Жаңа сабақ (30 минут)



Дата09.04.2017
өлшемі210,56 Kb.
#13546
Үй тапсырмасын оқушылардың өткен сабақты қалай түсінгендігі жайлы түсіну үшін ауызша сұрақ-жауап арқылы тексере отырып олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ынталандыру

  1. Жаңа сабақ (30 минут)

Жаңа сабақ бойынша мұғалім сипаттаманы сабақ арасында беріп отырады, оқушы жаттығу орындағанда түсінбеген жеріне тек қана аздаған түсіндірулер мен сипаттамалар айтады да оқушының өзіндік жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
1-жаттығу: (3-4 минут)

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы қызығушылығын ояту

А) кез-келген ағзаның бойындағы артық заттар сыртқа қалай шығады

Б) адам ағзасына зәр шығарудың қандай оң және теріс әсері бар


2-жаттығу: (10 минут)

Тапсырмада оқушылар ең алдымен кітаптағы мұғалімнің белгілеп берген жеріне дейінгі мәтіннің мазмұнымен танысады. Мұғалім үйде «Зәр шығару мүшелері» тақырыбына дайындап келген оң және теріс пікірлері бар үлестірме тапсырмаларды таратады. Оқушылар оқып болған соң мәтіндегі ақпарат пен мұғалімнің ақпараттарын салыстыра отырып ой-түйін жасайды, оң және теріс жақтарын талқылайды.


3-жаттығу: (10 минут)

Бұл жаттығу кезінде мұғалім интерактивті тақта арқылы бейнефильм көрсетіп, оқушылар адамның бүйрегінің және зәр шығару мүшелерінің құрылысынан ақпарат алады, оларды мұғаліммен және өз-өзді талқылайды. Презентациядағы суретпен кітаптағы суретті салыстыра отырып адамның бүйрегінің ішкі құрылысымен танысады.


4-жаттығу:(5 минут)

Топтағы оқушылар мәтінмен жұмыс істей отыра осы тақырыпқа байланысты талқылай отыра термин сөздерді теріп жазып, оларға анықтама береді, мағынасын ашады.


5-жаттығу(5 минут)

Зәр шығару мүшелері тақырыбынан алған білімдерін жүйелеу мақсатында оқушылар топта осы тақырыпқа байланысты постер құрады. Постерге қойылатын талаптар:

  1. Тақырыпты қамтуы

  2. Эстетикалық көркемделуі




  1. Рефлексия «Б-Б-Б» әдісі (4 минут)

Білемін

Білдім

Білгім келеді













  1. Бағалау. Үй жұмысы.




8 -сынып


Биология


сәуір

Сабақтың тақырыбы:

Зәрдің түзілуі және шығарылуы.

Сілтеме:

Жоспар, http://liveinternet.kz/, презентациялар, «video.yandex.k»

Жалпы мақсаттар:

  • Зәрдің құрамы және түзілуі туралы ақпаратты қалыптастыру.

  • Бүйректің жұмысы,бүйрек аурулары туралы түсініктеме.



Оқыту нәтижелері:

  • Зәрдің түзілу кезеңдері туралы білімдерін кеңейту.

  • Зәрдің түзілу кезеңдеріне талдау жасау

  • Бірінші және екінші реттік зәр туралы түсінік қалыптастыру

  • Бүйрек жұмысының гигиенасын түсіндіре білу

Негізгі идеялар

Сыныптың сабақты игеру деңгейлері орта және ортадан жоғары. Оқушылардың біршамасы ойларын тез жинақтайды. Кейбір оқушылардың сабақты қабылдау деңгейі салыстырмалы түрде төмен. Сондықтан оқушылардың жемісті жұмыс істеуі үшін және олардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында оқушылардың өзіндік жұмыс істеуіне ықпал ету

Өтілетін жаңа сабақ мына мәселелерді қарастырады:Адам зәрінің құрамында шамамен 96% -ы су,1,5% бейағзалық заттар болады.Хлорлы натрий мөлшері көбірек, сульфаттар, карбонаттар, фосфаттар аз мөлшерде болады.2,5%-ы ағзалық заттар, әсіресе мочевина (несепнәр),зәр қышқылы көбірек кездеседі.

Бүйректе зәрдің түзілуі екі кезеңнен тұрады:1) бірінші реттік зәрдің түзілу-зәр мөлшері көп болады, 10л қаннан 1 л зәр түзіледі.

2) Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне шамамен 1,5л екінші реттік зәр түзіледі.



Дәйексөздер

-Урохром - Фильтрация - Реабсорбция - Бірінші реттік зәр түзілу - Екінші реттік зәр түзілу -Уремия - Нефрит –Ренин -Уролитиаз -Энурез -Уролог

Жаттығулар:

Оқушыларға ойтүрткі жасау. Қарым-қатынасқа түсіру

Оқушылардың алдына мәселе қою.

Зәрдің құрамымен танысу.




Кітаптағы берілген мәтінмен таныса отырып мұғалімнің берген кестесіндегі ой-пікірлермен салыстыру, өз ойларын ортаға салып талқылау

Зәрдің түзілуі

«Зәр шығару мүшелері. Бүйректің құрылысы» презентациясы, «Бүйрек аурулары» видеоролигі, «Адамның ішкі құрылысы» муляж, электрондық оқулық

Зәрдің түзілуі

Топпен жұмыс

Бүйрек аурулары

Өзара жұптық жұмыс, постер құру, түсіндіру



«Б-Б-Б» әдісін қолдана отырып оқушылардың пікірін білу

Тапсырмалар:

Кітпаппен жұмыс, дәптермен жұмыс, интернет саласымен жұмыс істей отыра зәр шығару мүшелерінің аурулары туралы ақпараттар дайындау.

Оқуға арналған тапсырмалар:





Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

1.Ұйымдастыру (1-2 минут)

2. Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. (1-2 минут)

3.Үй жұмысын тексеру (ауызша сұрақ-жауап) (6 минут)

Үй тапсырмасын оқушылардың өткен сабақты қалай түсінгендігі жайлы түсіну үшін ауызша сұрақ-жауап арқылы тексере отырып олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ынталандыру



  1. Жаңа сабақ (30 минут)

Жаңа сабақты мұғалім « Ой қозғау» стратегиясы арқылы сұрақ қоюдан бастайды:

1-жаттығу: (3-4 минут)

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы қызығушылығын ояту

А) Ыдырау өнімдеріне нелер жатады?

Б) Жалпы, зәр қалай түзіледі деп ойлайсыңдар?

В) Неліктен зәрдің иісі ащы болады?

Г) Зәрдің түзілуіне ауаның, температураның, тамақтанудың әсері бар ма?


2-жаттығу: (10 минут)

Мұғалім оқушы жаттығу орындағанда түсінбеген жеріне тек қана аздаған түсіндірулер мен сипаттамалар айтады да оқушының өзіндік жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

Тапсырмада оқушылар ең алдымен кітаптағы мұғалімнің белгілеп берген жеріне дейінгі мәтіннің мазмұнымен танысады. Оқыған материалдарын пайдаланып, зәрдің құрамы туралы кластер құрастырады, сол бойынша бір-біріне айтады.

3-жаттығу: (10 минут)

Бұл жаттығу кезінде мұғалім интерактивті тақта арқылы бейнефильм көрсетіп, оқушылар бүйрек аурулары, олардың пайда болу себептері туралы ақпарат алады, оларды мұғаліммен және өз-өзді талқылайды.Топқа бөлініп,постержасап, қорғайды.



Сергіту сәті «Қара жорға»

4-жаттығу:(5 минут)

Топтағы оқушылар мәтінмен жұмыс істей отыра осы тақырыпқа байланысты талқылай отыра термин сөздерді теріп жазып, оларға анықтама береді, мағынасын ашады.





  1. Рефлексия «Б-Б-Б» әдісі (5 минут)

Білемін

Білдім

Білгім келеді













  1. Бағалау. Үй жұмысы.




8-сынып


Биология


сәуір

Сабақтың тақырыбы

Терінің құрылысы мен маңызы.

Сілтеме

Жоспар, http://liveinternet.kz/, презентациялар, «video.yandex.k»

Жалпы мақсаты

1.Терінің адам ағзасындағы атқаратын құрылысы мен қызметі туралы білім қалыптастырылады. 2. Адам ағзасындағы жылу реттейтін мүше ретінде маңыздылығын түсіндіру. 3. Сыни тұрғыдан ойланта отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқу нәтижесі

  • Терінің құрылысы мен қызметі туралы білімдерін кеңейту

  • Жылу реттеудегі терінің маңыздылығы туралы қорытынды жасай білу

  • Тері туралы алған білімдерін саралай отырып, гигиеналық тұрғыдан түсініктеме беру

Негізгі түйіндер

Сыныптың сабақты игеру деңгейлері жоғары. Оқушылардың біршамасы ойларын тез жинақтайды. Кейбір оқушылардың сабақты қабылдау деңгейі салыстырмалы түрде орташа. Пәнге деген қызығушылық болғандықтан сабақ тартымды өтеді. Сондықтан оқушылардың жемісті жұмыс істеуі үшін және олардың сабаққа деген қызығушылығын одан әрі арттыру мақсатында оқушылардың өзіндік жұмыс істеуіне ықпал етіледі.

Өтілетін сабақ өз алдына мынандай мәселелерді қамтуды негізге алады:



  • Теріге жалпылай сипаттама бере отырып, оның сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктеріне сипаттама беру

  • Терінің ішкі құрылысының адам өміріндегі маңыздылығына талдау жасау

Дәйексөздер

Меланин
Дерматолог Эпидермис Дерма Нағыз тері Түк түбірі

Тапсырмалар


  1. Оқушыларға ойтүрткі жасау .

Оқушылардың алдына сұрақ қоя отырып, мәселенің тақырыбын ашу




  1. Терінің атқаратын қызметі туралы түсінік қалыптастыру

Топтық жұмыс




  1. Терінің құрылысы туралы түсінікті толықтыру

«Терінің құрылысы» презентациясы, «Тері» электрондық оқулық

4.Терінің ішкі құрылысының ерекшеліктері

Жұптық жұмыс




5.Бастапқы пікірлерді шолу

Кесте толтыру

Кейінгі оқу

Терінің құрылысы. Дене температурасының тұрақтылығының реттелуі. Дене температурасына қатысты өздігінен электрндық оқулықтан ақпарат іздей отыра баяндама жазу.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:



1. Ұйымдастыру (1-2 минут)

2. Үй жұмысын тексеру (АКТ) тест арқылы тексеру жұмысы (10 минут)

3. Жаңа сабақ: (топтарға бөлу, презентация, электрондық оқулық, диалог)

1-тапсырма: (5-минут)

Оқушыларды топтарға бөлу және топтың аты анықтау, оларға нақты сұрақтар қоя отырып, олардың

пәнге деген қызығушылығын арттыру. Бұл жерде мұғалім оқушыларға сұрақтар қоя отыра

сабақтың тақырыбын ашуға, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, сөйлеу мәдениетін

қалыптасытруға ықпал етеді.

2-тапсырма (10 минут)

Топқа арналған тапсырма. Бұл жерде оқушылар өздерінің тері туралы білетін барлық білімдерін

жинақтай отыра терінің атқаратын қызметіне постер құрады. Белгілі уақыт аяқталған соң

оқушылар жұмыстарын қорғайды. Негізгі мақсат :оқушылардың білімдерін жинақтау арқылы

сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

3-тапсырма (7 минут)

Мұғалім оқушыларға электрондық оқулық арқылы терінің құрылысы мен қызметінің

ерекшеліктерін атап өтеді. Бұл жерде мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты

түсінуіне бағыт-бағдар жасайды.



Сергіту сәті: «Қызыл өрік» (3 минут)

4-тапсырма (5минут)

Терінің құрылысы туралы алынған мәліметтер бойынша оқушылар бір-бірімен әңгімелесе отырып

ортақ пікірге келе отырып, әңгіме жазады. Мұндағы негізгі мақсат :окушылардың ойлау өрісін

дамыта отырып, сауаттылыққа баулу



5-тапсыра (3 минут)





Тері Қызметі

Құрылысы

Қызметі

1

Эпидермис







2

Дерма (нағыз тері)







3

Май клетчаткасы







Рефлексия (2 минут)

Әр топтың салған суреттерін бағалау үшін, 1-5 дейін ұпаймен бағаланады, кесте толтырылады.


Топтың атауы

Өзін өзі бағалау

Өзара бағалау

Жиынтық бағалау

1
















2
















3
















4





















8а -сынып


Биология


сәуір

Сабақтың тақырыбы:

Дене температурасының реттелу тетігі. Тері гигиенасы. Тері аурулары.

Сілтеме:

Жоспар, http://liveinternet.kz/, презентациялар, «video.yandex.k»

Жалпы мақсаттар:

  • Тері гигиенасы және аурулары туралы білімдерін кеңейту

  • Тері ауруларының түрлері туралы түсінік қалыптастыру




Оқыту нәтижелері:

  • Гигиеналық талаптарды сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіре білу

  • Тері гигиенасы туралы ақпаратты білуге тиіс.

  • Тері ауруларының таралу жолдарын түсінуге тиіс

  • Тері гигиенасы туралы ойлауға тиіс

Негізгі идеялар

Сыныптың өткен сабақтардағы ынтасы жоғары болды, сондықтан бұл жолы мен сабақты СТО әдісімен өткізуді ұйғардым. Сабақты түрлендіріп өткізу нәтижесінде оқушылардың қызығушылығын арттыруға ықпал ету. Олардың ойлау қабілетін, сөйлеу дағдыларының қалыптастыруға мүмкіндік жасай отыра, сынып ішінде доытық қарым-қатынас ұйымдастыру.

Сыныптағы «Тері гигиенасы мен тері аурулары» жайындағы жаңа сабақ мына мәселелерді қарастырады:



  • Тері ауруларының негізгі көздерін қарастыру

  • Тері гигиенасына талдау жасау

  • Теріге көрсетілетін алғашқы көмек жайлы талқылау




Дәйексөздер

-Безеу - Паразиттік саңырауқұлақтардың түрлері -Қышыма - Сүйел -Витилиго -Ұшық

Жаттығулар:

Оқушыларды сабаққа ынталандыру, қарым-қатынасқа түсіру

Оқушылардың алдына мәселе қою.

Тері ауруларымен танысу.

Оқушылардың дайындаған ақпараттарымен таныса отырып, оқушылармен талқылау

Тері гигиенасымен танысу

Тері гигиенасын негзге ала отырып, әр оқушы өзінің жеке басына қатысты ереже құру.

Дәйексөздер

Жаңа терминдермен оқушыладың топтық жұмысы және постер құру

Тапсырмалар:

Кітпаппен жұмыс, дәптермен жұмыс, интернет саласымен жұмыс істей отыра «тері» тақырыбы бойынша 20 сұрақтан тұратын тексеру жұмысын құрастыру, оны компьютерде теру.

Оқуға арналған тапсырмалар:






  1. 2 минут)

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы қызығушылығын ояту, оларды сабаққа жұмылдыру үшін сергіту сәтін ұйымдастыру

  • А) қандай тері ауруларын көрдіңіздер?

  • Б) оларды қалай сипаттап берер едіңіз?



1-жаттығу: (3-4 минут)

Жаңа сабақты түсіндіру мақсатында оқушылардың «Тері гигиенасы және тері аурулары» туралы ақпараттарды жинақтап, оқушылармен талқылау. Оқушылардың жаңадан алған білімдерін толықтыру мақсатында басқа оқушыларды сабаққа ынталандыру, олардың бір-біріне ұқсамайтын ауру түрлерімен ақпарат алмасуына қарекет ету



2-жаттығу: (10 минут)

Оқушылар кітаптағы мәтінмен таныса отырып, өздерінің жеке басына ереже құру. Ол ережелерді негізге ала отырып гигиеналық талаптарға сай сыныпішілік ереже құру



3-жаттығу:(5 минут)

Оқушылар өздері жинап келген ақпараттардан термин сөздерді тере отырып, оларға постер құрып, анықтамаларын жазады және оны қорғайды. Ондағы мақсатым оқушылардың термин сөздерге ден қоюын, сонымен қатар ойлау және сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру, мәтін ішінен негзгі ақпараттарды таба білуге үйрету.


4-жаттығу(5 минут)

«Тері және тері аурулары» тақырыбы бойынша алынған білімдерін қорытындылай отыра эссе жазу


  1. Рефлексия «Б-Б-Б» әдісі (4 минут)

Білемін

Білдім

Білгім келеді













  1. Бағалау. Үй жұмысы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет