«Жаһандану жағдайында тігін бұйымдарын жобалау және өндіру жүйесін жетілдіру»
Зерттеyдiң өзектілігі. Костюм ұлттық мәдениеттің объектісі ретінде өз халқының тарихымен, дәстүрлерімен тығыз байланысты және оны жасаушының рухани және эстетикалық мүмкіндіктерін зерттеудің құнды көзі болып табылады. Ұлттық костюм - заманауи киімдердің ассортиментін дамытудың, жаңартудың және байытудың ең маңызды қадамы.
Қазіргі костюммен ұлттық дәстүрлерді дамыту мәселесін шешу үшін түпнұсқаны білу маңызды.
Зерттеу мақсаты - қазіргі заманғы киімдердің модельдері мен конструкцияларын жобалау аспектісінде қазақ әйелдерінің халықтық костюмін жобалау.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қарастырылған:
-дәстүрлі халықтық (ұлттық) костюмін құрайтын элементтерді қалыптастыру бойынша материалды талдау және жалпылау;
- ұлттық костюмінің және дәстүрлі декоративті композицияның шынайы мұражай үлгілерін музейлік коллекцияларға, әдеби және көрнекі дереккөздерге сәйкес зерделеу, талдау және жүйелеу;
- дәстүрлі кілемдік композициялары негізінде сәндік композиция құру әдісін әзірлеу және оларды заманауи киімдерде қолдану;
жаңа конструктивті формалар жасай отырып, заманауи киімдердің ассортиментін әзірлеу және жаңарту;конструкциялық шешімді оңайлату процесін көздейді.
- білім беруді ізгілендіруге жәрдемдесу және гуманизм, ұлттық дәстүрге деген сүйіспеншілік рухындағы мамандардың көркемдік дайындығын жетілдіру.Мысал ретінде «Elegant» атты эксклюзивті киімін талдауға ұсынып отырмыз.
Ғылыми жобада конструкцияны жеңілдету мақсатында дайын стандарттық размерлерге орындалған лекалоларға аз-ғана өлшемдерді қолдана отырып жеке дене өлшемдерге оңай градациялар жасалынады. Мысалы омырыу, бел, бөксе өлшемдері әдеттегідей 2 –ге емес, 4 –ке бөлініп алдыңғы бөлшекке 1 саны қосылады, ал артқы бөлшекке 1 саны алынып тасталады. Мысалы Кеуденің ІІ орамы(ОГ2-88) Нәтижесінде 88/4+1=23 алдынғы бөлік үшін, 88/4-1=21артқы бөлік үшін.
Ғылыми жобада конструкцияны жеңілдету мақсатында дайын стандарттық размерлерге орындалған лекалоларға аз-ғана өлшемдерді қолдана отырып жеке дене өлшемдерге оңай градациялар жасалынады. Мысалы омырыу, бел, бөксе өлшемдері әдеттегідей 2 –ге емес, 4 –ке бөлініп алдыңғы бөлшекке 1 саны қосылады, ал артқы бөлшекке 1 саны алынып тасталады. Мысалы Кеуденің ІІ орамы(ОГ2-88) Нәтижесінде 88/4+1=23 алдынғы бөлік үшін, 88/4-1=21артқы бөлік үшін. осы конструкция әдісімен бірнеше жыл практикада қолданып жақсы натиже көрсетудеміз.