Әбдіразақов Б. Жарық дүние: Өлеңдер мен поэмалар[Текст]/Б.Әбдіразақов. –Алматы: Хантәңірі, 2014. – 356 б.
Бұл жинаққа қазақтың белгілі ақыны Бекен Әбдіразақовтың таңдамалы туындылары еніп отыр.Кезінде Қ.Бекхожин, Ғ.Қайырбеков, М.Мақатаев жылы лебіз білдірген ақынның сыршыл, нәзік лирикасы оқырмандар тарапынан жоғары баға алған болатын.
Кітаптан автордың өмір, достық, махаббат жайлы жырлары, поэмалары, бұрын жарияланбаған шығармалары, балаларға арналған өлеңдері орын алды.
Бабажанұлы Б. Ниетқабыл [Текст] / Б.Бабажанұлы. –Алматы: Хантәңірі, 2014. – 286 б.
Бауыржан Бабажанұлының жаңа жинағына негізінен соңғы жылдары жазған жырлары мен баллада-поэмалары еніп отыр. Өзекжарды өлеңдерден өмірдегінің бәріне өзін жауаптыдай сезінетін беймаза ақын жанын ел, жер, тіл, дін, ұлт тағдыры, ұрпақ қамы шынайы толғантатыны сезіледі.
Жинақтағы туындыларға Жаратушы – адам – табиғат – қоғам арасындағы жарасым мен жаңсақтыққа толы күрделі қарым-қатынасты сан қырынан саралай суреттейтін бедерлі тіл мен бейнелі ой
тән.
Байғанин Н.
Үш томдық шығармаар жинағы [Текст]/ Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014.
Т.3: Алпамыс батыр; Қобыланды батыр (Н.Байғанин нұсқалары). – 2013. - 384 бет.
Нұрпейіс Байғанинің 3 томдық шығармалар жинағының ІІІ томына»Төрехан», «Қарасай-Қази», «Құрбұғыл» жырларының ақын жырларының желісі» мен «Қараүлектің Мамайды жоқтауының» байғаниндік нұсқалары да осы томға енгізілді
Бельгер Г. Казахские арабески: Статьи, эссе, рецензии, этюды [Текст] /Г. Бельгер. –Алматы: ИД «Жибек жолы», 2014. – 520 с.
Собранные в эту книгу статьи, рецензии, рассказы, интервью составляют своеобразный казахский орнамент-калейдоскоп, этюды-арбески. Автор книги – прозаик, перводчик, эссеист, критик, литературовед – 73 года бытует и творит в казахской среде. Его произведения пронизаны искренней любовью к Казахии, ее истории, культуре, литературе и языку.
Издание рассчитано на массового читателя и приурочено к 80-летию Герольда Карловича Бельгера.
Достарыңызбен бөлісу: |