Науқаста капиллярлы-трофикалық жетіспеушілік дамуы мүмкін бе? Жауабыңызды негіздеңіз.
Науқаста капиллярлы-трофикалық жетіспеушілік дамуы мүмкін деп ойлаймын. Себебі:ол тор қабықтың айналасындағы капилярлардың қызметінің тоқтауынан немесе бұзулуынан болуы мүмкін.Осы бұзылыс салдарынан сол аймаққа оттегі мен қоректік заттардың тасымалдануыда бұзыладыда салдарынан тіндер ашығуға ұшырайды немесе некрозданады тіндер өледі.
Коллоквиум № 1 «Жалпы нозология» бөлімі
Билет № 9а
Тапсырма 1. Атом электрстанциясының қызметкері жабдықтың сынуына байланысты 8,5 Гр жалпы дозада бір реттік сәулелік зақымдануға ұшырады. Зардап шегуші қысқа мерзімге есінен танып қалған. Жалпы әлсіздікке, бас ауруына және іштің ауыруына, құсуына, дене қызуының 38,70С дейін жоғарылауына, қан қоспасы бар диареяға шағымданады.
Жалпы қананализі. Нb - 140 г/л, эритроциттер - 4,5·1012/л, ретикулоциттер – 2,3%. Лейкоциттер - 18,2·109/л: эозинофильдер – 1%, базофильдер - 0%, т/я нейтрофильдер – 11%, с/я нейтрофильдер - 72%, лимфоциттер - 7%, моноциттер - 9%. Тромбоциттер - 210,0·109/л. Қан жағындысында гипер сегменттелген нейтрофилдер анықталды.
Науқаста қандай ауру дамыды? Оның себебі қандай? Ол этиологиялық факторлардың қандай тобына жатады? Осы себептік факторға сипаттама беріңіз.
Науқаста дамыған ауру-“Жіті сәулесоқ ауруы”.Себебі: 8,5 Гр жалпы дозада бір реттік сәулелік зақымдануға ұшыраған соң науқас жіті сәулесоқ ауруына сайқысқа мерзімге есінен танып қалған және де сәйкес клиникалық көрсеткіштерге :жалпы әлсіздікке, бас ауруына және іштің ауыруына, құсуына, дене қызуының 38,70С дейін жоғарылауына, қан қоспасы бар диареяға шағымданған.Ағзадағы бұзылыстар сәулелік зақымданудан орын алғандықтан,бұл этиологиялық фактордың экзогендік түріне,оның ішінде физикалық экзогендік түрге жатады.Иондағыш сәулелерге сипаттама беретін болсақ: биологиялық белсенділігі өте жоғары болатын,бүліндіргіш әсері сәулеленген дене қабатының аумағына,организімнің даралық реактивтілігіне,адамның жасы мен жынысына және сәулеленуге дейінгі организімнің жалпы күйіне байланысты болатын физикалық фактор болып табылады.Иондағыш сәулелер организімнің жергілікті және жалпы бұзылыстарына әкеледі және де иондағыш сәулелердің бүліндіргіш әсері шартты түрде 3 кезеңге бөлінеді:
1-иондағыш сәуленің алғашқы әсері
2-радиацияның жасушаларға әсері
3-радиацияның тұтас организімге әсері.Сонымен қатар ұдайы жаңарып өсіп отыратын сүйек кемігінің қан өндіретін тіндері,жыныстық бездер,ас қорыту жолдарының эпителийлік жасушалары және т.б –лар иондағыш сәулелердің әсеріне өте сезімтал болады.Организімде сәулелік әсер етуден кейін дамитын клиникалық белгеілер мен өзгерістер тікелей сәулеленудің Гр дәрежесіне пропрционал болады,және осыған байланысты сүйек-кемігінің синдромы,ішектік түр,қан тамырлық және церебралдық түр деп жіктелінеді.
Науқаста дамыған аурудың түрін атаңыз. Пациентте осы ауру ағымының қандай фазасы (кезеңі) байқалады? Науқастағы лейкоциттердің жалпы санының өзгеруі неге әкелуі мүмкін? Жауабыңызды негіздеңіз.
Атом электрстанциясының қызметкері жабдықтың сынуына байланысты 8,5 Гр жалпы дозада бір реттік сәулелік зақымдануға ұшырағандықтан,яғни сәулелену мөлшері 1-10Гр арасында болғандықтан науқаста дамыған ауру түрі-“Жіті сәулесоқ ауруы”(Бұл кезед сүйек кемігінің бүліністері байқалады сондықтан-сүйек кемігі синдромы дейді).Пациенттергі клиникалық көріністерге: жалпы әлсіздікке, бас ауруына және іштің ауыруына, құсуға, дене қызуының 38,70С дейін жоғарылауына, қан қоспасы бар диареяға сүйене отырып аурудың жалпы 4-кезеңінің,3-ші кезеңінде,яғни-аурудың айқындалу сатысында деп айта аламыз.Сонымен қатар,айқындалу сатысына сай орын алатын ішек-қарын жолдарына қан-құйылулар мен қан кетулер -бізге ұсынылған пациенттеде байқалуда,онда ол іш ауруымен және қан қоспасы бар диареямен көрсетілген,бұл да ауру ағымының айқындалу сатысында екендігін дәлелдейді.
Ауру ағымына сәйкес,лейкоциттердің жалпы саны өсуін жалғастыратын(нейтрофилдік лейкоцитоз) болса ол бастапқыда қатты асқынуларсыз,тек кейбір клиникалық көріністермен байқалады,ал егерде 100 000 / мкл-ден асатын лейкоцитоздың соңғы түрі лейкостаз болып табылады . Бұл формада лейкоциттер өте көп болады және олардың жинақталуы қан ағымын тежейді . Бұл ишемиялық проблемаларға, соның ішінде өтпелі ишемиялық шабуыл мен инсультқа алып келіп соқтырады .
Патогенездегі бос-радикалды тотығу процестерінің рөлін есепке ала отырып, осы аурудың даму механизмдерін көрсетіңіз. Жасушалардағы қандай қорғаныстық-компенсаторлық механизмдер осы ауру кезінде зақымданудың алдын алуға және жоюға бағытталған?
Аурудың даму механизімі 3 кезең бойынша жүзеге асады.Бірінші кезең-иондағыш сәулелердің алғашқы әсері.Бұл кезеңде атомдар мен молекулалар ионданып,белсенді бос радикалдар мен суректің асқын тотығы пайда болады.Пайда болған бос радикалдар жасуша қабықтарындағы май қышқылдарының асқын тотығуына және де гидроасқын тотықтардың түзілуіне алып келеді.Химиялық реакциялардың осылайша жүруі ішкі ағзалар мен мембраналардың бүлінуіне алып келед.Әртүрлі жасушалардың мембраналық бүзілістері,түрлі өзгерістерді туындатады.Мысалы:митохондияның мембранасының зақымдалуы энергияның түзілуінің азаюына алып келеді,бұл өз кезегінде науқастағы жалпы әлсіздікпен көрініс табады.Осы кезеңнің бастамасымен ары қарай 2-ші кезең радиацияның жасушаға әсері және 3-радиацияның тұтас организімге әсері кезеңдері дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |