ЖаңА Өмірге мотивация алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет16/39
Дата08.02.2022
өлшемі7,95 Mb.
#119673
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
Жаңа өмірге мотивация

Адам көркі - шүберек
Халық даналығы


66


67
КӨҢІЛ КӨТЕРУ
Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі 
— сергек әрі жайдарман көңіл күйі. 
Кристофер Якоб Бустрём
Жастық шаққа тән қызықтардың бірі – көңіл 
көтеру. Көңіл көтерудің түрі өте көп. Заман-
ның өзгеруімен оның жаңа түрлері де пай-
да болуда. Адамның үнемі жұмыс істеуге 
әл-дәрмені жетпейді. Уақытының барлығын 
жұмысқа немесе оқуға толық арнай алмайды. 
Олай істеу адам табиғатына сай келмейді деп 
айтуға болады. Сондықтан көңіл көтерусіз не-
месе демалыссыз адам өмірін елестету мүм-
кін емес. Бірақ көңіл көтерудің өзіндік әдебі, 
өзіндік жөні болады. Көңіл көтерер алдында 
ескерілуі тиіс жайттар:
1. Көңіл көтеру алдын ала жоспарланғаны 
дұрыс. Көңіл көтеруіміз өзіміз атқаруға 
міндетті болған жауапкершіліктерімізді 
орындауға кедергі болмауы тиіс. Мы-


68
салы, лекция уақыттары мен сессия 
кезеңдері немесе маңызды кездесу мен 
шұғыл шаруа бар кездерде көңіл көтеру 
орынсыз болуы мүмкін.
2. Көңіл көтеру уақыттарын белгілегенде 
бір үлкен жұмысты тындырғаннан кей-
ін немесе өте маңызды іс атқарылған-
нан кейінгі уақыттарды таңдау өте 
тиімді. Әдетте мұндай ауқымды істер 
адамның зейінін талдырып, миын шар-
шататындықтан, одан кейін тағы бір 
іске толық ден қойып кірісуі қиын. Бұл 
бір жағынан маңызды істі бітіруге де-
ген құлшынысымызды арттыра түседі.
3. Көңіл көтеру – бірінші кезекте физи-
ологиялық қажеттілік. Сондықтан өз 
денсаулығымызға зиян тигізу арқылы 
көңіл көтеру ақылға қонымсыз екенін 
естен шығармаған дұрыс. Мысалы, ағ-
замызды улайтын заттарды пайдала-
ну арқылы көңіл көтеруді осы топқа 
жатқызуға болады.
4. Көңіл көтеруді пайдалы іспен біріктіру 
нұр үстіне нұр болмақ. Мысалы, отба-
сымен тауға шығу, жора-жолдастармен 
спорт ойындарын ойнау.
Көңіл көтеруді өзімізді жетілдіруге еш ке-


69
дергі келтірмейтіндей етіп ұйымдастыруға 
болатынын білген жөн. Керісінше өзімізді да-
мытатын хобби табу арқылы, спорт ойында-
рының бірімен шұғылдану арқылы, туыстық 
қарым-қатынасты жалғайтын отбасылық де-
малыстар арқылы көңіл көтерудің көптеген 
пайдалы әрі өте қажетті түрлерін ойлап та-
буға болады. 
Алайда Абай атамыздың И. А. Крыловтан 
аударған мысалындағы көңіл көтеруден бас 
көтермеген шегірткенің күйін кешіп қалмау 
жағын да қаперде ұстау керек. «Өмір – тек 
көңіл көтеруден тұрады» деу жаңсақ пікір. 
Бірақ атқарған жұмысымыздан, оның барысы 
мен нәтижесінен ләззат алудың жөні бөлек. 
Тіпті бүкіл ләззат пен рақат еңбек пен жұмы-
стың ішіне жасырылғандай көрінетін кездер 
де болады. 
Бос көңіл көтеру мен көңілі алып ұшқан іспен 
шұғылданудың айырмашылығы гөләйттағыш 
шегіртке мен еңбекқор құмырсқаның мыса-
лынан анық көрінеді:
Шырылдауық шегіртке 
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,


70
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүнгі жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.


71
Саламда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!
Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?
Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?


72
Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!
Абай атамыз бұл мысалды орыс ақыны И.
Крыловтан аудару арқылы жастарға үлкен 
тәлім-тәрбие беруді көздейді. Бұл жерде ай-
тылып отырған жаз мерзімі бейне бір адам-
ның жастық шағындай. Жас кезінде өнер-
білім жимай, өмірлік азық боларлық кәсіп 
үйренбей, уақытын тек көңіл кетерумен өт-
кізген адамның күйін шегірткеге теңеп тұр. 
Ала жаздай еңбек етіп, тер төккен құмырсқа 
жастық шағын бағалап, уақыты мен еңбегін, 
жиғаны мен тергенін болашаққа инвестиция 
ретінде құйған адаммен теңелген. Бұл мысал-
дан шығатын өнеге адам бойында күш-қайра-
ты бар кезде оның болашақ пен мәңгіліктің 
үлесі үшін де арнаған, атаған дүниесінің бо-
луы қажет екендігі. Қазақ мұны бір ауыз сөз-
бен «
Бейнет түбі – зейнет
» деп түйіндеген.


73


74


75


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет