Ғалымның хаты
өлмейді, жақсының аты өлмейді
» демекші,
ғұламалар жазып қалдырған мұраны парақтау
– парасаттылықтың нақ өзі. Барлық білім мен
даналық Иесінің адамзатқа түсірген нұсқауы-
ның алғашқысы «Оқы» деп басталуы да тегін
емес шығар.
Олай болса, кітап – адамға ғұмырлық бақыт
сыйлайтын, өмірлік бағыт сілтейтін таптыр-
мас дос. Кітап оқу – бейне бір данышпанмен
сұхбаттасқанмен тең келетін ғажайыбы тау-
сылмайтын асыл қазына. Жазылған кітап көп
болғанымен, біздің оны оқи алатын уақыты-
мыз шектеулі. Сондықтан ең пайдалысын, ең
керегін оқу керек. Бізге осы әлемнің сырла-
рын ашатын, өзімізді танытатын кітап керек.
Кітап оқудағы мақсатымыз айқын болмаса,
құрғақ оқу көп жағдайда адам өміріне елеулі
өзгерістер қоса қоймайды.
31
Кітап оқудағы мақсатын анықтап алған адам
үшін оқыған кітаптарының оған берері мол
болмақ. Кітап тарту ететін ең басты сый,
ол – жаңа ой, жаңа идея болып табылады.
Сол арқылы әрбір кітап адамның жан дү-
ниесін байытып, оған рухани азық болады.
Әрбір жаңа түйілген ой – оның ішкі әлемін
шуақтандыратын сәуле, жарқырататын нұр
іспетті. Осындай жарық, зиялы адамның ау-
зынан маржандай тізілген көркем сөз шыға-
ды. Ол сөздер іске асып, өз жемісін береді.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, ісіне
береке кіреді. Сөзі оңалғаннан кейін ісі де
алға басады. Терең ойдың түбінен сүзіліп
шыққан бұл ой іске асып, жемісін берген-
нен кейін адамның әдетіне айналады. Уақыт
өте келе қалыптасқан дағды – оның мінезіне
айналады. Ал қалыптасқан дағды мен мінез
оның өмірлік бағыт-бағдарын белгілейді. Са-
парының бағдарын айқындайды. Ғұмырлық
өлшемдерінің картасын сызады.
Байыппен назар салып қарасақ, осы про-
цестің басталуына түрткі болған негізгі фак-
тордың кітап оқу екенін аңғарамыз. Бұл про-
цесс үнемі жалғасын табу үшін аз да болса
күнделікті кітап оқып отырудың маңызы зор.
Өйткені күнделікті бір жаңа ойдың жанға
азық болуы – адамның тұрақты жетіліп оты-
руына септігін тигізеді.
32
Кітап оқудың тағы мынадай бір маңыздылығы
бар: Кітап оқыған кезде адам миының екі
жағы да толық жұмыс жасайды. Ондағы жа-
зылған жайттарды оқуға, одан мағына шыға-
руға, оны түсінуге, қорытындылап анализ жа-
сауға ми нейрондары жұмылдырылады. Ми
осылай толық жұмыс істегеннен кейін, келіп
түскен ақпарат адам жадында ұзақ сақталады.
Оңайлықпен ұмытыла қоймайды.
Тағы бір маңызды жайт – кітап оқу адамның
сөздік қорын байытумен қатар, оның қи-
ял-фантазиясын дамытады. Қазіргі уақытта
электронды кітаптар қол жетімділігімен ерек-
шеленгенімен, қағаз кітаптың орны ерекше.
Қорытындылай келе, кітап оқудың адам ба-
ласына берері мол екенін естен шығармау қа-
жет.
|