Жаңартылған білім беру бағдарламасы



бет1/4
Дата27.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#155339
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
слайды 1111

Жаңартылған білім беру бағдарламасы

Орындаған: Салық Арнагүл

Кәкің Сымбат

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты – білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі: 1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі. 2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы; 3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі 4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру; 5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру 6. Білімберу деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою; 7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы; 8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ- ны қолдану , коммуникативті қарым–қатынасқа түсу, жеке, топта, жұпта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықпен қолдана білу.


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
І Жалпы мәлімет
  • 1. Пәннің маңыздылығы
  • 2. Оқу бағдарламасының мақсаты
  • 3. Үштілділік саясатын жүзеге асыру
  • 4. Оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
  • 5. Педагогикалық әдіс-тәсілдер
  • 6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет