Жаңартылған мазмұндағы "Жаратылыстану" пәнін оқыту әдістемесі
пәні бойынша практикалық сабақтарға
әдістемелік нұсқау
Мамандық: 6В013 - Пәнсіз мамандандыру мұғалімдерін дайындау (Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі)
Оқыту түрі: күндізгі
КІРІСПЕ
Пәнді оқыту барысында студенттерге болашақ мамандықтарына қажетті білім, іскерлік, дағды және ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа технологияларды меңгеру, Жаңартылған мазмұндағы "Жаратылыстану" пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін, оқытушыға қажетті сабақ жоспарын, өткізу барысын, әдіс-тәсілдерін және оқыту формалары туралы білімін бекіту. Болашақ маман ретінде жауапты іс-әрекеттерді орындату. Олардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білуге бағыттау.
Студенттер практикалық сабақта келесідей тақырыптарды қамтиды: Жаңартылған мазмұндағы "Жаратылыстану" пәнін оқыту әдістемесі пәні педагогиқалық ғылым; Жаңартылған мазмұндағы "Жаратылыстану" пәнін оқыту әдістемесі пәні басқа ғылымдармен байланысы; жаратылыстану пәнін оқытудағы қазіргі кезеңдегі өзгерістер, талаптар, оларды іске асыру жолдары; жаратылыстану пәнінің мазмұны, оған байланысты оқытудағы әдістемелік ерекшеліктер; жаратылыстану пәнінің оқушы тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудағы рөлі; оқушының пәндік компитенттілігін қалыптастырудың жолдары; оқыту әдістері мен тәсілдері, қазіргі кездегі оларға қойылатын талаптар; оқыту нысандары, оладың ерекшеліктері; оқушылармен, топпен, жеке және сыныппен өткізілетін жұмыстардың ерекшелігі; материалдық база, оның маңызы; оқушының білім-білігін, дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары; қазіргі кездегі кіші комплектілі мектептер жағдайлары, олардағы жұмыстарды талдау.
Практикалық сабақтар келесі түрде өтеді: семинарлар, дөңгелек үстел, іскерлік ойын, пікір-сайыс, рөлдік ойын, тренинг.
Практикалық сабақтар студентті өздігінен жұмыс істеуге үйретеді, ойлау қабілетін арттырады, сондықтан сабаққа нұсқаудағы сұрақтарға толық жауап беріп және тәжірибе жүргізу үшін кейбір өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясының мәнін анықтамалық кітаптан тауып, жазып келуі керек. Сол жағдайда ғана тәжірибелік жұмысқа толық қорытынды жасауға болады.
Практикалық сабақта берілетін тапсырмаларды орындау барысында студенттердің назарында болуы керек:
- практикалық тапсырмаларды орындауға қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
- біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уакыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
- нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
- алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
- оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
- анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Практикалық (лабороториялық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Сағат саны
|
Апта
|
Өткізу түрі
|
1
|
Жаңартылған мазмұндағы "Жаратылыстану" пәнін оқыту әдістемесі пәні педагогиқалық ғылым.
|
3
|
1
|
Семинар
|
2
|
Жаратылыстану әдістемесінің революцияға дейінгі, кейінгі және қазіргі кездегі дамуы
|
4
|
2, 3
|
Ролдік ойын
|
3
|
Жаратылыстану пәнін оқытудағы қазіргі кезеңдегі өзгерістер, талаптар, оларды іске асыру жолдары
|
2
|
4
|
Дөңгелек үстел
|
4
|
Жаратылыстану пәнінің мазмұны. Жаратылыстану сабақтарында қалыптасатын ұғымдар.
|
3
|
5
|
Тренинг
|
5
|
Жаратылыстану пәнінің оқушы тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудағы рөлі.
|
2
|
6
|
Семинар
|
6
|
Оқушының пәндік компитенттілігін қалыптастырудың жолдары.
|
2
|
7
|
Рөлдік ойын
|
7
|
Оқыту әдістері мен тәсілдері, қазіргі кездегі оларға қойылатын талаптар.
|
3
|
8,9
|
Дөңгелек үстел
|
8
|
Оқыту нысандары, оладың ерекшеліктері.
|
2
|
10
|
Тренинг
|
9
|
Оқушылармен, топпен, жеке және сыныппен өткізілетін жұмыстардың ерекшелігі.
|
2
|
11
|
Іскерлік ойын
|
10
|
Материалдық база, оның маңызы.
|
2
|
12
|
Семинар
|
11
|
Оқушының білім-білігін, дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары.
|
2
|
13
|
Пікір-сайыс
|
12
|
Қазіргі кездегі кіші комплектілі мектептер жағдайлары, олардағы жұмыстарды талдау.
|
3
|
14,15
|
Пікір-сайыс
|
|
Барлығы
|
30
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |