Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты – білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі: 1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі. 2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы; 3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі 4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру; 5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру 6. Білімберу деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою; 7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы; 8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ- ны қолдану , коммуникативті қарым–қатынасқа түсу, жеке, топта, жұпта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықпен қолдана білу.
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ І Жалпы мәлімет
1. Пәннің маңыздылығы
2. Оқу бағдарламасының мақсаты
3. Үштілділік саясатын жүзеге асыру
4. Оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
5. Педагогикалық әдіс-тәсілдер
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін