Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің және оған қарасты мекемелердің 2016 жылдық есебі
2016 жылы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 3 клубтық мекемесі және Қызылсай, Теңге ауылдары мен қала шағын аудандарында бөлімшелері бар орталық кітапхана,облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Жаңаөзен қалалық филиалы қала тұрғындарына әдеби-мәдени қызмет көрсетеді. «Өнер» мекемесі жанындағы «Мұнайшы» мәдениет үйінде 26 өнер ұжымы мен 35 үйірме, «Шаңырақ» МҮ -5 өнер ұжымы мен 4 үйірме, «Ата мұра» МҮ-6 үйірме, 4 ұжым жұмыс жасайды.
Елбасымыздың Қазақстан Халқына Жолдауындағы басым бағыттарды іске асыру мақсатында тұрғындардың мәдени әлеуетін арттыру, мәдени бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында біршама істер атқарылды. Осы орайда, 2016 жыл бойы қала және іргелес елді мекендер тұрғындары үшін дәстүрлі және атаулы мерекелерге арналған ірілі-ұсақты мәдени-көпшілік шаралар, дәстүрлі өнер сайыстары ұйымдастырылып өткізілді. «Мұнайшы» МҮ «Халықтық атағы» бар 7 ұжым: «Гүлдәурен» би ансамблі, «Асыл-Мұра» фольклорлық ансамблі, Ұлт-аспаптар оркестрі, «Домбыра сазы» фольклорлық ансамблі , «Мерей» ВИА, «Ай-Ару» тобы және «Керуен» тобы алдағы жылы да қала және іргелес елді мекендерге концерттерін қойып, республикалық, халықаралық т.б. өнер сайыстарына қатысу жоспарлануда.
Орталық қалалық кітапхана тарапынан ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмектер тұрақты көрсетіліп келеді. 2016 жыл бойы тұрақты оқырман саны-15726, келушілер саны-125732, кітап берілімі-378305, мәдени шаралар саны-273|58, қатысушылар саны-6279. 2016 жылы кітап қорын толықтыруға 4 100 304 теңгежұмсалды. Соның ішінде мерзімді басылымдарға 1405000 теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша 3021304теңге. Келіп түскен жаңа әдебиеттер саны 2697/2065 дана кітап. Соның ішінде мемлекеттік бюджеттен 536/279 дана, мемлекеттік тапсырыспен 2161/1786.
Кітапхана қорының РАБИС бағдарламасы бойынша енгізілуі – барлығы 42381 дана енгізілді, оның ішінде 2016 жылы РАБИСКе 459 атаумен 2697 дана кітап енгізілді.
Жаңаөзен орталықтанған кітапханалар жүйесінің 01.01.2017 жылғы кітап қорының саны 150113 дана, оның 66144 данасы қазақ тілінде. Кітап қорының сомасы 43838911т. 2016 жылы кітап қорын толықтыруға 4 100 304 теңге жұмсалды. Осы қаражатқа 2697 дана, соның ішінде қазақ тілінде 2065 дана жаңа кітаптар сатып алынды.
Клубтық мекемелердің материалдық базасы, Жаңаөзен орталықтанған кітапханалар жүйесінің кітап қорының саны жыл сайын нығайтылуда.
«Мұнайшы» МҮ тарапынан да жаңадан құрылған ауылдық мәдениет үйлеріне,кітапханаларға әдістемелік көмектер көрсету, оның ішінде жылына 2 (екі) рет мәдениет үйлері мен кітапхана қызметкерлеріне арналған семинарлар ұйымдастырылып, халық арасынан жас таланттарды табу, олардың өнерге деген құштарлығын арттыру мақсатында жұмыстар атқарылуда.
Мәдениет қызметкерлері мен жекелеген өнерпаздардың ынтасын арттыру мақсатында тәжірибе алмасу, олардың шығармашылық еңбектерін ел арасында тарату, үздік шығармаларын насихаттау жұмыстары жалғасын табуда.
Жаңаөзен қаласының тұрғындарының саны -141 961 адам.
2016 жыл қала және оған іргелес елді мекендер тұрғындары үшін дәстүрлі және атаулы мерекелерге арналған 361 мәдени-көпшілік шара, дәстүрлі өнер сайыстары ұйымдастырылып өткізілді.Қамтылған көрермендер саны –105813 адам, қатысқан көркемөнерпаздар саны 5746 адам.
Жаңаөзен қаласы және оған іргелес ауылдардағы Мәдениет үйлеріндегі үйірмелер саны – 45/785 қатысушы, ұжымдар саны -35/499 өнерпаз. Барлығы: клубтық құрылым саны -80/1284 қатысушы өнерпаз. «Мұнайшы» МҮ - 26 өнер ұжымы мен -35 үйірме, «Шаңырақ» МҮ - 5 өнер ұжымы мен 4- үйірме, «Ата мұра» МҮ- 6үйірме, 4 ұжым жұмыс жасайды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 2014 жылы «Атамұра» МҮ Эзджанов Асылбек, 2015 жылы «Шаңырақ» МҮ Бітімбаева Маржан жас маман ретінде жұмысқа орналасты.
2013-2014-2015-2016 жылдарда өткізілген шаралардың салыстырмалы нұсқасы
№
|
Іс – шаралар атауы
|
2013 жылы
|
2014 жылы
|
2015жылы
|
2016 жыл
|
1.
|
Өткізілген шаралар саны
|
200
|
250
|
353
|
361
|
2.
|
Көрермен саны
|
48644
|
83129
|
101329
|
105813
|
3.
|
Көркемөнерпаздар саны
|
3699
|
4148
|
4232
|
5746
|
Жаңаөзен қаласы және іргелес ауыл МО-ғы 2016 жылы өткізілген
іс-шаралар саны
№
|
Мекеме атауы
|
Өткізілген шаралар саны
|
Көрермен саны
|
1
|
«Өнер» МКҚК
|
216
|
72194
|
2
|
«Атамұра» МКҚК
|
45
|
16800
|
3
|
«Шаңырақ» МКҚК
|
42
|
10540
|
4
|
Кітапхана
|
58
|
6279
|
|
Барлығы
|
361/273
|
105813
|
Мәдениет ошақтарында 2014-2015-2016 ж.ж. өткізілген
шаралардың салыстырмалы нұсқасы
«Өнер» МКҚК 2016 жылы ақылы қызметтен 4000.0 мың теңге, жергілікті бюджеттен –105544,0 және республикалық бюджеттен –20 957,0 мың теңге, материалдық – техникалық база –1169200,0 мың теңгені құрады. Ақылы қызметтен түскен, жергілікті бюджеттен бөлінген, материалдық техникалық базаға бөлінген қаржы көрсеткіштері
Жылдар
|
Ақылы қызметтен түскен қаржы
|
Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы
|
Материалдық техникалық базаға бөлінген қаржы
|
2014 ж.
|
9 464 000.00
|
106 820 000,0
|
4 173 000,00
|
2015 ж
|
7 750 000,0
|
101 104 000,0
|
5 017 000,0
|
2016 ж
|
4 000 000.0
|
1055440,0
|
1169200,0
|
Теңге ауылы «Атамұра» МҮ ақылы қызметтен түскен, жергілікті бюджеттен бөлінген, материалдық техникалық базаға бөлінген қаржы көрсеткіштері
Жылдар
|
Ақылы қызметтен түскен қаржы
|
Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы
|
Материалдық техникалық базаға бөлінген қаржы
|
2014 ж
|
486.500
|
26 106. 00
|
-
|
2015 ж
|
185 000
|
27 231.00
|
2 000 000
|
2016 ж
|
308 000
|
31 738.00
|
-
|
Достарыңызбен бөлісу: |