Жабдықтау: табиғат туралы даналық сөздер, плакаттар, суреттер, тесттер



Дата08.02.2022
өлшемі18,65 Kb.
#124865
Байланысты:
экология1


Мен және табиғат»
Сынып сағатының тәрбиелік мақсаты: табиғатқа деген рухани - саналы қарым - қатынасты құрастыру, адамның табиғаттың бір бөлшегі екендігін дәлелдеу, оқушылардың экологиялық мәдениетін, адамгершілік ізгілігі мен жауапкершілігін, табиғат қорғаудың ғылыми - теориялық негізін экологиялық тұрғыда түсіндіріп, оқушының өз өлкесіндегі, жалпы дүниедегі табиғатқа деген парасатын, жауапкершілігін тәрбиелеп, арттыру.

Оқушыларды азаматтық қозғалыс деген ұғыммен және Семей полигонының даму тарихымен таныстыру. Адам табиғаттың бір бөлігі екенің, табиғаттың күйреуі адамзаттың жоғалуына әкеліп соғатынын түсіндіру, жеткізу. Оқушылардың азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, қозғалыстың туу тарихымен таныстыру. Семей полигонынан мағлұмат беру, қазіргі таңдағы адамзат алдында тұрған экологиялық проблемаларды шешу жолдарын көрсету.


Жабдықтау: табиғат туралы даналық сөздер, плакаттар, суреттер, тесттер.
Өткізу нысаны: әңгімелесу, пікір алмасу, тест, заң баптары.
Дайындық жұмысы:
1. Тақырыпқа байланысты материал жинақтау
2. Оқушылармен сөйлесу
3. Көрнекіліктер дайындау

Көркемдеу мақсатында ілінетін сөздер:


1. ҚР Заңының 38 бабы: Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыптылықпен қарауға міндетті
2. Жер тағдыры – ел тағдыры
3. Адам – табиғаттың бір бөлшегі
4. Табиғат адам үшін жаратылыпты

Бар қызық табиғаттан таратылыпты


Сынып сағатын өткізу жоспары:
1. Мұғалім сөзі.
2. Оқушылар дайындаған материалды оқу, талқылау
3. Пікір алмасу. Суреттерді талқылау
4. Тест сұрақтарына жауап беру, талқылау
6. Қорытынды

СЫНЫП САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ


Мен таптым табиғаттан кемелдікті,
Пәктікті, ұлылықты, шеберлікті.
Әлі тұр айналамда жоғалмастан,
Жоғалып кетсе дағы нелер мықты...
(Б. Алдамжаров)

1. Мұғалім сөзі:


- Сәлеметсіздер ме?
- Ұлдар, қыздар жан жақтарыңа қараңдаршы. Қабырғада ілініп тұрған сөздерге назар аударып, оқыңдар (ұқпаған сөздерді түсіндіреді)
- Бүгінгі тақырып табиғатқа, Жер экологиясына, оның ішінде Қазақстан экологиясына яғни біздің өлкеміздің экологиясына арналғанын ұққан шығарсыңдар.
- Экология деген не?
(оқушылар пікірін тыңдау)
Экология - «эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді. Ал енді, біз табиғаттың бөлшектерін қарастырып шығайық. Қоршаған ортаның экологиясын зерттейік.

2. Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмірлік өзегі, аңсар арманы - таза ауа


Болмасын ауа ешкімнің арман, мұны,
Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы.
Ойлашы, кімге боламыз біз,
Жұтудан таза қалған күні.
Бола алмас аспан ұя зауалына,
Жауларды тартар уақыт жауабына.
Бомбасын жер мен суда сынатпаймыз,
Улауға жол бермейміз ауаны да.

Экологиялық ауа проблемаларды атаңдаршы? Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі неде?


- орманды жою;
- атмосфераға жыл сайын 30 миллиондай ластаушы заттар лақтырылады;
- Көлік ауаны, қоршаған ортаны ластай ма? (оқушыларды тыңдау)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет