ЖаңА Өмірге мотивация алматы, 2021


Тәннің ләззаты — саулығында



Pdf көрінісі
бет22/39
Дата08.02.2022
өлшемі7,95 Mb.
#119673
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
Жаңа өмірге мотивация

Тәннің ләззаты — саулығында,
Жанның ләззаты — білімінде. 
Фалес


84


85
ЕГЕР ОЛ ЖАРАМДЫ БОЛСА, ОНДА 
БҮКІЛ ДЕНЕ ЖАРАМДЫ
Жүрек – қанайналым жүйесінің орталық мү-
шесі. Оның жиырылуы мен босаңсуының 
нәтижесінде қан қантамырлардың бойымен 
үздіксіз ағады. Ересек адамдардың жүрегінің 
салмағы – 250-300 г. 
Жүрек 1 тәулікте 7 мыңнан 10 мың литрге 
дейін қан айдайды екен. Ал жылына – 3 150 
000 литр. 
Енді 60-70 жыл бойы үздіксіз соққан жүрек 
қанша литр қан айдайтынын өзіңіз есептей 
беріңіз.
Егер жүрек бірер минут қағысын тоқтатар 
болса, онда 3 минут ішінде ми өз жұмысын 
тоқтатып, адам мәңгі дүниеге жол тартады. 
Жүрек айдаған қан арқылы бүкіл ағзаға қажет-
ті қорек барады. Бір жағы санитар қызметін 
де атқарады. Жүректің жарақаттануы немесе 
оның жұмыс істеуінде қандай да бір кедергі 
мен ауытқудың болуы бүкіл организмге қауіп 
төндіреді. Оны дұрыс сақтау үшін салауатты 
өмір салтын ұстанудың атқарар рөлі үлкен. 
Жүрек тек физикалық ағза емес, адамның 
жан дүниесі үшін де үлкен маңыздылыққа 


86
ие. Егер адамның жүрегі таза болса, онда ол 
адамның бойында адамгершілік қасиеттердің 
бар екенін білдіреді. Физикалық жүрекке 
зақым тигізетін нәрселердің болғаны си-
яқты, адамның жан дүниесіндегі жүрегіне 
де залал тигізіп, оны қарайтатын факторлар 
бар. Мысалы, адал емес ас ішу, елдің қарғы-
сына қалу, біреудің ала жібін аттап, өзгенің 
құқығына қол сұғу сынды жайттарды айтуға 
болады. Жүректі таза сақтау үшін адам үнемі 
өз-өзімен жұмыс істеуін тоқтатпау керек. Се-
бебі оны ластап кірлететін жайттардан түбе-
гейлі құтылу қиын. Кез келген сәтте адам ой-
ламаған жерден келіп, бүлдіріп кетуі мүмкін. 
Бұл бір жағы адамның үнемі сақ жүруі қажет 
екенін көрсетеді. 
Рухани әлемімізді үнемі байытып отыру – 
оның таза қалуының кепілі. Себебі оны әр-
дайым нұрға толтыру қараңғы тұсына шуақ 
түсіреді, жараланған жерін емдейді, нұқсан-
дық түскен жерін кемелдендіреді.


87


88


89


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет