жақсының ұстамы жақсы » демекші, жақсы
ұстаз көру, одан тәлім-тәрбие алу да көркем
мінез қалыптастыруда үлкен рөл ойнайды.
Ұстаз көру дегенге тек сабақ берген кісілерді
ғана емес, мінезі көркем, үлгі тұтарлық жан-
дарды өзінің ұстазы ретінде қабылдап, оның
тағылымдарына құлақ асуды да жатқызуға
болады. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
деген халық даналығы осыған қатысты ай-
тылған болса керек.
Баяғы бір заманда өте әдепті кісі болыпты.
Мінезінің көркемдігіне тамсанғандар оған
мына сұрақты жиі қояды екен: «Сен мұндай
әдепті кімнен үйрендің?» Осы сауалды қой-
ғандарға оның жауабы мынадай екен: «Мен
әдепті әдепсіздерден үйрендім». Бұл Абай
атамыздың:
«