Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерек-ше орын алады. «Классика ғасыры»



бет2/2
Дата21.04.2020
өлшемі40 Kb.
#63752
1   2
Байланысты:
жана заман мадениет

1. Романтизм. Осы тарихи кезеңце халық көңілінен шығар нағыз өнердің қажеттігі біліне бастады. Өнер — қоғамдық көңіл-күйдің жаршысы болды. Философия тіліне айнала бастаған өнер адамгершілік пен ізгіліктің қайнар бүлағы, адамның жан-дүниесінің айнасы болды. Өнер — мәдениет саласындағы әрбір өзгерісті терең сезініп, дәуір тынысына сай бейімделе білді. Бүл ой-түжырымдарымызды дәлелдеу үшін, ең бастысы — «өнердің қоғамның соты» рөлін қалай атқарған-дығын толық түсіну үшін тағы да XIX ғ. өнерінің тарихына қысқаша тоқталып өтелік. Бүл ғасырдағы өнердің дамуындағы екі кезеңді ерекше бөліп алып қарастырған жөн сияқты. Бірінші кезең, декаданс («қүлдырау» деген мағынаны береді). XIX ғ. 50 ж. бастап бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін созылады. Осы бір «революциялық дәуірдің» әрбір коғамдық уақиғасы халықтың творчестволық қиялын оятты, өнер саяси-әлеуметтік мазмүнға ие болды. Үлы француз революциясынан қанаттанып, шабыт алған романтизм өз өрісін кеңейте түсті. Романтикалық өнер сол заманның басты идеяларымен байланысты болды. Олардың прогрессивтік идеялары утопиялық социализм идея-ларымен де үштасып жатты. Романтиктер мен утопистердің дәл осындай идеялық бауырластығын қалай түсіндіруге болар екен? Оларды жақындастырған жағдайлар: қоғамдық қүрылысты сы-нау, халық тағдырына ортақтасу, жеңіске жету жолдары мен әдістерінің күңгірттігі және т.б. болды. Тамаша болашақты тіпті болмағанда қиялында жүзеге асыру — романтиктерге тән қасиет екендігін естен шығармаған жөн. Нақты өмір мен қиялдағы өмірді салыстыра қарау да романтикалық өнердің басым жақта-рының бірі болды. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамды сынай отырып, бүл ортадан безіне қашады. Мүндай көңілі толмаушылық қасиет пен болмыстан «қашушылықтың» үш бағыты болды. Біріншісі, табиғат аясына кету, өйткені табиғат адам-ның көңіл-күй күйзелістерінің емшісі, еркіндік пен ізгіліктің идеалы болып есептеледі. Сондықтан да болар романтиктер қалаларды өткір сынға алып, қарапайым ауыл адамдарын ерек-ше дәріптеп, олардың рухани байлығын паш ететін халықтық фольклорды жоғары бағалады. Бүрыннан белгілі экзотикалық елдермен қатар, үлы географиялық ашылымдар барысында ғана белгілі болған елдердің әсем табиғаты — олардың өнер туын-дыларының басты тақырыптарының біріне айналды. (Байрон-ның поэзиясындағы, Делакрудың суреттеріндегі шығыс тақы-рыптары және т.б.)- Ал нақты өмір көріністері болмаған жағ-дайда романтиктер өздерінің таңғажайып қиялдарына еркіндік берді, оған Гоффманның, Геейненің, Ваггнердің фантастикалық шы-ғармалары жатады.
Екінші бағыт, өзі өмір сүрген ортадан алшақтап, басқа дүниені қиялдауға байланысты болды. Ендігі жерде романтиктер өткен заманды, әсіресе орта ғасырлар кезеңін, оның өмір-салты мен салт-дәстүрлерін (В. Скоттың рыцарьлық романдары, Вагнердің опералары және т.б.), шаруалардың патриархалдық түрмыс-тіршілігін (Ж. Санд, Коллридж) және т.б. өмірлік жағдайларды өз шығармаларының арқауы етті.

Үшінші бағыт, адамның болмыстан бас тартып, өзінің ішкі жан-дүниесімен арпалысуына байланысты болды. Романтиктер өз шығармаларында бүл дүниенің қарама-қайшылықтарын шындық түрғысынан көрсетуге баса назар аударды (Гоффман мен Гауффтың ертегілері, Т. Жеррико мен Э. Деллакруаның портреттері және т.б.). Жоғарыда айтылған пікірлерімізге сүйене отырып, романтизмнің екі басты идеялық мән-мағынасы бар деген қоры-тынды жасауға болады. Олар: «романтикалык тарихилық» және «индивидуалистік субъектизм».



Үлттық мәдениеттің қайнар бүлағына зер салу, мәдени қүбылыстарды тарихи түрғыдан алып қарастыру, басқа ха-лықтардың өмірімен танысу кездерінде романтиктер бүл та-рихи процестердің қайталанбайтындығына, өте сирек кездесетініне, олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар екендігіне көз жеткізді. Олай болса «романтикалық тарихилық» — буырқанған революциялық дәуірдің жемісі болып табылады. Романтиктердің көзқарастары бойынша, ақыл-ой немесе адамның санасы арқылы тарихи болашақты, оның бүралаң жолдарын адам болжай алмайды, олай болса таным процесінің басты көздерінің бірі — жүректің үні, интуиция (сезіну) болып табылады. Осыдан келіп романтизмнің «индивидуалистік субъектизм» бағыты келіп туындайды. Оның мән-мағынасы — жат дүниеде адамның өзінің жалғыздығын сезінуі, адам санасында өмірден түңілушілік сезімінің пайда болуы. В. Вейдле «Романтизм дегеніміздің өзі — жалғыздық» деп тегіннен-тегін айтпаған сияқты. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамға көңілдері толмаса да, бостандық пен еркіндік жолындағы күрескер — энтузиастар болды. Ең бастысы олар — халықтың ғасырлар бойғы жинақтаған мол мәдени мүра-ларына сүйенді. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, романтизмнің дамуы әр елдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайларға тығыз байланысты болды. Мысалы, Францияда романтизм буырқанған қоғамдық-саяси өмірдің айнасына ай-налды. Әсіресе, еркіндікті сүю мен патриотизм — француз романтизміне тән басты қасиеттер болды. Ағылшын романтиктері Байрон мен Шеллидің шығармаларында қоғам-дағы жағымсыз қылықтар қатал сынға алынды.
Саяси бытыраңкылық жағдайында қалыптасқан неміс романтизмінің де өзіне тән ерекшеліктері болды. Бүл дәуірде неміс романтиктері музыка, әдебиет және т.б. өнер салаларын-дағы асқан үздік шығармаларында қоғамдық өмірге сын көзбен қарай отырып, философиялык, эстетикалық түжырымдар, тео-риялар жасады
ТАПСЫРМАЛАР:

  1. Жаңа заман мәдениетінің ерекшелігі неде?

  2. Жаңа заман мәдениетінде қандай өнерлер қалыптасты?

  3. Жаңа замандық қандай мәдени туындылар бар?

  4. Барокко өнері дегеніміз қандай өнер?

  5. Классицизм өнері дегеніміз қандай өнер?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет