«Есту жолына (құлақ) тамшы тамызу техникасы»
Мақсаты: дәрілік
Көрсеткіші: құлақ қабынуы
Әзірле: стерильді көз пипеткасы, дәке, тампон, дәрілік заттар, пинцет, қолғап, 50-60 градустағы лоток су, КБУ, дез ерітінді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Баланың анасына іс-әрекеттің жүргізілуі мен мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз
-
Дәрілік заттардың жарамдылық мерзімін қараңыз( атын оқыңыз, концентрациясын, жарамдылық мерзімін) және пипетканы.
-
Қолды гигиеналық деңгейде жақсылап тазалап, қолғапты киіңіз
-
Жөргектеу үстелін залалсыздандырушы ерітіндімен өңдеңіз, таза жаялық жайыңыз.
-
Дәрілік ерітіндіні 36-37 градус суда жылытыңыз.
-
Баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз: ауыратын құлағын үстіне қаратып жатқызыңыз.
-
Қажет болған жағдайда құлақ жолын тампонмен тазалаңыз.
-
Оң қолыңызға пипетканы алыңыз, тамшы толтырыңыз, тамшы температурасын қараңыз.
-
Сол қолыңызбен құлақ қалқанын екі жасқа дейінгі балаларды артқа және төмен, ал екі жастан жоғары балаларды артқа және жоғары тартыңыз.
-
Есту жолы қабырғасына 5-6 тамшы дәрілік затты тамызып, бірнеше рет үстінен басыңыз.
-
Құлақ сыртына дәкелі тампон қойыңыз, анасына тампонды 15-20 минут қоюын айтыңыз. Одан кейін құлақты кептіріңіз.
-
Қолданылған дәкелерді КБУ-ге салыңыз, ал қолданылған пинцетті дез ерітіндіге.
-
Қолғаптарды шешіп КБУ-ге салыңыз
-
Қолыңызды жуып кептіріңіз
Достарыңызбен бөлісу: |