Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2016 жылдары атқарылған жұмысының қорытындысы туралы ақпарат Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің негізгі қызметі «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Дата10.06.2017
өлшемі267,97 Kb.
#19001
Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2016 жылдары атқарылған жұмысының қорытындысы туралы ақпарат
Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің негізгі қызметі «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауын (30.11.2015ж.);

Ұлт жоспары «Бес инстуционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі» 100 нақты қадам;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігі арасындағы білім беру және жастар саясаты салаларындағы 2014-2016 жылдарға арналған нысаналы көрсеткіштер мен қорытынды нәтижелерге қол жеткізу туралы Меморандум;

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын» орындауға бағытталады.

Білім беру ұйымдары желісінің сипаттамасы

Мектепке дейінгі тәрбие

2016 жылы Жаңаөзен қаласында 47 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 26 мемлекеттік балабақша, 2 мектеп жанындағы шағын орталық, 19 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасады. /2015 жылы 1280 орындық 4 мемлекеттік және 25 орындық 1 жекеменшік МДҰ іске қосылды (құрылыс есебінен-4, жекеменшік-1). 2016 жылдың желтоқсан айында 75 орындық «Керемет» жекеменшік шағын орталығы жұмысын бастап, жыл соңында мектепке дейінгі ұйымдар саны 47-ге көбейді.

Жаңаөзен қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдар саны:

Барлық МДҰ

МДҰ бала саны

Балабақшалар саны

Оның ішінде

Шағын орталықтар саны

Оныңішінде

Мемлекеттік балабақшалар саны

бала саны

Жекеменшік балабақша лар саны

бала саны

Мемлекеттік шағын-орталықтар саны

бала саны

Жекеменшікшағын-орталықтар саны

бала саны

47

7340

30

26

5940

4

400

17

2

75

15

925

Қала бойынша қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде ашылған балабақшалардың жалпы балабақша санынан үлесі 40,4% /2015ж -37,7 %/ құрайды (19 мектепке дейінгі ұйым). 2017 жылы үш жекеменшік мектепке дейінгі /100 орындық 2, 75 орындық -1/ ұйым іске қосылуы жоспарда бар.



2016 жылғы статистикалық есептілік бойынша Жаңаөзен қаласында және оған жақын орналасқан Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарын қосқанда 0-7 жас аралығындағы бала саны-31494 (өткен жылы -30047 бала болған,өсім 1447 балаға артқан). Қазіргі таңда 3-6 жас аралығындағы бала саны-14242 болса, оның білім мен тәрбие мен қамтылғаны-13530 /2015ж 12941/, яғни 3-6 жас қамтылуы 95% /2015ж 92,5%/. Мемлекеттік шағын орталықтар мен балабақшаларда- 6015, жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтарда -1325, мектеп алды даярлық топтарында-2475, 1-ші сыныптарда 6 жастан 2995, 720 мектеп жасына дейінгі балалар балабақшаны қажет етпей қаладағы әртүрлі дамыту орталықтарында оқу, тәрбие алуда.

Мемлекеттік («Балапан») бағдарламаны жүзеге асыру барысында туындап отырған проблемалық мәселелер:

Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы: Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің көбеюіне қарамастан балабақшаға кезекке тұру әлі де сақталып келеді. Қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінің көбеюдегі айқындаушы факторы елдегі демографиялық ахуалдың жақсаруы мен бала туудың көбеюі болып табылады. ХҚКО кезекке тіркелген мәлімет бойынша 31.12.2016 жылға 0 жастан 6 жасқа дейінгі 8365 бала кезекте тұр, оның ішінде қазіргі таңда 3 жасқа толып отырғаны 788 бала.

Шешу жолдары:

Мемлекеттік («Балапан») бағдарламаны жүзеге асыру барысында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамту және тұрғындар арасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтерінің өскелең қажеттіліктерін орындау мақсатында 2014-2020 жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосу «Қадамдық» жоспары жергілікті атқарушы органдармен келісілді.

2017 жылы «Самал» ш/а 280 орындық «Солнышко» мемлекеттік балабақшасы жөндеуден өтіп, Теңге ауылынан 100 орындық «Қостерек», Рахат ауылынан 75 орындық, Арай шағынауданынан 100 орындық жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдары іске қосылады деп жоспарлануда.



Жалпы орта білім беретін -22 мектеп ,оның ішінде – 20 орта, 2- бастауыш мектеп (2015 жылы 19 орта,3 бастауыш мектеп болған). 2016 жылы №13 бастауыш мектеп ғимаратынан «Дарын» мектеп-лицейі ашылып, жұмысын бастады.

Барлық мектеп саны

2014ж

2015ж

2016ж

23

23

23

Оның ішінде:

күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектептердегі оқушы саны



22
(24308 оқушы)

22
(25544 оқушы)

22

(26931 оқушы)




Кешкі мектептер

1

1

1

Оқушы саны

218

203

169

Оқушылар контингенті -26931 (2015ж-25544) бала, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 1387 оқушыға көбейді. Қалада үш ауысымдағы, апатты жағдайдағы мектептер жоқ. Рахат ауылында орналасқан №9, 15, 18, 21 орта мектептерде бала санының өсуі байқалуда.



Шешу жолдары: №9 орта мектептің жобалық қуаты 1200 орындық,оқып отырған бала саны мектепалды даярлық тобымен қоса-1218. Мектептің бір блогында қазақ-түрік лицейінің оқу корпусы мен жатақханасы орналасқан. «Мерей» ш/а тұрғын үй құрылысының қарқынды салынуына орай келесі оқу жылында оқушы орынының тапшылығы орын алатындықтан қазақ-түрік лицейіне жаңа ғимарат қарастыру.

№15 орта мектеп жобалық қуаты 624 орындық, барлық оқып отырған бала саны мектепалды даярлық сыныбымен-1577. Мектепке 2016 жылы 320 орындық қосымша құрылыс жұмысы басталды, аяқталу мерзімі 2017 жыл.

№18 орта мектеп жобалық қуаты 960 орындық, бала саны-3103, аталған мектепке Рауан ш/а 254 бала және Рауан ш/а жақын орналасқан Ақсу ш/а 1-20 үйлерінен 274 бала тасымалданады, барлығы 528, сонымен қатар мектептің өзіне тиісті аумақ бойынша алған есебінде Рауан ш/а 0-17 жас аралығындағы бала саны- 773. Рауан шағын ауданынан қала мектептеріне 130 бала қатынайды. №18 о.м үш аусымға шығып кетпеуі үшін Рауан шағын ауданынан жаңа мектеп қажет, 960 орындық мектептің ЖСҚ-сы дайын.

Қаладағы орыс тілді мектептер: №16 б.м. жобалық қуаты 500, оқушы саны-1364, №3 о.м. жобалық қуаты-900, оқушы саны-1497.Аталған орыс тілді 2 мектептің сыйымдылықтан артық 1019 оқушысы бұрынғы Мұнайшылар жатақханасы, кейін №9 негізгі мектеп болған қосымша ғимаратта оқуда. №3 орта мектеп жанынан 600 орындық қосымша құрылыс салып, №16 бастауыш мектеп пен №3 орта мектепті біріктіріп, №16 бастауыш мектеп ғимаратын/бұрынғы 280 орындық балабақша/ мақсатына сәйкес кері қайтару.



Оқу жылының І жарты жылдығын 26891 оқушымен аяқтадық. Жарты жылдық қорытындысы бойынша 26857 оқушы үлгереді (оның ішінде 3529 1-ші сыныпқа баға қойылмайды), 34 оқушы үлгермейді, үлгерім 99,8%, білім сапасын 46,75% аяқтады. Ағымдағы оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы енгізіліп, мектеп түлектерін дайындау жұмыстары басталуда. Ұлттық бірыңғай тестілеу екі кезеңде өткізіледі:

1.Қорытынды аттестаттау-бұл мемлекеттік бітіру емтихан.

2.ҰБТ-жоғары оқу орындарына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу.

Ағымдағы жылғы мектеп түлектерін қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында 5 пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі,орыс тілі,алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.



  1. Оқыту тілі бойынша эссе жазу (3 астрономиялық сағат беріледі)

  2. Қазақ сыныптарында орыс тілінен, орыс сыныптарында қазақ тілінен тестілеу жұмыстары (аудирование, оқу, тест)

  3. Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан;

  4. Алгебра және анализ бастамалары пәнінен бақылау жұмысы;

  5. Таңдау пәні бойынша тестілеу, бақылау.

Қорғаншы және қамқоршы органын өзіне қамтитын қалалық білім бөлімі есебінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 102 /125/ жасөспірім тұлдыр жетім, оның ішінде 9 /10/ бала патронат,93/115/ қорғаншылық-қамқорлықта тәрбиеленуде. 2016 жылы қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап-бағуға төленген жәрдемақы көлемі 21,210 теңгені құрады. Жаңаөзен қаласы бойынша оқу жылы аяғында 22 /21/ жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардан: 11 сыныпты- 5-і, оның ішінде 4-і ҰБТ-ға қатысты 1-і қатыспаған. 9 сыныпты -11 оқушы бітіріп- 7 еліміздегі арнайы оқу орындарында түсті, 4-і оқуын жалғастырып отыр. 2016 жылы 7-13 жастағы 3 жетім, 3 аз қамтылған балалар Италияның Чезенатико қаласына жолдама алды. Ақтау қаласындағы Каспий теңізі жағалауында және қаладағы мектептер жанында орналасқан сауықтыру орындарымен жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 40 бала жазғы сауықтырумен қамтылды.

Қосымша білім беру.Қалада мектептен тыс 2 ұйым: Оқушылар шығармашылық үйі 5300 оқушыны қамтиды, оның ішінде 2180 баланы қамтитын 7 аула клубы жұмыс жасайды. Саз мектебінде 350 оқушы бар. Қосымша білім беру ұйымдарының қызметін жандандыру, олардың шығармашылық жұмыстарын жариялау мақсатында өткен Республикалық «Жаңа жылдық букет» байқауынан II орын, облыстық «Үздік білім беру бағдарламалары мен әдістемелік әзірлемелер» байқауынан ОШҮ I орынды иеленді. Оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын, құрастырушылық ойлау қабілеттерін дамытуға көмектесу, озат іс-тәжірибелерін анықтау және насихаттау мақсатында облыстық «Техникалық шығармашылық көрме» байқауынан ОШҮ мүсіндеуден I, II орын, ағашқа жазу және темірден көркемдеп өңдеу өнерінен III орындарды иеленді. Жаз мезгілінде Атырау қаласында өткен Халықаралық «Жадыра, жас дарын» байқауынан ОШҮ нен қатысқан драма ұжымының екі тобы I, II орын, Алматы қаласында өткен Халықаралық «Бозторғай» фестивалінен ОШҮ нің «Інжу» би тобы I орын, вокал III орындар алды. 2016 жылдың ақпан айында облыста өткізілген «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты республикалық онкүндік байқауында «Асыл сөз» үйірмесі I орынды иеленді. Республикалық «Салем, Астана» байқауында «Бас жүлдеге» ие болды. Республикалық «Дарын» сайысында «Вокал» үйірмесі I,II орындарды иеленді. 2016 жылы сәуір айында Қарағанды қаласында өткен «Тұлға-2016» байқауында «Би» үйірмесі Гран-Приге ие болды.

М.Өскенбаев атындағы Балалар саз мектебі 2016ж Женева қаласында өткен халықаралық «Geneva international music competition» сайысында қобыз класының ұстазы Сатқанбаева Айсұлу «Үздік ұстаз» Құрмет белгісімен, оқушысы Шукурова І дәрежелі дипломмен марапатталған. Атырау қаласында өткен VІІІ Республикалық «Ақ көгершін» фестиваліне қатысқан оқушылар Б.Нұғман,Т.Шукирбаевалар І дәрежелі дипломант атағына ие болды. Саз мектебінің оқушысы Айнұр Шукурова Атырау қаласында өткен Халықаралық Х-«Ақ көгершін» ,Женева қаласында өткен «Geneva international music competition», Астана қаласында өткен «Астана –Мерей» халықаралық жас орындаушылар конкурсына қатысып І орынды жүлдегер атанды.Мектеп оқушыларын өнерге баулу мақсатында Теңге ауылының №11 орта мектебі, Рахат ауылының №21 орта мектебі жандарынан домбыра сыныптары ашылып,жұмыстар жасалуда.

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен еңбектерін ұйымдастырудың түрлері мен нысандары жетілдірілуде. 2016 жылғы жазғы сауықтыру демалысына жергілікті бюджеттен 48 млн 680 мың теңге қаражат бөлінді, 11 мектеп жанынан лагерь ашылып, 3400 бала демалды.7-13 жас аралығында 19184 бала бар. Білім басқармасының ұйымдастыруымен тұлдыр жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүжәлсіз, көп балалы отбасыларынан Ақтау қаласындағы «Балдаурен» лагеріне маусым айына 50 бала және «Эни С.п.А.» Концерн «АДЖИП Каспиан Си Б.В.» компаниясының демеушілігімен Италияның Чезенатико қаласында 6 бала, Жаңаөзен қаласына қарасты өндірістік мекемелерінде Республиканың өзге қалалары мен алыс-жақын шетел мемлекеттерінде 10000 оқушы ата-анасы және демеушілер есебінен демалды.Барлығы 13456 бала жазғы сауықтырумен қамтылды. / 70 %/

Педагог кадрлардың сапалық құрамы мен біліктілігі. Білім беру ұйымдарында 2575 педагог жұмыс жасайды. жоғары білімді 1504, жоғары санатты 305, бірінші санатты 507, екінші санатты 576, санатсыз 1185/оның 773-і, яғни 65%-ы жас мамандар,/ Ағымдағы жылы 251 педагог санат көтерді, оның ішінде жоғары санат - 53, бірінші санат-55, екінші санат-143. 2016 жылы қаладағы білім беру мекемелеріндегі 2575 (2015ж 2243) педагогтың 784-і (2015ж 737) біліктілік арттыру шараларына қатысты. Оқу жылы ішінде мемлекеттік курстардан -302(2015 ж 287) мұғалім, ақылы курстардан -449(2015ж 392), республикалық курстардан -25(2015ж 17) мұғалім өтті. Жаңа форматтағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» курстарынан- 22 педагог, оның ішінде 6 мектеп директоры. Алайда білім саласында кадр мәселесі әлі де болса өзекті болып отыр. Қаладағы білім беру ұйымдарында былтырғы оқу жылы қорытындысымен орта мектептерге: математика, физика, орыс тілі мен әдебиеті, дене тәрбиесі; орыс мектептері үшін: математика,бастауыш, тарих, химия пәні мұғалімдерінен әлі де маман жетіспейді.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық  сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Білім саласында бүгінгі күні  алдына жаңа  талап қойып, Білім беру жүйесін жаңарту шарттарын ұстанып, жаңаша ізденістер- мен  жұмыс атқарып келе жатқан  білім ұйымдарымыз  бен ізденімпаз ұстаздарымыздың да жетістіктері мол.

Жаңаөзен мектеп-гимназиясы қаламыздың жаңа типті мектептерінің бірі. «Бәсекеге қабілетті білім берудің нәтижеге, жеке тұлғаны бағдарланған моделіне көшу жағдайында оқу-тәрбие үрдісіне жаңа технологияларды енгізу арқылы дарынды тұлғаны тәрбиелеу» өзекті мәселесімен жұмыс жасай отырып, оқу - әдістемелік және тәрбие қызметін жеке тұлғаның жан – жақты дамуына бағыттайды. 2015-2016 оқу жылының қорытындысымен қала әкімдігінің «Үздік гимназия-2016» 70.000 теңге сертификатымен, Маңғыстау облысы әкімдігінің «Үздік мектеп-гимназия» -200.000 теңге сертификатымен, Маңғыстау облысы әкімдігінің «Орта білім беретін үздік ұйым-2016» байқауының жеңімпазы ретінде 18.287.200 теңге сертифика- тымен марапатталды. Мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалі Сарсенов Жәнібек «Жыл мұғалімі-2016» номинациясына ие болды. Жалпы білім беретін мектептердегі экологиялық білім беруді жақсарту және тәрбиелеудің сапасын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған «Табиғатпен үндес мектеп» облыстық байқауынан №14 орта мектеп ІV орын және ақшалай сыйлықпен,№12 Айгөлек балабақшасы ІІ орынды алды.Облыстық “Үздік педагог” байқауы мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Құлсымакова Ғайша Бас жүлде, мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі Раметулла Злиха ІІІ орын, облыстық «Ең үздік мектепке дейінгі педагог-2016» байқауында №1 «Ақбота» б/б тәрбиешісі Абиева Жолан Бас жүлде иеленіп, қала бойынша «Жыл тәрбиешісі-2016» номинациясына ие болды.



«Маңғыстаунама-2016» сайысында №6 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Оразова Мейрамгүл І орын, Облыстық “Тілші мұғалімдер - 2016” олимпиадасында мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрбергенова Рысгүл І орын, гимназия мектебінің орыс тілі Бурмакова Аққибат ІІ орын, Облыстық “Жаратылыстану-математика пәндер олимпиадасынан” мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі Абдуллаев Джембай І орын, №3 орта мектептің химия пәні мұғалімі Киреева Любовь І орын, №10 орта мектептің биология пәні мұғалімі Жантілеу Рая ІІ орын, №15 орта мектептің физика пәні мұғалімі Джумагалиева Майра ІІ орын, №3 о.м. география пәні мұғалімі Телегенова Джанабиби ІІІ орын, облыстық тарих және құқық пәндері мұғалімдерінің олимпиадасынан №18 орта мектептің мұғалімі Айманов Бауыржан І орын, №7 орта мектептің мұғалімі Қалдығұлова Ақмарал ІІ орын Облыстық “Үздік алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі-2016” байқауында №21 орта мектептің мұғалімі Баймуратов Есет І орын, облыстық эстетикалық пәндер мұғалімдер олимпиадасыда №21 орта мектептің мұғалімі Сагиндикова Альмира ІІ орын, №15 орта мектептің технология мұғалімі Сәулебай Жұлдыз ІІ орын, «Үздік психолог-2016» байқауынан мектеп-гимназияның психологы Тлябова Баян І орын, №2 орта мектеп психологы Кожакинова Нурила, №7 орта мектеп психологы Мухангалиева Нұргүл ІІ орын, облыстық «Әдістемелік вернисаж-2016» №16 бастауыш мектеп мұғалімі Иванова Ольга І орын, №17 орта мектеп мұғалімі Сарсенов Мухтар ІІ орын, Облыстық «Ғасыр індетінен сақтанайық!» үздік тәрбие сағаты байқауында №21 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Рахмедова Ақбаян ІІІ орын, облыстық «Мемлекеттік тілдің үздік ұстазы» сайысынан және «Маңғыстаунама-2016» №3 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдуллина Лиза ІІІ орын, облыстық «Алтын диск» байқауынан мектеп-гимназияның информатика пәні мұғалімі Сапарова Құрбанай ІІІ орын, облыстық сынып жетекшілерінің форумында жекелеген номинациялар бойынша №20 орта мектеп мұғалімі Байсупова Ақкенже І орын, № 8 орта мектеп мұғалімі Байболова Гүлжамал ІІ орын, №19 орта мектеп мұғалімі Кенжегалиева Айнұр ІІІ орын, Есбол Өмірбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған облыстық «Үздік тәрбие сағат» байқауында №1 орта мектептің мұғалімі Сегізова Әйгерім ІІІ орын, Облыстық “Үздік қосымша білім беру бағдарламасы” байқауында №15 орта мектептің технология пәні мұғалімі Бахитов Токтағұл І орын, Облыстық «Абай оқулары» байқауында №3 орта мектептің мұғалімі Нам Любовь Александровна Бас жүлде, облыстық «Әбіш оқулары» байқауынан №20 орта мектептің мұғалімі Коптлиев Талғат І орын, №18 орта мектептің мұғалімі Бақытова Ақмаржан, №21 орта мектептің мұғалімі Ташмухамедова Мейрамгүл ІІІ орын, облыстық педагогикалық байқаудан №26 «Шапағат» балабақшасының тәрбиешісі Бүркітова С. ІІ орын, №13 бастауыш мектептің мұғалімі Карлыева Ақшолпан ІІІ орын, облыстық «Үздік мектеп медбикесі -2016» байқауында №3 орта мектеп медбикесі Базарбаева Ақмарал ІІ орын, облыстық «Жол қауіпсіздігі жас инспекторлары - 2016» кезеңінде «Жетекшілер сайысы» номинация бойынша №20 орта мектептің Аралбаева Нұрия ІІ орын иеленді.

Педагог мәртебесін көтеру

Педагогтардың имиджін қалыптастыру бағытында мектептер, мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру, мектептен тыс білім беру ұйымдарымен біршама жұмыстар жүргізілді.

2016 жылы педагог кәсібін насихаттайтын 54 қалалық іс шара (конференция, дөңгелек үстел, конкурстар, пән олимпиадалары, оның ішінде «Үздік білім беру ұйымы», «Үздік педагог», «Үздік әдіскер» республикалық конкурстарының 2-туры, тамыз конференциясы, ұстаздар күніне арналған мереке, бастауыш сынып мұғалімдерінің алғашқы форумы, «Мемлекеттік тілдің үздік ұстазы», «Үздік сынып жетекшісі», «Үздік білім беру бағдарламалары мен әзірлемелер», «Үздік психолог», «Математикалық регата», «Алтын диск», «Үздік әлеуметтік педагог», «Үздік қосымша білім беру ұйымы», «Үлгілі педагог отбасы», «Үздік кітапханашы», «Үздік этнокабинет», «Үздік дене тәрбиесі пәні мұғалімі», педагогтар арасында «Үздік панорамалық сабақ» байқаулары, жаратылыстану пәндері мұғалім- дерінің қалалық олимпиадасы және «Құқық бұзушылық пен қылмыстық әрекеттер болмаған білім беру ұйымдары басшыларын марапаттау» өткізілді.

Білім саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымдары арқылы жазғы еңбек демалыстары кезінде республикамыздың сауықтыру шипажайларында демалды. 2016 жылы жеңілдетілген жолдамалармен еліміздің шипажайларында 71 мұғалім дем алып, денсаулықтарын нығайтқан.



Білім беруді ақпараттандыру бағдарламасының орындалысы Қаламыздағы 22-мектеп 100% компьютер сыныптарымен жабдық- талған. Мектептер бойынша 76 компьютер сыныптарында 1071 компьютерлермен жабдықталған.Қала бойынша 1 компьютер- ге 25 (2015ж 21) оқушыдан келеді.Қала бойынша барлығы есепте 63 интерактивті тақта бар. Жергілікті бюджет есебінен 55, демеушілер есебінен 8 интерактивті тақталар орнатылған. Қала мектептердегі интерактивті тақталар интернет желісіне қосылып, он-лайн режиміндегі интерактивті сабақтарға қатыса алады. (2007-2011 жылдар арасында алынған интерактивті тақталар ескірген, ауыстыруды қажет етеді.17 тақта) Мектептер 2005-2016 жылдар аралығында 28 лингафондық-мультимедиалық кабинеттермен жабдықталған. (2005-2010 жылдар арасында алынған 20 мультимедиалық кабинеттер ескірген.) Барлық мектептерде 5мб жылдамдықпен интернетке қосылған және жеткілікті қаражат бөлінген.

Электронды оқыту жүйесі.2012 жылы «E-learning» электрондық оқыту жүйесі жобасы аясында Жаңаөзен қаласы бойынша №7 және №8 орта мектептері құрал жабдықтармен (компьютер, ноутбуктер, интерактивті проекторлар, сандық подиумдар және т.б) жабдықталып жүйеге қосылды. 2013 жылы №6,10,19 орта мектептер «E-learning» электрондық оқыту жүйесіне қосылып жұмысын бастап кетті. 5 мектепте де ЭОЖ жұмысы өз деңгейінде толтырылуда. Интернет жылдамдығы тұрақты 4-10 м/б. Барлық компьютерлік техникалар интернетке қосылған және вайфай жүйесімен мектептің кез-келген нүктесінде интернетке қосылу мүмкіндігі бар. Интерактивті проекторлар, сандық подиумдар күнделікті сабақта қолданылуда.Мектептердің электрондық оқулықтармен қамтылуына тоқталар болсақ, 90 түрлі (пән бойынша) 1044 электрондық оқулық қолданылуда. Электрондық оқулықтар мектептерде кітапханаларда сақталған, оқушылар мен мұғалімдерге формуляр арқылы беріледі. Электрондық оқулықтардық алу-беру журналы барлығы жасақталған. Бірақ әлі де электрондық оқулықтардың қорын көбейту қажет , кейбір электрондық оқулықтар тозығы жетіп есептен шығаруды қажет етеді.Қаланың барлық мектептері 5мб/с жылдамдықпен интернетке қосылған және жеткілікті қаражат бөлінген.

2016 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы Оқу сапасы көрсеткіштерінің бірі – бұл ҰБТ нәтижелері. 2016 жылы Жаңаөзен қалалық білім бөліміне қарасты мектептерден 952 /өткен жылы 805/ оқушы аяқтап, оның 737-і /өткен жылы 591/ Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты, яғни мектеп бітіруші барлық түлектің 77,4%. /өткен жылы 73,5%./

Тест қортындысы бойынша орта ұпай – 73,8 /өткен жылы 71,5/ болды. (2015/16 оқу жылында орта ұпай -73,8 болып, биылғы жылы білім деңгейі 2,3 ұпайға /өткен жылы 0,7/ өсті. ҰБТ-ке қатысқан түлектердің 611-і /84,2%/ 50-ден жоғары, 126 -ы /15,8% 50-ден төмен, ал жалпы конкурстық балл бойынша 220 түлек /29,8%/ шекті деңгейдегі 50 баллды жинай алмады. ҰБТ қортындысы бойынша ең жоғары ұпай -124 Мектеп-гимназия түлегі Мыңжасова Маржан «Алтын белгі» белгісінің иегері. 50 түлек /2015ж 55 түлек/ «қанағаттанарлықсыз» баға алды. «Алтын белгі» белгісіне 14 /2015ж -9/, Үздік аттестатқа 24 /2015ж-14/ түлек ие болды. Қатысқан түлектердің 14,7% , яғни 109-ы 100-ден жоғары балл жинады. /2015ж-64/ Қала бойынша жоғары ұпайға қол жеткізіп үздік 5 мектептің қатарына еніп тұрған мектептер: мектеп-гимназия, №8, №18, №19, лицей;



Мектеп оқушыларының республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік және шығармашылық сайыстарға қатысуы. 2016 жылдың қазан айының 28-29 күндері Ақтау қаласы «Болашақ» колледж базасында «Ғылым болашағы қазіргі заманғы көзқарас. Ғылыми дамудағы инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына мектеп-лицейдің 10 сынып оқушылары Утегенова Салтанат, Нәукебай Асия қатысып ІІ орынды иеленді. Жетекшісі Менкеева Шынар. 2016 жылы мектептерде ОҒҚ (оқушылардың ғылыми қоғамы) құрылып, оған дарынды оқушылар тартылды. Мектеп бойынша ОҒҚ №1 орта мектеп «Жас ғалым» 20 оқушы, №2 орта мектеп «Мұрагер» 47 оқушы, №3 орта мектеп «Интеллект» 45 оқушы, №4 орта мектеп «Болашақ» 48 оқушы, мектеп-гимназия «Бастау» 45 оқушы, №7 орта мектепте «Жанар тау» 20 оқушы, №8 орта мектеп «Мұрагер» 43 оқушы, №9 орта мектеп «Дарын» 15 оқушы, №10 орта мектеп «Зерек» 44 оқушы, №11 орта мектеп «Ізденіс» 36 оқушы, №13 бастауыш мектепте «Жас дарын» 21 оқушы, №15 орта мектепте «Интеллект» 27 оқушы, №16 бастауыш мектеп «Эрудит» 34 оқушы, №17 орта мектеп «Жас ғалым» 37 оқушы, №18 орта мектеп «Тұлға» 57 оқушы, №19 орта мектеп «Талап» 37 оқушы, №20 орта мектеп «Жас дарын» 47 оқушы, №21 орта мектеп «Жұлдыз дарыны» 49 оқушы, мектеп-лицей «Таным» 55 оқушы. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі Ақтау қаласы Қазақ – түрік лицейінде 14 қараша күні болып өтті.Облыстық іріктеу кезеңіне 18 жұмыс ұсынылды. Іріктеуден 11 жұмыс өттіп, оның 8 жүлделі орын иеленді.Кіші Ғылыми Академияға-ға 61 оқушы қатысып, 32 оқушы облыс көлемінде жүлдегер атанып, 15-17 мамыр күндері аралығында Ақтөбе қаласында өткен республикалық КҒА 32 оқушы қатысып 19 оқушы жүлделі орынды иеленді. «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі 22.12.2016ж. 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсына 9 оқушы қатысып 8 оқушы жүлделі орынды иеленді. 2016 жылдың желтоқсан айының 2 күні Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен «Әбіш әлемі» ғылыми- тәжірибелік конференция- сына 4 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі орындарды иеленді.2016 жылдың 8-9 желтоқсаны аралығында қалалық пәндік олимпиада өтті. Қалалық олимпиадаға мектептептерден І,ІІ жүлделі орын алған 822 оқушы қатысты. Барлығы 402 бала марапатталды, оның ішінде І,ІІ,ІІІ орын алған оқушылар саны-252. Облыстық кезеңге І,ІІ жүлделі орын алған 75 оқушы қатысты,оның 21-і жүлделі орындарға ие болы, 2 оқушы І орын,4 оқушы ІІ орын, 14 оқушы ІІІ орын алып, 7 оқушы республикалық олимпиадаға жолдама алды.

Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы Қала бойынша 22 мектептің 22-де ыстық тамақ ұйымдастырылды, онда – 24658 (92%) (2015ж 24415 оқушы ) оқушы қамтылған. Барлығы тегін ыстық тамақпен қамтылып отырған оқушы саны 6299 (2015ж 5935), оның 2771-і аз қамтылған отбасы балалары, 3528-і 1-ші сынып оқушылары.Қаладағы 22 мектептің барлығында асхана бар, оның 19-да типтік және 3-де бейімделген асханалар.

Оқу процесінің мазмұнын жаңарту келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

- оқушылар мен ата-аналардың білім қажеттіліктерін ескере отыра, оқу жоспарының вариативті бөлігіне енгізілген курстар, арнайы курстардың спекторларын кеңейту, жаңа курстар бойынша бағдарламаларды әзірлеу;

-қалада 12 жылдық білім беру эксперименті жүргізіліп жатқан мектеп жоқ

- орыс тілде оқытатын №3 орта мектептің 1-11-сыныптарына арналған қазақ тілінің деңгейлік оқулықтарын сынақтан өткізу жүргізілуде

-мектеп-гимназиясы, мектеп-лицейінде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді үш тілде оқыту жүргізілуде

-2013 жылдың қыркүйегінен бастап 1 сыныптарға енгізілген ағылшын тілі пәнін оқу бағдарламасы жалғасуда.

1-сынып оқушыларына мектеп формасын алуға 17,07 /2015ж 16 млн.385 мың/ теңге, 1-сынып оқушыларын,аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтуға 355,7 /2015ж 142 млн.453 мың /теңге бөлінді. Жаңадан ашылған 320 орындық 4 балабақшаның материалдық техникалық базасын толықтыруға 60 млн. теңге бөлініп, қажетті құралдар алынды.

Қаладағы аз қамтылған отбасы оқушы балаларына қолдау көрсету мақсатында 2016 жылдың қыркүйегінде «Жақсылық жасауға асығайық» атты «Мектепке жол» және қыркүйектен бері өткен қайырымдылық акцияларында 1200 балаға қайырымдылық көмек көрсетіліп, 1 сыныпқа келген 3286 балаға жергілікті бюджет есебінен мектеп формасы алынды.(2015 жылы 3482 балаға қайырымдылық көмек көрсетіліп, 1 сыныпқа келген 3029 балаға жергілікті бюджет есебінен мектеп формасы алынған)

Құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы жұмыстар. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, күндізгі 22 мектептің 5-де үлкен және кіші спорт залы бар, оларда 3126 оқушы жаттығатын 127 спорт секциясы жұмыс жасайды. Білім беру ұйымдарындағы әр түрлі бағыттағы үйірмелерге 7520 оқушы қатысады. Сонымен қатар қалада мектептен тыс қосымша білім беретін 2 мектептен тыс білім беру ұйымындағы 77 үйірмеге 5650 оқушы, қаладағы спорт орталықтарындағы 24- спорттық секцияларда 2045 оқушы бар. Яғни, барлығын қорытындыласақ, тәрбиелік шаралармен 18321 оқушы қамтылып отыр, бұл қала мектептеріндегі барлық оқушылардың 71,9% құрайды. Есепте тұрған оқушылардың 3 жылдағы салыстырмалы анализі

Оқу жылдары

Қалалық есепте тұрған оқушылар

Намаз оқитын оқушылар

Сәтсіз отбасы балалары

Суицид н/е өзіне-өзі қол жұмсаған оқушылар

Аяқталған суицид

2013/2014

23

28

50

7




2014/2015

32

41

48

2

1

2015/2016

77

110

48

1

0

Соңғы жылда қалалық есепте тұрған оқушылар мен намаз оқитын саны көбейгені алаңдатып отыр. Қалалық есептегі оқушылардың көбеюі сабақ жіберген оқушылар есебінен болып отыр. Білім беру ұйымдарында оқушылардың азаматтық, интеллектуалдық дамудың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуір №227 «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» бұйрығымен бекітілген бағдарламаның Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие; Рухани-адамгершілік тәрбие ; Ұлттық тәрбие; Отбасы тәрбиесі; Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі; Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие; Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыттары негізінде тәрбие жұмыстары жүзеге асырылады.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2014-2016 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өңірлік бағдарлама;

Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылытардың алдын алу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;

Білім басқармасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2013-2016 жылдарға арналған бағдарламасы;

ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2014-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;

Балалардың жолда жүру қауіпсіздігін және олардың жарақат алуын болдырмау мақсатында 2011-2020 жылдарға арналған он жылдың іс-қимыл ұлттық іс-шаралар жоспары;

Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2015-216 жылдарға арналған ведомствоаралық бірлескен іс-қимыл жоспары;

Маңғыстау облысы бойынша ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім жүйесінде АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары;

Сонымен қатар Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай, Елбасының «100 нақты қадам» ұлттық жоспарының негізгі бағыты - «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының іс шаралары.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Көкейімдегі бар әлем» атты республикалық сырттай шығармашылық фестиваліне «Бірлігіміз жарасқан ел» қолөнер бұйымы, «Каспиім-қазынам», «Қазақ хандығына -550 жыл» атты графикалық дизайн жұмыстарымен қаладан оқушылар қатысты.



ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған облыстық «Бұл біздің Қазақстан!» атты оқушылар арасында сурет байқауы, «Әлем мәдениетінің үздік туындылары-балалардың көзімен» балалар шығармашылық байқауы, «Отаным-мақтанышым» фотоколлаж, «Менің құқығым» тақырыбында эссе, «Жас суретшілер» номинациялары бойынша қала мектептерінен 6 жұмыс ұсынылып, №7о.м.4-сынып оқушысы Ж.Жылқыбаев 2-орынды иеленді, қатысушылар номинациялармен марапатталды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет