Жаңартылған білім беру жағдайында оқыту үрдісін топтық ЖҰмыс арқылы ұйымдастырудың тиімділігі



бет1/2
Дата10.05.2020
өлшемі22,77 Kb.
#67000
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Бүгінгі


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚЫТУ ҮРДІСІН ТОПТЫҚ ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Бүгінгі  таңда  елімізде  білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.  Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құру және коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу болып табылады десек, оларды жүзеге асырудың бір жолы – оқыту процесінде топтық оқытуды қолдану болып табылады.

Жаңа қоғамға қажетті тұлғаны дайындауда топтық оқытудың қажеттілігі өмір талабы екендігі айқын сезіледі.

Оқытудың топтық формасы деп – оқу тапсырмасын бірігіп орындау үшін сынып базасында құрылған жұмысшы топтардың іс-әрекетін ұйымдастыру түрін айтады. Топтық оқытудың басты мақсаты – оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту. Топтық жұмыстар – оқушылардың танымдық қызмет үдерісіне көтеріңкі көңіл-күймен   қатысуын, зерттеу тақырыбын түйсініп, терең зерделеуді, алынған білімнің тұтастығы мен оқушылардың танымдық белсенділігін қамтамасыз етеді.

Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу үдерісіне қарағанда, топтық жұмыс арқылы оқыту үдерісінде оқушылар көп мағлұмат алады, ойын үдерісінде жағымды эмоциялар алып, белсенділігі артады, сөздік қоры дамиды жеке тұлғаның қажеттіліктері қанағаттандырылады.

Дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыс – командада шығармашылықпен ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұрын әркім өз бетінше ізденіп жұмыстанып, белсенді балалар нәтижеге жетіп отырса, көмекке зәру бала өз ойының дұрыс бұрыстығына көз жеткізе алмай білмеген күйде қалып отырды. Топта оқушылар өз даралығын жоғалтпайды, қажетті жағдайда олар бір-бірінен көмек сұрап, ортақ міндеттерді шешеді.

Топтық жұмыс барысында топтасып постер дайындау, бірлесіп тапсырмаларды орындау, ресурстарды талдау жұмыстары барысында бір–бірімен ой бөліседі, өзінің білмегенін талқылау барысында тыңдау арқылы біледі, естігеніне қорытынды жасап, жүйелі талқылауға қатысады, бағалап, талдап, өз пікірлерін білдіре алады және бәрі бір тоқтамға келіп, берілген мәселені бірлесе отырып шешіп, оны қорғауға өз үлестерін қосады, тұжырым шығарады.

Топтық   жұмыс   формалары оқушы   тұлғасының танымдық қабілеттерін, танымдық процестерді дамытуға, оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға, тұлғаның қиындықтарға даяр болу және жеңе білу, танымдық, сыйласу, шығармашылық өзін-өзі өзектілендіруге   ықпал етуде алатын орны ерекше.

Топ – қазіргі адамның қоғамдық өмірін ұйымдастырудың басты тәсілі, оның ажырамас қасиеті болып табылады.

Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады

Топтық жұмыс дәстүрлі сынып-сабақ жүйесіне қарағанда оқушылардың бір-бірімен байланысын құруға мүмкіндік береді. Олар жеке жұмысқа қарағанда топтық жұмыста тапсырмаларды жақсы орындайды және сабақтағы психологиялық микроклимат жақсарады.

Топтық жұмыстың педагогикалық құндылығы – оның жалпы бала тұлғасын қалыптастыруға, оның ақыл-ой қабілеттерін дамытуға жағымды әсер етуінде.

Қазіргі мектепте топтық жұмыстарды ұйымдастыруды оқу үдерісін жандандыру және жылдамдату үшін пайдаланады.

Ғалым Шаталов топта жұмыс істеудің “сабақта қияр тұздау” сияқты әдісін ұсынады, яғни тұзды суға түскен қиярдың тұздалатыны секілді топтық жұмысқа қатысу арқылы білмегеніңді үйрену. Топта жұмыс істеу механизмін іске дұрыс қосқанда, оқушының білмегенін білуге ұмтылысы нәтижелі болады.

Топтық жұмыстар тиімді әрі көңілден шығу үшін жақсы ұйымдастыру қажет. Ол үшін:



  • Топтардың құрамын жиі өзгертіңіз, әрбір оқушы қалған барлық оқушылармен жұмыс жасай алатын болсын. Оқушылар тек өз достармен ғана жұмыс жасамауы керек. Ұлдар мен қыздардан немесе ұлты әр түрлі балалардан құралған аралас топтың жұмысы жақсы нәтиже көрсетеді. Топтың құрамын әр түрлі етіп өзгертуге болады.

  • Әрбір топ мүшелері өз ролін толық түсінгенін біліңіз. Мысалы: 1 нөмірлі сен хатшысың, 2 нөмірлі сен реттейсің деген сияқты т.б.

  • Оқушылар басқалардың да өз пікірін айту құқығын сыйлауы керек.

  • Оқушылардың барлығының жұмыс жасауына назар аударыңыз.

  • Жұмысын ерте бітірген оқушыларға жеке тағы да тапсырма беріңіз.

  • Топпен жұмыс жасау барысында оқушылар бір-бірін қорқытуы мүмкін. Мысалға сен мені қошта, болмаса маған 5 қой деген сияқты. Сондай бұзақылық жағдай болмау үшін бұзық оқушыларыңызға төреші, хатшы, реттеуші боласың деу керек.

  • Топпен жұмыс жүргізгенде жұмыс шуы болады. Ол үшін жұмыс жасау барысындағы шу мен күнделікті болатын шуды айыра білуіңіз керек.

  • Мұғалім – бақылаушы қызметін атқарады.

  • Оқушылардың мәселелерді толық талқылап жатқанын бақылау.

  •  Топқа бөліп жұмыс жасату ойын емес, бұл проблеманы, мәселені шешудің бірден – бір жолы екенін оқушыларды топқа бөлерде ескертіп өту қажет.

  • Топтық жұмысты жариялау кезінде тақтаға шығып сөйлеу қажет. Себебі, барлық оқушының назары сол баяндамашыда болады.

  • Топпен жұмысты барлық сыныпта қолданғаннан гөрі бір сыныпта жүргізіп, балаларды жаттықтырып алған жөн. 1. Топтың көлемі. Ресми топ салыстырмалы түрде үлкен болмау керек деген пікір бар. Кит Девис топтағы адамдар саны бесеу болу керек деп есептейді. Ральф Дэвис бойынша тамаша топ 3-9 адам.3. Топтық нормаларТоп басшылары топтың өзге мүшелеріне қарағанда өздерін басқаша сезінеді. Оларда топтық қызығушылықты бағындыратын топтық рух басым болады.

  • 4. Топтық сананы құру амалдары:

  • 2. Топтың құралы. Құрылу кезінде топта ұқсамайтын тұлғалар болу керек, бұл үлкен тиімділікке әкелуі мүмкін. Көптеген көзқарастар және қабылдаулардың көмегі өз жемісін береді.

  • Топтардың тиімділігіне ықпал ететін факторлар:

  • мақсатқа сенімділік;

  • мүшелердің бір-біріне сенімділігі;

  • жетекшіліктің оңтайлы стилі;

  • басқаруға қатысу.Топтық уақыт өткізудің мәні мен жалпыға ортақтығын Д.Картрайттың және А.Зандердің мына сөздері дәлелдейді: “егер … болжамдық марстық адам Жерді бір қарап шықса, ол, мүмкін, жер адамдарының бір нәрсені топта жасап, өз уақытының сонша бөлігін бірге өткізетініне таң қалатын шығар?”Топтық жұмыс формалары оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға, оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға, тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оларды жеңе білу, танымдық, сыйласу, шығармашылық өзін-өзі өзектілендіруге ықпал етуде алатын орны ерекше.

  • Г.А. Цукерман әлемде жүргізілген зерттеулерді жалпылау кезінде, топтық оқу іс-әрекетіндегі келесі мәселерді көрсетеді:

  • Бүгінгі таңда топтық жұмыс оқыту үдерісінің тиімді тәсілдерінің бірі деп есептеледі. Ол сабақта табиғи тілдік қатынас жағдайын құруға әсер етеді, оқушыларды оқу үдерісіне белсенді қатысуға еріксіз тартады, ынталандырады, оқып-үйренуге деген қызығушылығын тудырады. Сондай-ақ, топтық жұмыс оқушылардың өздерін сенімділікке тәрбиелейді, өзін-өзі ортада ұстай білуге, бірін-бірі тыңдауға, сыни ойлануға, пікірлердің сан алуан болатындығын жақсырақ түсінуге үйренеді, өз пікірін айтуға құқығының бар екенін сезінеді.

  • Сынып-сабақ жүйесінің жалпыдан жеке және топтық формаға өтуі мода емес, бұл заман талабы.

  • балалардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық деңгейі өседі;

  • оқушылар арасындағы өзара қатынас сипаты өзгереді;

  • оқушылар маңызды әлеуметтік дағдыларға ие болады: әдеп, жауапкершілік, басқалардың позициясын есепке ала отырып, өз мінез-құлқын қалыптастыру іскерлігі,

  • қарым-қатынастың гуманистік түрткілері;

  • мұғалім топқа бөлуде балалардың өзара бейімділіктерін, олардың дайындық деңгейлерін, жұмыс қарқындарын есепке ала отырып, оқытуда дараландыру мүмкіндігін алады.

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет