5.2. Мектептің психологиялық қызмет жұмысының жоспары.
Мақсаты: оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, білім беру ұйымдарында қолайлы әлеуметті-психологиялық климат құру және білім үдерісінің қатысушыларына қолдау көрсету.
Негізгі міндеттер: 1. Балалардың әрбір жас кезеңінде дұрыс тұлға болуына және интеллектуалды дамуына көмек көрсету. Өзін-өзі тәрбиелеу және өздігінен даму қабілеттерін қалыптастыру.
2. Ақпараттық қоғамы тез дамыған жағдайда оқушыларға психологиялық көмек көрсету.
3. Оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту және психологиялық диагностика- сын жүргізу.
4. Оқушылардың психологиялық қиыншылықтарын және мәселелерін шешу бойынша психологиялық түзету жұмысын жасау.
5. Психологиялық мәселелерді шешуде және оқу-тәрбие жұмысының оңтайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен мұғалімдерге кеңес беру.