Әріп Ғ. Қасиетті парыз: публицистика [Текст]/ Ғ.Әріп. – Алматы: Хан Тәңірі, 2014. – 286 бет.
Автор бұған дейін жарық көрген «Асылдың сынығ», «Каспий трагадясы», «Рух жаңартауы» тәрізді кітаптарында елдік, ерлік рух, ана тілі мен баба ділі, ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды әспеттеу, қастерлі тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білу турасындағы өрелі пайымын бұл кітабында зерделей түседі. Жинақтағы дүниелерді тілі кестелі, публицистикалық өршіл сарыны басым. Бұл әрбір оқырманның бойында отансүйгіштік, елжандылық қасиеттің оянуына септігін тигізері сөзсіз.
бдіқалықов А. Хантәңірінің Мұзбалағы: Естеліктер [Текст]/А.Әбдіқалықов. – Алматы: Айғаным,2014. 320 б.
Мұқағали Мақатаев – қазақ өлеңінің қадір-қасиетін, көркемдік дәрежесін асқан зор шеберлікпен, қайталанбас даралықпен шырқау биікке көтерген ұлкен сүреткер, халықтық ақынға айналған тұлға.
Бұл жинаққа ақынның қаламдас ағаларының, замандастарының, інілерінің, туған-туыстарының естеліктері әдеби өңделіп, толықтырылып еніп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |