Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерек-ше орын алады. «Классика ғасыры»



бет1/2
Дата21.04.2020
өлшемі40 Kb.
#63752
  1   2
Байланысты:
жана заман мадениет


ЖАҢА ЗАМАН МӘДЕНИЕТІ

Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерек-ше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бүл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді. Мүндай әділ бағаның авторлары заманымыздың үлы ойшылдары: О. Шпенглер, Й. Хей-зинга, X. Ортега-и-Гассет және т.б. XIX ғасыр, мәдениеті — бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінін негізінде қалыптасты. Олар — рационализм, антропоцентризм, сциентизм, еуроцентризм және т.б. болды. Еуропа мәдениетінін тағдырына дәуірдің үш үлы уақиғасы: Англияда-ғы өнеркәсіп төңкерісі, Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін күресі және Үлы Француз революциясы ерек-ше ықпал етті. Дәлірек айтқанда, бүл үлы тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбүрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. XIX ғасырдың бет-пердесі адамзат тағды-рының өзгерістерге үшырауына тығыз байланысты болды. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болды. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші жөне үшінші факторларды бір сөзбен «техника» деп атауға да болады, ал бүл факторлар осыдан екі ғасыр бүрын пайда болды да, XIX ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады.


Ерекше атап өтетін бір жайт, XX ғ. етек алған «сауықтық мәдениеттің» алғашқы нышандары дәл осы уақытта біліне бас-таған болатын. Өнер туындылары мыңдаған таралыммен жап-пай шығарыла бастады. Әрине, өнер туындыларының халық арасына кеңінен тарауы, халықтың жалпы мәдени дәрежесін арттыруға себепкер болатындығын мүлде жоққа шығаруға бол-мас, бірақ бүл жағдай өнердің дәрежесін төмендетіл, оның қүпия-лық қасиетін жоюға себепкер болғандығын да естен шығармаған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет