ЖаңА Өмірге мотивация алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет8/39
Дата08.02.2022
өлшемі7,95 Mb.
#119673
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
Жаңа өмірге мотивация

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Абай Құнанбайұлы
Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан 
былай ғана әрбір жан өзін интеллигент 
бола бастадым деп санауына болады. 
Мұхтар Әуезов


34


35
СПОРТ 
«Гимнастика адамның жастық шағын 
ұзартады».
(Джон Локк)
Спорт – адам өміріндегі ең маңызды істердің 
бірі. Спорттың әсіресе жас буын үшін алар 
орны ерекше. Спорт адам табиғатындағы 
белсенділік, қызығушылық, құлшыныс пен 
жарысуға деген ынтаны оятады. Спорт адам-
ды тәртіпті болуға баулиды. Спорттағы ереже 
мен дисциплинаға үйренген адам өз өмірін 
де жөнге сала алады. Спорт адамның ерік-жі-
герін шыңдайды. Физиологиялық қалаулар 
мен тәннің құмарлығын ақылға тізе бүктіру-
ге көмектеседі. Қарапайым мысал ретінде 
таңсәрідегі жүгірудің өзі адамды қаншалықты 
шыңдайтынын айтуға болады. Бұл тұрғыдан 
алғанда спорттың тәрбиелік мәні зор. 
Ал топтық спорттарда адамның өзін жетіл-
діруімен қатар мына жайттарды жадынан 
шығармағаны жөн:


36
1. Өзара сыйластық бәрінен жоғары тұрады. 
Сыйластық болмаған жердің берекесі қаша-
ды.
2. Сөйлеген сөзімізге, айтқан әңгімемізге 
абай болу. «Он күнәнің тоғызы тілден» де-
мекші, әркімді бір қарғап-сілеумен өткізген 
ойыннан қайран жоқ. 
3. Ешкімді кемсітпеу, басқаны ренжітпеу. Өй-
ткені адами құндылықтарды сақтау – адам-
ның арлылығының белгісі. Бұл мәселеде 
ата-бабамыз «Малым – жанымның садағасы, 
жаным – арымның садағасы» деген прин-
ципті ұстанған. Қазіргі таңда рухани қайта 
жаңғыруымыз үшін осы алтын қағидалардың 
тетігін тауып, заман ағымына сай ұстана білу 
– уақыт талабы.
4. Ойынның ойын күйінде қалуы. Ойыннан 
тыс уақытта спорт ойыны барысында жіберіл-
ген қателерді ойыншының бетіне басып, өзге-
лердің алдында абыройын төгуге болмайды.
5. Жаттықтырушыға құрмет көрсету. Қазақ 
үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуші халық 
екенін естен шығармаған абзал.
6. Бір топ ішіндегі спортшылардың тату бо-
луы. Халық даналығы бойынша «Алтау ала 
болса, ауыздағы кетеді». Яғни, екінші жақ ко-
мандадан сан жағынан басым болса да, бірлік 


37
болмаса, жеңіліс табулары ықтимал. Ал «Төр-
теу түгел болса, төбедегі келеді». Аз болса да, 
тату команданың жеңу ықтималы басым. 
7. Командалар арасында достық сезімнің 
басым болуы қажет. Қарсы командаларды 
дұшпан ретінде көру спорт рухына қайшы 
екенін естен шағармаған дұрыс.
8. Спортқа ең ыңғайлы уақыттарды арнау. 
Таңдалған уақыт адамның басқа маңызды 
істеріне кедергі болмауы тиіс. Мысалы, кітап 
оқу, білім алу, өзіне жүктелген міндеттерді 
атқаруға тосқауыл болмайтын уақыттарды 
арнаған дұрыс.
Қорытындылай келе, спорт – адамның да-
муына, денесін шынықтыруына, ерік-жігерін 
шыңдауға көмектесетін басты құралдардың 
бірі дегіміз келеді. Сондықтан спорт түр-
лерінің бірімен шұғылдану өзін жетілдіруге 
ден қойған әрбір адамның өмірінің ажырамас 
бөлігіне айналуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет