Жағдаяттар (ата-ана үшін) Қызыл түстегі



Дата17.03.2020
өлшемі16,5 Kb.
#60373
Байланысты:
отбасы жағдаят

Жағдаяттар (ата-ана үшін) Қызыл түстегі

1-жағдаяттар: «Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»

2-жағдаяттар: «Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» — дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»

Көк түстегі

1-жағдаяттар: «Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді.Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті.Марат үйге келіп шағым айтты.Ата – анасы сөзге келместен директорға кіріп шағымын айта бастады.Ата – ананың бұл әркеті дұрыс па? Сіз қалай әрекет етер едіңіз?»

2-жағдаяттар: «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», — деді. Сіздің әрекетіңіз?

Ақшыл түстегі

1-жағдаяттар: Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», — деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға берудегі сіздің әрекетіңіз?

2-жағдаяттар: Біз үш бала тәрбиелеп отырған жанұямыз. Екеуіміз де жұмыссыздар қатарындамыз. Оқта-текте жалдамалы, жеке жұмыстар кездесіп қалып жатады. Оның өзі отбасы қажеттілігінен ауыспайды. Дегенмен де балаларымызды қатарынан қалдырмай, барымызша асырап, тәрбиелеп келеміз.

5-сыныпта оқитын қызымның қалауын жасай алмағаным жаныма қатты батады. «Сыныптағы қыздардың бәрінде ұялы телефон бар, тек қана менде жоқ» деп, күнде «әпер» деп мазамызды ала бастады. Соның кесірінен сабаққа да барғысы келмейді. Біздің жағдайымыз болса мынау. Не істеуге болады? Қыз баланың көңілін қалай аулайсыз?

Сары түстегі

1-жағдаяттар: Бір нәрсеге ашулы 11 жасар ұлы мектептен келе сала: «Жаман мектеп! Мұғалімдердің бәрі әділетсіз! » деп күйіп піседі. Баланың бастан кешкен сезімі? Сіздің әрекетіңіз?

2-жағдаяттар: 1- сыныпта оқитын қызы: «Математикадан болатын бақылау жұмысынан қорқамын» — дейді. . Баланың бастан кешкен сезімі? Сіздің әрекетіңіз?

Жасыл түстегі



1.Балаңыз күнде сабаққа баратындығын жақсы білесіз.Күндердің бір күнінде сынып жетекші сізге қоңырау шалып,балаңыздың 2-3 рет сабаққа келмегенін айтты.Балаңызбен сөйлесуді сұрады.Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады?

2.Ата-ана баланың пікірімен санаспай өз бетінше шешім қабылдауға құқыңыз бар ма?(өз ойыңыз,пікіріңіз).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет