Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының тұжырымдамасы


Жиынтық жұмыстарға арналған тапсырмалар құрылымы



бет11/14
Дата07.02.2022
өлшемі264,07 Kb.
#93112
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Ата аналар жиналысы №1 20-21 оқу жылы

Жиынтық жұмыстарға арналған тапсырмалар құрылымы

  • Жиынтық тапсырмаларға шығармашылық тапсырмалар, практикалық жұмыс, диктант, эссе, мини-тесттер, зерттеу есептері, бірнеше жауаптары бар тест тапсырмалары жатқызылады.
  • Бөлім үшін жиынтық бағалаудың оқу тапсырмаларының саны:
  • – 2-4 сынып оқушылары үшін – 3-4 оқу тапсырмасы;
  • – 5-11 сынып оқушылары үшін – 5-6 оқу тапсырмасы.
  • 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін мектептерде көптеп қатысуын талап ететін мәдени және спорттық шаралар толығымен тоқтатылады.

Ата-аналар балаларына Интернетті қауіпсіз түрде қарауды үйрететін ережелер

  • Балаларыңыздың интернетте немен айналысатындығы туралы хабардар болыңыз. Олардан әртүрлі қосымшаларды қалай қолдануға болатындығын үйретуді сұраңыз.
  • Балаларыңызға Интернетте өздері туралы ақпаратты: ұялы телефон нөмірін, мекен-жайын, мектептің нөмірін, сондай-ақ (өздері мен отбасыларының) суреттерін көрсетпеу керектігін түсінуге көмектесіңіз. Өйткені, кез-келген адам оны көре алады және оны өз пайдасына қолданылуы мүмкін.
  • Егер балаңыз спам (қажетсіз электрондық пошта) алса, оған мұндай электронды хаттарда жазылғандарға сенбеуін және оларға ешқандай жауап бермеуін ескертіңіз.
  • Балаларға бейтаныс адамдар жіберген файлдарды ашпауды түсіндіріңіз. Бұл файлдарда вирустар немесе фотосуреттер, әдепсіз немесе агрессивті мазмұндағы бейнелер болуы мүмкін.
  • Интернеттегі кейбір адамдар өтірік айтатындығын және олар кім екендерін айтпайтынын түсіндіріңіз. Балалар ешқашан өздері, ересектерсіз, шынайы өмірде білмейтін желідегі достарымен кездесуге болмайды.
  • Балаларыңызбен үнемі байланыста болыңыз, интернеттегі басқа адамдардың әрекеттеріне қалай қарау және қалай әрекет ету керектігін айтыңыз, кеңес беріңіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет