Жаңа сабақ бойынша теориялық материалдар мен тапсырмалар



Дата02.04.2020
өлшемі33,91 Kb.
#61372
Байланысты:
Шала өткізгіштер 12 топ 31.03.2020

31.03.2020ж.

Сабақтың тақырыбы:

Шала өткізгіштердің электр өткізгіштігі және оның температураға тәуелділігі. Шала өткізгіштердің меншікті және қоспалық өткізгіштіктері.



Жаңа сабақ бойынша теориялық материалдар мен тапсырмалар:

  1. Жартылай өткізгіш материалдардың монокристалды және понокристалды құрылымдарынданегізінен, германий, кремний, селен және кремний карбиді қолданылады.

Тапсырма 1:

Аталған элементтердің әрқайсысына жеке тоқталып анықтама және сипаттама беріңіз.



  1. Электрлік құрылғылар.



Атауы

Сипаттамасы

Шартты белгісі


Диод

Екі электродты, электр тогының бағытына байланысты әр түрлі өтімділігі бар электронды аспап.



Варистор

Берілген кернеу өзгерісіне сәйкес кедергісі өзгеретін шала өткізгіш резисторлар.



Транзистор


Электр тербелісін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал.





Интегралды микросхема


Өзара байланысты элементтерден тұратын және жартылай өткізгішті кристалдың ішінде немесе бетіне технологиялық топтау тәсілдерімен біріктіріліп орнатылған электрондық микросхема.



&



Термистор

Көп қабатты құрылымды шала өткізгіштің монокристалды негізінде жасалған шалаөткізгіштік аспап.


Фоторезистор


Жұмысы ішкі фотоэффектіге негізделген, жарық әсерінен электрлік кедергісі кеміп, электр өткізгіштігі артатын шала өткізгіш аспап.







Тапсырма 2:

Сөйлемді толықтыру

  1. ___________ - Менделеевтің периодттық жүйесіндегі төртінші топтың элементі.

  2. Германийді __________ жасау үшін қолданады?

  3. Диод – екі электродты, электр тогының бағытына байланысты әр түрлі өтімділігі бар __________

  4. Электронды аспап қатарына жатады, варистор- берілген кернеу өзгерісіне сәйкес кедергісі өзгеретін ____________.

  5. Жартылай өткізгіш, ________ - Менделеевтің периодттық жүйесіндегі алтыншы топтың элементі.

  6. Селенді ___________ алу үшін қолданамыз.

  7. Фоторезистор - __________________ электронды аспап.

  8. Шала өткізгішті материал қатарына жатады, ________________ поликристалды құрылыстағы нәзік материал.

  9. Кремний карбиді ______ және көміртектің химиялық қосылысу нәтижесінде түзіледі.

  10. Кремнийді __________ жасау үшін қолданады.

Тапсырма 3:

1)Берілген электр құрылғыларын жасалатын жартылай өткізгіш материалына топтастырып орналастыру



2) Электрлік құрылғылардың шартты белгілерін тағайындау.

3) Шала өткізгіш аспаптардың қолданылуы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет