ЖАҢА ӨМІРГЕ
МОТИВАЦИЯ
Мазмұны
Кіріспе
1 • Жастық шақ...............................................11
2 • Білім...........................................................17
3 • Өмірлік мақсаттарға жетудің оңай
жолы................................................................23
4 • Кітап оқу....................................................29
5 • Спорт..........................................................35
6 • Салауатты өмір.........................................39
7 • Біз - Тәуелсіз Қазақстан
жастарымыз....................................................43
8 • Кемедегінің жаны бір
(ғибратты әңгіме)............................................49
9 • Ойдың шашыраңқылығы.........................55
10 • Ақыл.........................................................59
11 • Мода.........................................................63
12 • Көңіл көтеру............................................67
13 • Көркем мінез...........................................75
14 • Жан мен тәннің балансы........................81
15 • Егер ол жарамды болса, онда бүкіл дене
жарамды..........................................................85
16 • Қаржы сауаттылығы...............................89
17 • Алыс-берісте жеңілдік таныту...............93
18 • Еңбек түбі – бейнет, бейнет
түбі – зейнет....................................................97
19 • Өз өміріңді өзің тізгінде.......................101
20 • Аффирмация...........................................105
21 • Өзіңді және өзгені өзгертудің
жеңіл жолы...................................................109
22 • Жан әлемі...............................................115
23 • Позитив..................................................119
24 • XXI-ғасыр «Абайлары» қайда?............123
25 • Биологиялық уақыт................................127
26 • Достық....................................................131
27 • Музыка....................................................135
6
КІРІСПЕ
Адам баласы мына өмірге келіп, жарық дүни-
енінің есігін ашқан соң, оң-солын танығаннан
кейін
– Өмірдің мәнін іздейді,
– Өзін толығырақ танығысы келеді,
– Жан дүниесін байытқысы келеді,
– Ерік-жігерін шыңдағысы келеді,
– “
Тұлға
” болғысы келеді
– Ізгі амалдарды көбірек жасағысы келеді
– Бос уақытын пайдалы өткізгісі келеді,
– Көркем мінез бойымнан табылса екен дейді
– Әдепті болғысы келеді
– Кітап оқуға ынтасын ашқысы келеді,
– Айналасымен қарым-қатынаста жарқын
жүзді болғысы келеді,
– Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі
болғысы келеді,
– Өмірін ілім-біліммен безендіргісі келеді,
– Шынайы бақытқа кенелуді армандайды,
7
– Өмірін баянды етуге тәуекел еткісі келеді,
– Жақындарына жылу сыйласам екен дейді
– Күн тәртібін жүйелегісі келеді,
– Көзді тартып құлпырған дүниенің қы-
зығынан да құр қалғысы келмейді,
– Отбасында береке мен бірліктің болғанын
қалайды,
– Жаман істерден аулақ болып, тек қайырлы
істермен шұғылданғанды құп көреді,
– Оқып-білсе ғана шамнан шырақ жағылаты-
нын түсінеді,
– Ғұмырының мәнін арттырғысы келеді,
– Жақсы бір мамандықты игергісі келеді,
– Кемел адам болуды армандайды,
– Қабілеттерін тапқысы келеді,
– Сондай-ақ, осының бәріне жылдам қол
жеткізгісі келеді.
Бұның бәріне қол жеткізу үшін ерен еңбек
пен үнемі ынталандырып тұратын мотива-
ция қажет екені белгілі. Алайда адамдардың
көпшілігінде мотивация бір рет қана атылған
8
оқ сияқты уақытша ғана болады. Мотивация
бір реттік және уақытша болмауы үшін атқа-
рылатын істің маңыздылығын терең түсіну
қажет. Сол кезде ғана адамда істі бастауға
және оны ары қарай жалғастыруға деген қы-
зығушылық пайда болады. Жұмысын жемісті
аяқтауға деген талпыныс оянады. Бастаған
ісін соңына дейін апаруға табандылық таны-
та алады. Табандылық таныту уақыт өте келе
дисциплинаға, тәртіпке айналады. Осы кезде
адам тұрақты даму жолына қадам басады.
Алайда адамдардың көпшілігі жетілу, даму
қажет екенін білгенімен, нақты қай жағынан,
не үшін жетілу қажет екенін біле бермейді.
Осы кішігірім кітапшамызда бұл мәселені
түрлі қырынан ашуға тырысамыз. Бұл кітап
осы тақырыпқа қызығушылық танытқан бар-
ша оқырманға жалпылай арналғанымен, өмір
кітабын парақтауды енді бастаған жастар мен
жасөспірімдерге арнайы бағытталған. Жоға-
рыда аталған мақсаттардың бәріне, тым бол-
маса біріне жетуіңізге септігіміз тиіп жатса
осы кішігірім еңбегіміз өз жемісін берді деп
есептейміз. Кітаптан өзіңіз іздеген мотиваци-
яның сарқылмас көзіне қарай бағыт-бағдар
табасыз деген үміттеміз.
9
10
|