Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің «№24 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әдістемелік жұмыстары бойынша



бет1/33
Дата14.09.2023
өлшемі12,18 Mb.
#181064
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
№24 МЛ әдістемелік есебі 2022-23жж


Жаңаөзен №24 мектеп-лицейі


Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің «№24 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әдістемелік жұмыстары бойынша
2022/2023 оқу жылының атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есебі

2022/2023 оқу жылы


Лицейдің 2022-2023 оқу жылына жұмыс жоспарының талдауы


1.1. Оқу қызметінің талдауы

2022-2023 оқу жылында лицейдің педагогикалық ұжымы келесі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды:



  1. Лицей оқушыларының білім сапасын арттыру:

а) оқушылардың білім беру стандарттарының мазмұнын меңгеруі;
б) оқытудың саралау нысанын жетілдіре отырып, оқушының жеке ерекшеліктерін дамыту;
в) оқушыларда білімдерін әртүрлі деңгейдегі зияткерлік конкурстарда қолдана білу біліктерін қалыптастыру;
г) заманауи ақпараттық технологияларды қолдану;
д) 10-11 сынып оқушыларына бейіндік оқу үшін қажетті негіз құру;
е) диагностика бойынша жұмысты жалғастыру:

ж) қосымша білім берудің ұйымдастыру-педагогикалық ахуалын оңтайландыру негізінде, пәндер бойынша сабақтантыс қызмет жүйесін жетілдіру;
з) мұғалімнің кәсіби құзіретін жетілдіру.
2.Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында, рухани дені сау, физикалық дамыған тұлға қалыптастыру:
3.Лицейдің материалды-техникалық базасын дамыту.
24 мектеп-лицейінің әдістемелік кеңесі бойынша жұмысының есебі.
2022-2023 оқу жылы


1. Мектептің әдістемелік жұмысының жүйесі бойынша
Мектепте әдістемелік жұмысты әдістемелік кеңес басқарады.
Әдістемелік жұмыс үш түрлі қызмет атқарады:
1. Әр ұстаздың педагогикалық әрекетке шеберлігін қалыптастырудағы тәсілдер
2. Сапалы білім беру – жеке тұлғаның қалыптасуы, өз бейнесін: қайталанбас даралығын, руханилығын, шығармашылық бастамасын тану
3. Педагогтің кәсіпқойлығы, оның біліктілігі, тұлғалық даму деңгейі, көзқарасы, үдерістер, көбіне білім беру үдерісінің өзін анықтайды Озық және жаңа педагогикалық іс-тәжірибелер жетістіктерін енгізу.
Әдістемелік жұмыстың түрлері: 1. Жалпы мектеп бойынша өткізілетін шаралар (әдістемелік кеңес, педкеңес, семинар, педоқу, ғылыми-практикалық конференция).
2. Топпен өткізілетін шаралар (пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктер).
3. Жеке жүргізілетін шаралар (мұғалімдердің өздігінен білімін жетілдіруі).
Мектепте озық педагогикалық технологияны жинақтау мақсатты, жоспарлы, ұйымдастырылған түрде әдістемелік кеңесте жүзеге асады. Мектепте білім сапасын арттыру мұғалімдерден басталады, ұстаздардың іс-тәжірибесіне қажетті технологияны таңдап алу, оның өсу деңгейін бақылап отыру ісін ұйымдастыру, авторлық бағдарламаларды жасауға басшылық ету, жаңа педагогикалық технология бойынша ұстаздармен ғылыми жұмыстар жүргізу мақсатында «Табыс» орталығы құрылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет