АҚЫЛ
Ақыл да ойлағанды ұнатады. Ойла-
нып-толғанған адамға ғана ақыл дұрыс
жол көрсетеді.
Б. Момышұлы
Адам баласына ақыл деген үлкен нығмет
берілген. Ақыл арқылы тұрмыс-тіршілігін,
күнделікті шаруаларын реттеп, жөнге салып
отырады. Өмір сүру үшін адам баласының
баспана, киім-кешек, ішіп-жем, көлік сынды
бірқатар қажеттіліктері бар. Бұл қажеттіліктер
адамның бойында жаны бар уақыттың бәрін-
де өзектілігін сақтайды. Одан бөлек адамның
рухани қажеттіліктері бар. Ақылы жаңа ой,
жаңа идея іздеумен болады. Қажеттіліктермен
қатар жауапкершіліктердің де барын ұмытпау
керек. Жауапкершіліктің түрі көп. Мысалы,
Отан алдындағы, ата-анасының алдындағы,
бала-шағасының алдындағы, оқудағы немесе
жұмыстағы жауапкершіліктер сынды.
Қарап отырсақ, әр адамның қажеттіліктері
мен жауапкершіліктері шаш етектен. Бұлар-
дың қайсыбірінде кемшілік болса, ісі оңға
баса қоймауы мүмкін және алдына қайта ай-
60
налып келетіні тағы бар. Сондықтан оларды
уақытылы жолын тауып шешіп отырған жақ-
сы. Кейде адамның алдына мәселені шешу-
дің бірнеше жолы көрінеді. Осы тұста ақылға
жүгіне отырып, шешім жолдарының бар-
лығын сараптап, ең тиімдісін таңдау керек.
Батыста «Don’t work hard, work smart» деген
қағида бар. Мағынасы: «Ауыр жұмыс істеме,
ақылмен жұмыс істе», яғни ақылға сала оты-
рып жұмыстың тиімді әрі өнімді жолын тап
дегенді білдіреді. Кез келген істі орындауда
оны атқару жолы мен нәтижесі болады. Кей-
де атқару жолы оңай болғанымен, алынатын
нәтиже мардымсыз болып жатады. Кейде
керісінше айтулы нәтижеге жеткізетін істің
барар жолы жеңіл болмайды. Осындайда ар-
баны да сындырмай, өгізді де өлтірмей алып
шығатын жолды табу – нағыз саналы адам-
ның ісі.
Өмірде жиі кездесетін жайттардың бірі – оңай
жолы бола тұра, кейде адамдар, алынатын
өнім бір болса да, оны орудың ауыр жолдарын
таңдайды. Міне, нағыз дана адамдар осын-
дай жағдайларда ең жеңілін, әрі ең өнімдісін
таңдайды екен. Қандай да бір мәселеде жеңіл
шешім табу үшін өзгелермен ақылдасудың
маңызы зор. Ақылдасқан адам еш нәрсе
жоғалтпайды. Ақылдасу арқылы дұрысырақ
шешімге қол жеткізуге болады.
|