуына үлес қосу баршамы-
здың азаматтық борышымыз екенін бір сәт 
те естен шығармауымыз қажет. Ал еліміз 
Қазақстанның дамуы үшін алдымен өзімізді 
дамытуға тиіспіз. Басқаша айтқанда, жеке 
тұлғалық дамуымызды қолға алуда – еліміздің 
биіктерден көрінуі жатыр. Өзімізді тезірек 
дамытуға тырыссақ, еліміз де тез өркендей-
ді. Ал аз уақыт ішінде тез дамып, биіктерден 
көрінген елдер жаһан тәжірибесінде аз емес. 
Солардың бір-екеуіне тоқтала кетсек. Екін-
ші дүниежүзілік соғыстан Германия жеңіліс 
тапқандықтан, өте әлсіреп шықты. Экономи-
касы жермен жексен етілді. Алайда 25 жыл 
ішінде аяққа тұрып, тағы бір 25 жыл ішінде 
өз көршілерінен оқ бойы озып кетті. 
Тура солай әлсіреген мемлекет Жапония бо-
латын. Хиросима мен Нагасакиге атом бом-
басының тасталуы, бүкіл Жапон экономика-
сының күлін көкке ұшырғанмен тең болды. 
Жапония да тура солай 25 жыл ішінде мем-
лекетті толықтай қалпына келтіріп, тағы бір 
25 жыл ішінде ешкімді жеткізбей кетті десек 
болады. Осындай тез уақытта дамыған мем-


46
лекеттер мысалы әлемдік сахнада аз емес. 
Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия және 
тағысын тағы. Бұл мемлекеттерге ортақ қа-
сиеттің негізгісі ретінде адам ресурсына көп 
көңіл бөлгенін көреміз. Ортақ ұлттық ұран 
мен идеологияның жаңғырғанын аңғарамыз. 
Ұрпақ тәрбиесіне қатты мән беріліп, өскелең 
ұрпақтың санасына алға ұмтылуға деген жі-
гер мен құлшыныстың сіңірілгенін байқай-
мыз. «Кайзен», «Икигай» деп, түпкі тамыр-
ларынан адаспай жарқын болашаққа қадам 
басуға баулыды. Осылайша «Елу жылда ел 
жаңа» демекші, дамыған елдердің алғашқы 
легінен бір-ақ шықты. 
Еліміз Қазақстанның жағдайына оралатын 
болсақ, тоқсаныншы жылдардағы біздің 
жағдайымыз жермен жексен етілген Жапо-
ния мен Германиядан нашар болған жоқ, 
сірә. Осындай елдердің өткені мен бүгінінен 
алынған сабақ бізді қамшылай түсері анық. 
Тәуелсіздік алғалы бері де талай белесті 
бағындырғанымыз тағы бар. Қай салада бол-
масын, ілгерілеудің көріністері мен мұнда-
лап тұрады. Әлі де кем-кетігімізді толықты-
рудамыз. «Жұмыла көтерген жүк – жеңіл» 
ел болып, халық болып өз еліміздің дамуына 
әрқайсымыз үлес қосуға тырысатын болсақ, 
небір шыңдардан көрінетінімізге сеніміміз 
кәміл. Әлихан Бөкейханов сынды қазақтың 
біртуар азаматтарынан қалған мынадай асыл 


47
сөздер бар:
«Тірі болсам қазаққа қызмет қылмай 
қоймаймын».
«Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес мінезден».
Міне, осы ұстанымдар біздің қазақ жастары-
ның негізгі ұранына айналуға тиісті. Қазіргі 
қазақтың бойынан табылатын жақсы мінезге, 
болмысынан көрінетін жағымды қасиетке ай-
налуы қажет. Осы ұранмен өмір сүрсек қана 
көшті артымызға қалдырамыз. Аз уақыт ішін-
де биік шыңдарды бағындырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет