- білім алушылар мен олардың ата-аналарын (балалардың заңды өкілдерін) қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқыту процесінде сүйемелдеуді ұйымдастыру.
Ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) жауапкершілігі:
- баланы қашықтан оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау (жұмыс орнын анықтау, баланы қолдау, оның дербестігі мен бастамашылдығын дамыту);
- компьютер мен интернетті қауіпсіз пайдалану бойынша ұсынымдардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
- баланың оқу кестесі мен оқу тапсырмаларын орындауын бақылауды қамтамасыз ету;
– егер отбасы білім беру ұйымымен қажетті техникамен қамтамасыз етілген жағдайда, жабдықтың сақталуын және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Білім алушылардың жауапкершілігі:
Білім алушылардың жауапкершілігі:
- кестеге сәйкес қашықтан өткізілетін сабақтарға/оқу сабақтарына қатысу;
- оқу тапсырмаларын күн сайын өз бетінше орындау, оның ішінде білім беру ұйымы белгілеген қолжетімді байланыс құралдары арқылы және қосымша электрондық білім беру ресурстарын пайдалану.