Жаңа технология элементтерін тиімді қолдану



бет1/6
Дата20.09.2022
өлшемі223,41 Kb.
#150125
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
zhana tech 263

Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі Баяндама Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа технологиялар бойынша ойын түрлерін жүргізу

Дайындаған: Искендирова Гүлжамила

  • Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев “Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде” және “Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінің қолданылуындай болып қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек” деген тұжырымдары бар.
  • Қазақ тілін оқытуда ұстаздар қауымы ең алдымен осы тұжырымдарға сүйенгеніміз абзал. Қазақ тілі- эстетикалық талғамы зор тіл. Көркем өнерін, мақал-мәтелін, қанатты сөзін, теңеулерін, бейнелі сөзін, өлең сөздері мен даналық талғамын –барлығын нұрландырып тұрған нәрлі тіл- қазақтың баба тілі, қазақтың ана тілі. Осылардың бәрін шәкірттерге танытып, бойларына сіңіру үшін бүгінгі күннің қазақ тілі мұғалімі адам ретінде ұлт рухын асқақтатын,аспандатын нағыз шебер болуы хақ. Яғни ,тілді басқа ұлт оқушыларына оқыту-негізгі мәселелерді шешудің басты тетігі.Бүгінгі таңда оқытудың түрлі жаңа педагогикалық технологияларының туындауы да осының дәлелі .ХХІғасырдың үлкен жетістігі ақпаратты-қатынастық технология құралдарымен етене байланыс.Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында білім беру ісіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу міндетін қояды.
  • Білім мазмұнын жүзеге асыру үшін дәстүрлі оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдерін түбегейлі өзгерту негізгі мәселенің бірі болады.

    Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты-заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады.

    Оқу мен тәрбие саласындағы мұғалімдердің алдында түрған аса маңызды міндет –талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып .оны жетілдіріп шығару.

    Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған маңызды .жауапты міндеттің бірі-оқушыға тиянақты білім беру.Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудың тиімді әдіс –тәсілдерін өз тәжірибесінде таңдап алуы қажет



    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет