Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма



бет55/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#181267
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

3.Аллергияның емінің өзі спецификалық және бейспецификалық болып бөлінеді.
Спецификалық емі: аз дозамен аллергияны енгізу арқылы алдын алып,емдеу(1-типтегі аллергиялық реакцияға тән,Безредко әдісі)
Бейспецификалық:аллергияға қарсы препараттар,антимедиаторлық әсерлі дәрілер(димедрол, дипразин, фенкарол, димебон, бикарфен, перитол, супрастин, тавегил, лоратиден),антибрадикининді(пармидин, ангинин, продектин, гливанол)
Аллергия емінің біріншісі және ең дұрыс шарасы – аллергия шақыратын аллергеннен аулақ болу, яғни өзіңе жақпайтын аллергендерді анықтап, содан сақ болу. Екіншісі – аллерголог дәрігермен кеңесіп, дәрі-дәрмектермен емделу. Үшіншісі – аллергенспецификалық иммунотерапия қабылдау.
Билет № 7


Тапсырма 1.Жиһаз жасайтын фабрикадағы жұмысшылардың бас ауыруына, мұрынынан қан кетуіне, бет аумағының жансыздануына шағымданып дәрігерге қаралуы жиіледі. Дәрігерге тексерілуге келген жұмысшылардың мұрын қуысында ұсақ жаралар пайда болған және ісінуі байқалған. Осы топтағы жұмысшыларды тексеру барысында «Мұрынның сілемейлі қабығының обыры» диагнозы қойылды.


  1. Қандай типтік патологиялық процесс аурудың негізінде жатыр? Осылай орналасқан ісіктік процестің дамуымен жиһаз жасайтын фабрикадағы кәсіби зияндылықтың арасындағы байланыстың бар екенін болжауға болады ма? Осы патологиялық процестің дамуын тағы қандай этиологиялық факторлар тудыруы мүмкін?


  2. Осы типтік патологиялық процестің патогенезінің геномдық және эпигеномдық нұсқаларының мәні неде?.


  3. Осы типтік патологиялық процестің алдын алу мен емдеудің негізгі принциптерін атаңыз және сипаттаңыз. Жиһаз фабрикасында қандай алдын алу шаралары жүргізілуге тиісті?


Жауабы:
1.Жауабы:
  1. Аурудың негізіндегі типтік патологиялық процесс – өспе. Экзогенді, химиялық фактор әсерінен дамыған. Ісіктік процестің дамуымен жиһаз жасайтын фабрикадағы кәсіби зияндылықтың арасында байланыс бар деп болжауға болады. Өйткені, науқастардың жұмыс орнындағы ауыр металлдар, шаң, бояу құрамында (хошиісті көмірсутектер, аминдер, бейорганикалық химиялық заттар немесе аминдік азоқосындылары) болатын әртүрлі қауіпті көмірсутектер кездеседі, химиялық канцерогендердің әсерінен оларда бас ауыруы, мұрынынан қан кетуі, бет аумағының жансыздануы көрініс берген.


Өспе дамуының этиологиясына келетін болсақ, негізінен экзо - физикалық, химиялық, биологиялық факторлар әсерінен өспе дамиды.


Физикалық ықпалдарға – иондағыш, ультракүлгін, радийбелсенді сәулелерді атап айтуға болады. Олардың құрамындағы нейтрондар, протондар, сәулелердің канцерогендік әсері бар екені анықталған. Рентген сәулелерінің әсерінен адамдарда лейкоз, өспелер дамуы қазіргі таңда жиілеген.
Биологиялық ықпалдарының ішінде ДНҚ, РНҚ-нан тұратын вирустары ерекше орын алады. РНҚ-нан тұратын вирус ерекшелігі – кері трансриптаза ферменті арқылы гендік ақпарат вирустың РНҚ-нан жасуша ДНҚ-на жазылады.
Олар көбінесе тауықтардың Раус саркомасына, лейкоз, папилома тб дамытады.
Химиялық ықпалдарға – полициклді, ароматты көмірсулар(бензопирен – темекі), амиоазоқосылыстар, афлатоксин, уретан, ауыр металлдар.
  1. Өспе жасушаларының кариотипінде көптеген өзгерістер орын алғандықтан өспе жасушалары пайда болуына онконәруыздар синтезделеді. Хромосомалардың ауытқулары (делеция, транслокация тб), гендердің мутациясынан өспе жасушаларының кариотипі әр текті болады және мутациялар онконәруыздың генінің активациялануына алып келеді. Аталған жағдай – геномдық тұрақсыздық деп аталады. Осының әсерінен өспе түйінінде поликлоналды жасушалар жинақталады.


Гендердің қоздырғыш жүйесінің бұзылуының эпигеномдық механизмі жасушада белгілі бір жасушаның геномына жатпайтын және мутация тудырмайтын фактор пайда болады, бірақ геномның қалыпты реттелуінің тұрақты бұзылуын тудырады, бұл қатерлі ісіктердің бақыланбайтын синтезіне және жасушалардың өсуіне (көбеюіне) әкеледі. Яғни, вирус геномы жасуша ДНК-сына орнығады, мутация тудырмайды, бірақ онконәруыздарды кодтайды.


Мысалы, сүт безі қатерлі ісігінің кейбір ісік тудыратын вирустары онкоген ретінде ақуыз киназа ферменті болып табылатын көбею факторы рецепторының жасушаішілік бөлігін пайдаланады. Рецептордың жасушаішілік бөлігінің бұл вирус жұқтырған гені вирус арқылы өзгертіліп, бізге кодталған ақуыз киназасы үнемі белсенді түрде синтезделеді және вирус жасушада болған кезде жасуша рецепторының көбею факторымен әрекеттесусіз жасушаның көбеюін ынталандырады.
3) Жалпы емдеу принциптері туралы айтатын болсақ, бірінші әдіс-хирургиялық, ісік өсуінің бастапқы кезеңінде нәтижелі болады
2-әдіс сәулелі терапия - ісік жасушасында митоз жағдайында сәулелленуге сезімтал болады. Бұл әдісте жасуша көбеюін тежейді.
3-әдіс - дәрілік (химиялық) терапия, Антрациклиндік антибиотиктер қолдану.
Консервативті емдеудің негізгі әдістері гормональды мен химиотерапия болып есептеледі.
Гормондар және ісікке қарсы препараттар жасушаны бұзуға, не ісік жасушасының митозын тоқтатуға қабілетті болады.
Алдын-алу шараларына келетін болсақ, өндіріс орнында фильтр, қалдықтарды қайта өңдеуді дұрыстап ұйымдастыру керек. Жұмысшылардың жұмыс орнында бетперде (маска), қорғаныс киімін киюін қадағалау керек. Жұмысшылар арасындағы қауіп-қатер тобына жататын адамдар, созылмалы пневмониямен, 45 жастан үлкен шылым шеккіштер т.б. дәрігерге қаралып тұруы керек. Рентгенологиялық, цитологиялық қақырықты зерттеу жұмыстары жолға қойылуы тиіс.

Ауаның үнемі таза болуын, және жұмысшылардың гигиенасы да белгілі бір дәрежеде маңызды болып есептеледі.


Тапсырма 2. Науқас А., 7 жаста, әлсіздікке, тәбетінің жоқтығына шағымданады. Кешке қарай дене температурасы 37,3-37,6 О С-қа дейін жоғарылайды.
Балаға тері ішіне Манту сынамасы жасалынды. 72 сағаттан кейін туберкулинді енгізген жерде диаметрі 21 мм айналасы қызарған бөртпе пайда болды.


1.Ph.G.H.Gell и R.Coombs жіктеулері бойынша науқаста аллергиялық реакцияның қандай түрі дамыды? Бұл аллергиялық реакция жоғары сезімталдықтың қандай түріне жатады? Жауаптарды негіздеңіз. Манту рекциясының оң нәтижесінің даму механизмі қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет